Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру


тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері



Pdf көрінісі
бет8/68
Дата26.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#32281
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
тарау. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері 
      
4.  Бағдарламаның  мақсаты  студенттердің  философияны  дүниені  танып-білудің  ерекше  формасы 
ретінде  түсінуін  қалыптастырып,  олардың  келешек  кәсіби  қызметтері  аясында  оның  негізгі  тараулары, 
мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру. 
      
5. Бағдарламаның міндеттері: 
      
1)  Білім  алушылардың  қоғамдық  сананы  жаңартудағы  және  қазіргі  заманның  жаһандық  міндеттерін 
шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік 
мәдениет негіздерін игеруі; 
      
2) студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі 
реттеу дағдыларын қалыптастыру; 
      
3) ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует қалыптастыру. 
      
6. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады: 
      
1) философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау; 
      
2) нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру; 
      3) 
дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі 
ретінде негіздеу; 
      
4) дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу; 
      
5)  мифологиялық,  діни  және  ғылыми  дүниетанымның  ерекшеліктері  мен  мазмұнына  түсініктеме 
жасау; 
      
6)  негізгі  дүниетанымдық  ұғымдардың  мағынасы  мен  рөлін  адамның  қазіргі  әлемдегі  жеке  және 
әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу; 
      
7)  медиамәтіндер,  әлеуметтік-мәдени  және  жекетұлғалық  жағдайлардың  философиялық  қырларына 
этикалық шешімдерді қабылдау және негіздеу үшін талдау жасау; 
      
8)  қазіргі  жаһандық  қоғамның  өзекті  мәселелеріне  қатысты  өзінің  адами  ұстанымын  қалыптастыру 
және сауатты дәйектеу; 
      
9)  кәсіби  саладағы  мәселелердің  философиялық  мазмұнын  анықтау  үшін  өзекті  болып  саналатын 
зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін талқылауға ұсыну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет