2. «Қазақстан және тілін оқып жатқан елдер», төмендегі тақырыпшаларда кеңінен қарастырылады: «Қазақстан Республикасы мен тілін оқып жатқан елдердің ұлттық рәміздерінің тарихи-мәдени маңызы», «ҚР және тілін оқып жатқан елдердің мемлекеттік, зайырлы және діни мерекелері». Аталмыш тақырыпшалар типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар секілді мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесітиптік жағдаяттар ұсынылады:
«Сіздің шетелдік достарыңыздың отбасында бала дүниеге келді. Сіз тілін оқып жатқан елде бұл оқиғаны қалай мерекелейтіндігін білгіңіз келеді,
«Сіз өз еліңізде бұл оқиғаны мерекелеу дәстүрлері туралы әңгімелеңіз»,
«Сіздің шетелдік құрдастарыңыз Наурыз мерекесінде. Қонақтарды бұл мейрамды атап өту дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары қызықтырады: оларға бұны қалай қызықты етіп айтуға болады?».