Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата25.11.2023
өлшемі263,27 Kb.
#127475
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
175073 kaz 20231112



Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
құжатқа сілтеу QR-коды
«ЗҚАИ» ШЖҚ РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары 
білім министрлігі
Қазақстан Республикасы Ғылым 
және жоғары білім министрінің 
2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 
185 бұйрығы. Қазақстан 
Республикасының Әділет 
министрлігінде 2022 жылғы 15 
желтоқсанда № 31116 болып 
тіркелді
Министерство науки и высшего образования 
Республики Казахстан
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары 
үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 
жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН
:
1. «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 
жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17651 болып тіркелді) мынадай өзгерістер 
енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-2) 
тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстан тарихы» жалпы білім беру 
пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға 
сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы 
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында 
орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде 
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң 
департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-
шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан 
Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет