Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата25.11.2023
өлшемі263,27 Kb.
#127475
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
175073 kaz 20231112

Негізгі әдебиет:
1. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. 
– Том 2. – Алматы: Атамұра, 1997. – 345 б.
2. Кумеков Б.Е. Государство кимаков в IХ-ХI вв. – Алма-Ата, Наука, 1972. – 
695 с.
3. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» 
баспа үйі, 2014. – 520 б.
4. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. 
Астана: Астана Даму, 2006. – 256 б.
5. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских 
степей. Древность и средневековье. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004. – 
368 б.
6. Қазақстан тарихы (Қазақ елі). 1-2 кітап. – Алматы: Қазақ университеті, 
2016. – 458 б.
Қосымша әдебиет:
1. Бартольд В.В. Сочинения. Т.1: Туркестан в эпоху Монгольского 
нашествия. – М.: Издат. восточ. лит-ры, 1963. – 760 б.
2. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. – Алма-
Ата: Ғылым, 1989. – 296 б.
3. Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. – Саранск, 1960. – 252 б.
4. Оразбаева А.И. Формула государственности казахов. – М.: ИП Лысенко А.
Д. «PRESS-BOOK.RU», 2017. – 376 б.


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
5. Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. – Алматы: Елтаным, 
2014. – 360 б.
6. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом 
пути. – Алматы: Ғылым, 1998. – 216 б.
7. May T. The Mongol conquests in world history. – London, Reaktion Books: 
2012. –173 б.
8. История Казахстана в арабских источниках. Т. 1.– Алматы: Дайк-Пресс, 
2005. – 711 б.
9. История Казахстана в персидских источниках. Т. IV. – Алматы: Дайк-
Пресс, 2005. – 625 б.
10. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Т.1. – Алматы: Дайк-
Пресс, 2005. – 240 б.
3-блок. Жаңа дәуірдегі Қазақстан (XVIII - ХХ ғасырдың басы)
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси 
жағдайы.
Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан: зерттеудің жаңа әдіснамалық трендтері. 
Кезеңдеу. Тарихнама және дереккөздер. Қазақстан Ресей империясымен, 
ортаазиялық хандықтармен, Башқұртстанмен, Қалмақ хандығымен халықаралық 
қатынастар жүйесінде. Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың 
басқыншылық стратегиясы. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары. 
Ордабасындағы басқосу – өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу 
жолы. Әбілқайыр ханның бұртұтас қазақ әскерінің қолбасы болып сайлануы. 
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты 
шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы. Қазақ халқының ұлт-
азаттық күресіндегі қазақ батырларының рөлі. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери 
өнері: салыстырмалы талдау. Қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары.
Қазақстандағы отарлық дәуірдің басталуы
Қойбағар Қобаяковтың дипломатиялық миссиясы. Сейітқұл Қойдағұлов пен 
Құтлымбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі. Мырза Құтлы Мұхаммед 
Тевкелев басқарған Ресей елшілігі. Азаматтық мәселесі төңірегіндегі 
келіссөздердің барысы және түрлі саяси топтардың күресі. И.К. Кирилов жобасы. 
Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі. Қазақ хандары мен 


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдауы (XVIII 
ғасырдың 40 жылдары). Орынбор губерниясының губернаторы И.И. Неплюевтің 
саясаты. Әбілқайыр мен Орынбор әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастың 
шиеленісуі. 1740 жылдардың аяғында патша үкіметінің Әбілқайырмен 
келіссөздері. Әбілқайырдың өлімі. Хан билігін заңдастыру. Нұралы сұлтанды 
хандық лауазымға бекіту (1749 жылғы 13 сәуір).
1739-1741 жылдардағы жоңғар-қазақ соғысы. Абылайдың Жоңғармен, 
Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық 
өнері. Қытай мен Қазақстан арасындағы елшілік қарым-қатынастар. Қазақтар мен 
башқұрт көтерілісшілері.
ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері
Ресей империясы саясаты жүйесіндегі Орталық Азия. 1839 жылғы Хиуа 
жорығы және оның нәтижелері. Сырдария шекара сызығының белгіленуі.
Ұлы жүз сұлтаны Сүйік Абылайханұлының Ресей бодандығын қабылдауы. І 
Александрдың Ұлы жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдағаны туралы 
Құрмет грамотасы. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын 
қабылдауы. Іле аймағын отарлау. Алатау округінің құрылуы. В. Перовскийдің 
Қоқанға жорығы (1853 жыл). Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы 
көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар. Ұзынағаш шайқасы. 
Әулие-Ата, Мерке, Түркістанның алынуы. Генерал-майор Черняев басқаратын 
алдыңғы шептегі Жаңа Қоқан шебін құру туралы жоғары Жарлық. Шымкент, 
Сайрам қалаларының алынуы. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей 
империясы құрамына кіруі. Қазақстанның Ресей империясына қосылуы.
Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі (ХҮІІІ ғасырдың 
соңғы ширегі – ХХ ғасырдың басы)
Орынбор генерал-губернаторы О. Игельстромның реформасы: бас 
старшинаны енгізу және Кіші жүздегі хан билігін жою жобасы. Шекара сотының 
және расправаларлың құрылуы. Дала реформасы барысындағы «татарлардың» 
коммуникативті рөлі. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік 
институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. Хан 
билігін жою. Даладағы сұлтандық институты (XIX ғасырдың 20-60 жылдары). 


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Ресей империясының құқықтық нормалары бойынша аға сұлтандар, сұлтан-
әміршілер, болыс сұлтандар, старшиналар, билер, құрметті қазақтардың 
мәртебесі.
Дала комиссиясының қызметі. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару 
туралы (1867 жыл) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала 
облыстарын басқару туралы (1868 жыл) уақытша ереженің жүзеге асырылуы. Сот 
жүйесі мен салық салудағы өзгерістер. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже 
(1886 жыл). Әкімшілік құрылым. Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 
жыл). Көшпелі және отырықшы халықты жерге орналастырудағы өзгерістер. 
Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығындағы соңғы реформасы: 
шаруа бастықтары институтының енгізілуі (1902 жыл).
Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, 
аумақтары. Бөкей ханның билігі. Жәңгір хан билігінің сипаттамасы: жерге иелік 
ету мен жер пайдаланудың жаңа нысандары. Жәңгір ханның ағартушылық 
саясаты. Хан билігінің жойылуы және Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша 
кеңестің құрылуы. Басқарушы Әділ Бөкейханұлы. Уақытша кеңестің қайта 
құрылуы. Жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымдардың құрылуы: Приморск 
округтері, Қалмақ, Торғын, Тал, Қамысты-Самар, Нарын аймақтары. Ішкі 
Ордадағы билеуші сұлтандар институты.
Жер мәселесі
Шекаралық шептердің құрылуы, жерді тартып алу. Әскери-казактық 
отарлауы: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері. Казактар сословиесі және оның 
мәртебесі.
ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын 
Қазақстанға қоныстандыру туралы уақытша ережелер. Орыс шаруаларын 
Қазақстан аймақтарына орналастыру ерекшеліктері. Ұйғырлар мен дүнгендердің 
Жетісуға қоныс аударуы. Қоныс аударушылардың кәсіптері және олардың 
әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қауымдық жерлердің экспроприациясы және 
оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. Мемлекеттік Думадағы қазақ 
депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы 
туралы пікірлері. Көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу үдерісі. Жатақтық. 
ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы. 
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және столыпиндік 


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
жаңғырту. Ауыл тұрғындары мен егінші мещандарды қоныстандыру туралы 
уақытша ереже (1904 жыл). Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасуы.
Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы
Қазақ көшпелі қоғамының материалдық өндіріс жүйесі. Кеңейтілген және 
минималды қауымдастық. Көші-қон бағыттары. Дәстүрлі қазақ қоғамының 
әлеуметтік құрылымы. Қазақ сұлтандары мәртебесінің эволюциясы. Жергілікті 
басқару жүйесіндегі қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы. Қазақ көшпелі 
қоғамының әлеуметтік ұйымдастыру тәртібінің өзгеруі: жаңа таптар 
(шенеуніктер, дворяндар, құрметті азаматтар).
Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік инженерингі: қазақ жастарын Ресей 
империясының кадет корпусында, гимназияларында және университеттерінде 
оқыту. Қазақ зиялы қауымының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі. Қазақ 
көпестерінің, саудагерлерінің пайда болуы.
Орынбор Мұсылмандары Діни Жиналысы және Қазақ даласы. Муфтияттағы 
қазақтардың діни істерін шығару. Мешіттердің салынуы және қазақ молдалары. 
Жәдидшілдік ағартушылық идеяларының ықпалы және Далада жаңа әдістемемен 
істейтін мектептер мен медреселердің ашылуы.
Діни конфессиялардың Қазақ даласындағы миссионерлік қызметі.
Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі
Е. Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. «Көзге көрінбейтін» Көктемір 
көтерілісі. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай 
мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 жылдар). Старшын Жоламан 
Тіленшіұлының (1822-1824 жылдар) наразылық қозғалысы. Бөкей хандығындағы 
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-
1838 жылдар): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. 
Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастаған Сібір ведомствосы 
қазақтары жеріндегі қозғалыс. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың 
ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847 жылдар): қозғаушы күштері, барысы, негізгі 
кезеңдері және жеңіліс себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесары хан. Жанқожа 
Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы 
Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 жылғы Маңғыстау қазақтары 
көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 
маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» 
Жарлық. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы 
күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Амангелді Иманов, Тоқаш 
Бокин, Бекболат Әшекеев, Әбдіғафар Жанбосынов және т.б. көтерілісшілер 
әскерлерін ұйымдастырудағы рөлі. Үкіметтің репрессиялық шаралары және 
жазалаушы әскерлердің әскери әрекеттері. Көтерілісшілердің әскери өнері. 
Жеңіліс себептері және көтерілістің тарихи маңызы. Қазақтардың Қытайға 
(Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны. 
Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтерілістіке берілген 
баға.
Қазақстан мәдениеті (XVIII – ХХ ғасырдың басы)
Қазақ халқының ауызша шығармашылығы. Қазақстанды еуропалық және 
ресейлік ғалымдардың зерттеуі. Қазақстандағы экспедициялар.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық күрестегі халық 
ақындарының рөлі. Махамбет Өтемісұлының, Тәттімбет Қазанғапұлы және 
басқалардың шығармашылығы. Жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М. 
Муравьев-Апостол, Ф.М. Достоевский және басқалар) Қазақстан мәдениетіне 
қосқан үлесі. А.И. Левшин, В.И. Даль және тағы басқа орыс ғалымдарының 
Қазақстанның өндіргіш күштерін, өмірі мен мәдениетін зерттеуі. Еуропалық 
саяхатшылар Қазақ даласы туралы. Ағартушы ғалым Ш. Уәлиханов және оның 
Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты 
ғылыми мұрасы. Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы. Абай 
Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіндегі тарихи рөлі. Абай және Е.П. 
Михаэлис.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 жылдар), Дәулеткерей Шығайұлы 
(1829-1882 жылдар), Біржан сал Қожағұлұлы (1832-1895 жылдар), Ақан сері 
Қорамсаұлы (1843-1913 жылдар), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929 ) және 
басқалардың музыкалық шығармашылығы.
Қазақ әдебиеті. «Зар-заман» мектебінің поэзиясындағы наразылық және 
діни-эсхатологиялық идеялар мен мотивтер: Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір 
Кердері. Орыс-қазақ әдеби байланыстары.


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Ғылыми қоғамдардың пайда болуы. Орыс географиялық қоғамының 
бөлімдері мен бөлімшелерінің (Орынбор, Семей, Түркістан бөлімдері) қызметінің 
маңызы. Статистикалық комитеттер және олардың қызметі. Қазан 
университетінің тарих, археология және этнография қоғамы. Орынбор ғылыми 
мұрағат комиссиясы. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар. «Қазақ», 
«Вақыт», «Шуро», «Ақмулла» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ 
халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі. Мұхамеджан Сералин, 
Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқалардың шығармалары.
Мерзімді баспасөз. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов және 
бүкілресейлік мұсылман қозғалысы. Қазақстан аумағындағы мұсылмандық 
қайырымдылық қоғамдары. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы 
Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт. Қазақтың 
зияткерлік-рухани элитасының мұрасы. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев және оның қазақ 
фольклоры мен шежіресін жинақтауға қосқан үлесі.
«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы. Түркі-мұсылман 
халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары. 
Ресей империясындағы мұсылман қозғалысының қалыптасуы. Бүкілресейлік 
мұсылман съездеріне қазақ элитасы өкілдерінің қатысуы. Ресей 
мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-
эл-муслимин» (мұсылмандар Одағы) рөлі. Орыс түркітану ілімі және оның қазақ 
ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері. Мұсылмандық қайырымдылық 
қоғамдары және олардың қызметі. Меценаттықтың пайда болуы мен дамуы. 
Маркстік, либералдық-демократиялық, кадеттік топтар мен ағымдардың 
қалыптасуы.
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның 
Қазақстанға әсері. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық 
қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси элитасының қазақ комитеттерін құруға 
шақыруы. Облыстық қазақ съездері және олардың маңызы. Уақытша үкімет 
органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі. 1917 жылғы жаздағы 
саяси дағдарыс. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы 
шешім. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мен Алаш партиясы депутаттарын 
сайлау. Қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі 
жаңа ұстанымдар.


Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет