Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата26.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#32281
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
  
2-
тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеті және күтілетін нәтижелері 
4.  Бағдарлама  мақсаты  –  тілдерді  оқытудың  халықаралық  стандартына  сай  қазақ  тілі  пәнін  Қазақстан 
Республикасы  жоғары  оқу  орындарында  оқыту.  Аталған  мақсат  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде 
маңыздылығы  мен    құндылығын  арттыруды,  болашақ  маман  иесінің  қазақ  тілін  қоғамдық  өмірдің  әлеуметтік-
мәдени, кәсіби салаларында қарым-қатынас құралы ретінде  қолданып, ұлттық дүниетанымды қалыптастырушы  
әрі сақтаушы  құндылық ретінде бағалаушы көзқарасын қалыптастыруды көздейді.   
Бағдарлама мазмұны студенттің қоғамдық маңызы бар мәселелерге байланысты өз пікірін білдіретін, белсенді, 
әр нәрсеге жасампаздық көзқараспен қарайтын рухани әлеуеті, таным деңгейі терең жан-жақты дамыған тұлғаны 
дамытуға  құрылды.  Атап  айтқанда,  бағдарлама  қазақ  тілін  болашақ  маман  иесіне  әлемді  тану  құралы,  жалпы 
адамзаттық,  ұлттық  мәселелерді  тани  білетін,  талқылайтын,  шешу  жолдарын  ұсынатын,  өз  ойын  еркін  әрі 
салиқалы жеткізуге көмектесетін қарым-қатынас әрі таным құралы ретінде меңгертуді мақсат етеді. Сондықтан 
әр деңгей түрі бойынша ұсынылатын лексикалық тақырыптар қоғамдық, әлеуметтік, мәдени және экономикалық
ғаламдық мәселелерді қамтиды. 
 
5. Бағдарлама төмендегідей міндеттерді қояды: 
1) студенттің қазақ тілі бойынша қалыптасқан тілдік дағдыларын дамыту, әрі қарай жетілдіру, керек жерде 
қайта қарау; 
2) айтылым іскерлігі бойынша студент деңгей  түріне сай қарапайым ақпарат алу/беру сұхбатынан бастап, 
күрделі  сұхбат  түрлеріне,  пікірталастарға  қатысу,  үгіт-насихат,  ақпараттық  сөз  түрлерін,    көпшілік  алдында 
сөйлеу іскерлігін меңгерту; 
3) жазылым әрекеті бойынша қарапайым хат-хабар түрін жазудан бастап, тезис, аннотация, эссе түрлері, 
ақпараттық талдау, сараптамалық мақала түрлерін жазу іскерлігін дамыту; 
4)  оқылым  іскерлігі  бойынша  шағын  мәтіндердегі  негізгі  ақпарат  және  көмекші  ақпарат  түрлерін 
анықтаудан  бастап,  күрделі  мәтіндердегі  мағыналық  байланыс  түрлерін  талдау,  автор  идеясын  саралау, 
мазмұндық-құрылымдық талдау жасау іскерлігін жетілдіру; 
5)  тыңдалым  сөйлеу  іскерлігі  бойынша  қарапайым  ақпарат,  сұхбат  түрлерін  тыңдаудан  бастап,  әртүрлі 
жанрдағы ақпараттар ағымын тыңдап, негізгі ақпараттарды түсіну, детальдарды айқындау, негізгі идеяны қорыту 
сияқты іскерлік түрлерін меңгерту. 
6) ұлттық дүниетанымның аксиологиялық құндылықтары тұрғысынан әлемде болып жатқан өзерістер мен 
үдерістерді бағалау іскерлігін дамыту; 
7) студент тұлғасын қандай да бір мәселелерге өз ойы бар, өз пікірін салиқалы жеткізе алатын жеке дербес 
ойлы тұлға ретінде дамыту
8)  студенттің  сөйлеу    іскерлігін  дамыту,  өзінің    тілдік  әлеуетін  ашуға,  қолданып  көруге  итеретін  оқу 
жағдаяттарын ұйымдастыру; 
9) студентке зерттеу, талдау, таңдау еркіндігін беру, зерттеу әрекетін, шығармашылық ізденісін туғызатын 
жұмыс түрлерін ұсыну;  
10) заманауи ақпараттық  трендттерді оқыту үдерісінде еркін пайдалануға мүмкіндік беру; 
11) студентті болашақ кәсіби саласына дайындайдын  прагмакәсіби кейстерді құру. 
 
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады: 
1)  қарым-қатынас  жасауға  керекті,  қолданыста    жиі  кездесетін  практикалық  грамматика  бірліктерін 
қолданып, тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби салаларда әртүрлі сөйлеу жағадяттарына еркін араласып, 
сұхбатқа қатысып, қолдауға, қажетті ақараттарды сұрап алуға;   
2)  тілдің,  мәдениеттің,  қарым-қатынас  саласы  ерекшеліктеріне  сәйкес  жеке  тұлғалық,  әлеуметтік  және 
кәсіби  қарым-қатынас  жағдайларында  құзыреттілік  танытуға;  пікірталастарда  этикалық,  мәдени,  әлеуметтік 


маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің 
пікірін сыни бағалауға; 
3)  әртүрлі  жанрдағы    мәтін  түрлерін    оқып,  түсініп,    негізгі    және  көмекші    ақпараттарды  ажыратуға, 
мәтіндерді мағыналық бөліктерді талдап, саралауға, негізгі ойды тұжырымдауға, тұтас мәтіннің және оның жеке 
құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттауға; 
4)  қазақ  тілінде  әртүрлі  мақсаттағы  хат-хабарлар  жазуға,  мақала,  аннотация,  тезис  жазуға,  өз 
қызығушылығына қарай мақала түрлерін, эссе түрлерін жазуға; 
5)  қарым-қатынас  жағдайына  сәйкес  ақпарат  сұрауға  және  хабарлауға,  қатысушылардың  іс-әрекеттеріне 
баға  беруге,  таным  мен  қарым-қатынас  жағдайында  әңгімелескен  адамға  әсер  ету  құралы  ретінде  ақпаратты 
пайдалануға; 
6)  радио,  теледидар  арқылы  берілген  ақпараттарды  тыңдап,    түсінуге,  сұхбаттасушының,  пікір 
білдірушінің сөздерін тыңдап, негізгі тақырыпты анықтауға, автордың ойын түсінуге, айғақтар мен мәліметтерді 
ажыратуға қабілетті бола алады.  
  
Қазақ тілі пәніне 6 кредит, 270 сағат бөлінген. Бағдарламада қазақ тілі пәні 4 деңгейге бөлінді. Әр деңгей 
бойынша  жеке  бағадарлама  ұсынылып  отыр.  Әр  деңгей  3  кредитке  (135  сағатқа)  есептелінген.  Бағдарламада 
қазақ тілі деңгейлері арасында сабақтастық  байланыс сақталынды. Студент тілді білу деңгейіне қарай  қазақ тілі 
пәні  бойынша  кемінде  2  деңгейді  –  6  кредитті  алуға  тиіс.  Тілді  білу  деңгейі  диагностикалық  тест  арқылы 
анықталады.  Диагностикалық  тест  қорытындысы  бойынша  студентке  ұсынылған  қазақ  тілі  деңгейін  аяқтаған 
соң,  келесі  семестрде  сабақтастық  қағидасын  сақтай  отырып,  қазақ  тілінің  келесі  деңгейін  емтихан  нәтижесі 
бойынша  жалғастырады.  Мәселен,  1  семестрде  қазақ  тілінің  орта  деңгейін  (В-1)  аяқтаған  студент  келесі 
семестрде ортадан жоғары деңгейді (В-2-1) алып, жалғастырады. Ал ортадан жоғары деңгейді аяқтаған студент 
жоғары  деңгейге  (В2-2)  көтеріледі.  Осы  ретпен  қазақ    тілінің  әр  курсы  пререквизиті  пен  постреквизиттерін 
сақтауы керек. Қазақ тілінің қарапайым деңгейі (А 1) шетелдік студенттерге ұсынылады. Базалық деңгейін (А2) 
– 
қазақстандық студенттер ала алады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет