Суицид -өзін өмірден қасақана айыру.Және оның себептері әр түрлі жағдайда қарастырылады.
Барлық әлемде басты назар аударылатын өзін-өзі өлтіру қазіргі кезде өзекті мәселе.Елімізде жасалған суицидтердің көрсеткішіне сүйенсек, соңғы бес жылдың ішінде статистиканың қатты өзгере қоймағанын аңғаруға болады. Мәселен, 2017 жылы – 3644 адам, 2018 жылы – 3542, 2019 жылы – 3805, 2020 жылы – 3526 адам өз-өзіне қол жұмсаса, биылғы 10 айдың ішінде 3353 азамат суицидтен көз жұмды. Мұншалықты ауыр проблеманың шешімі әлі де болсын табылмай келеді.
Ашық дерек көздерінде жарияланған ресми деректер бойынша бүгінде ДДСҰ құрамына кіретін 183 елдің ішінде тек 38 елде ғана мемлекеттік деңгейде қабылданған суицидтің алдын алу бағдарлама бар екен.Ал осы тұрғыда суицид бойынша орта Азия елдері арасында Қазақстан бірінші орында тұр.
Бұндай ауыр мәселенің түйіні қашан шешіліп,Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша қашан соңғы қатарға түспек?Бұл сауалдың жауабы әлі күнге дейін жұмбақ.
Нашақорлық– есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.Мұндай ауру адамға тума немесе тұмау секілді жұқпалы келмейді.Әр адамның таңдауына байланысты яғни адамның өзіне-өзі ойластырып алатын емі қиын дерт.Деректерге сүйенсек нашақорлықпен айналысу туралы статистикасы тұрақты емес.Бір жылы көрсеткіш әдеттегі нормадан жоғары болса,келесі жылы ол көрсеткіш екі немесе іш есеге жоғарылайды.Бір айта кететіні нашақорлыққа алып келетін есірткі сынды адам денсаулығына зиян келтіретін дәрі түрлерін сатуда немесе қолдануда заңға сәйкес жазалау процесі жүреді.Ұлыбритания,Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.Және Қазақстанда сәйкесінше нашақорлыққа қарсы күрес амалдарын қабылдаған.
2022 жылғы деректерге сүйенсек елімізде жыл басынан бері барлығы есірткіге қатысы бар 1 400 құқық бұзушы ұсталып,600-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық және 1 800-ге жуық қылмыстық әрекет анықталған.Сондай-ақ заңсыз айналымнан екі тоннаға жуық есірткі заты тәркіленген.
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі екі жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр. Жұмыссыздар саны бір жылда 0,6 пайызға - 450 мың адамға дейін азайған.
Қала мен ауылдағы жұмыссыздар арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Қалалардағы жұмыссыздық деңгейі жыл басында 5 пайыз болған, ал ауылдарда жұмыссыздық бір жылда 4,8 пайыздан 4,7 пайызға дейін қысқарған.
Жұмыссыз қалған азаматтарды мемелекет тарапынан көмек ретінде "халыққа қызмет көрсету орталығы" жұмыс тауып береді.Тіпті Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” заңы бар.Мемлекет үшін әрбір азамат еңбек жолын өтуге құқылы және міндетті.