2. «Заманауи тұрғын үй» тақырыбы: төмендегі тақырыпшаларда кеңінен ашыла түседі: «Тұрғын үй түрлері (қала, ауыл үйі, пәтер)», «Тұрғын үй салу», «Заманауи безендіру». Аталмыш тақырыпшалар типтік жағдаяттар, рөлдік ойындар секілді мәдениаралық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Қарым-қатынастың ауызша түрін жетілдіру үшін келесітиптік жағдаяттар ұсынылады:
«Оқу кезеңінде тұрғын үй сатып алу/жалға алу мүмкіндігі туралы ақпарат алынады»,
«Сіз шетелдік жоғары оқу орнына стажировкаға келдіңіз. Пәтерді жалға алу туралы хабарландыру беріңіз»,
«Қалаландырудың адамға деген жағымсыз ықпалын қандай тәсілдермен азайтуға болады деген сұрақ талқыланады»,
«Сіз қала сыртынан үй салып бітірдіңіз. Қала сыртындағы үйді жайластыру туралы дизайнерден кеңес сұраңыз».