2. «Отбасы», келесі тақырыпшаларда кеңінен ашыла түседі: «Отбасы құрамы»; «Туысқандық байланыстар»; «Отбасының күнделікті өмірі»; «Ұрпақтар арасындағы отбасылық қатынастар»; «Айналысатын іс түрлері»;бұл тақырыпшалар келесі типтік жағдаяттарда жүзеге асырылады:
Өз отбасыңыз туралы әңгімелеңіз; өзіңіздің серіктесіңізден оның отбасы, туысқандық байланысы және қарым-қатынастары туралы сұраңыз.
Қонақты отбасы альбомымен таныстырыңыз. Отбасыңызда кім жұмыс істейді, кім оқиды немесе басқа қандай іспен айналысатынын айтып беріңіз. Отбасылық шежірені салып, онда не бейнеленгені туралы әңгімелеңіз.
Белгілі тұлғаның (құрбыңыздың, көршіңіздің) отбасын сипаттаңыз.