Жоғары кернеулі электржабдықтарының ЖӘне электрқондырғыларының ОҚшауламасы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата10.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#73059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЖКТ (1)

2.2 Жұмысқа дайындық 
2.2.1 Берілген сипаттама және әдебиеттерге сәйкес ИКГ-1000-ның 
конструктивті орындалуымен, жұмыс істеу қағидаларымен, тағайындалуымен 
танысу.
2.2.2 ИКГ-1000 қондырғысының негізгі элементтерімен танысу, 
олардың зертханада орналасу орнын және электрлік сұлбадағы орнын 
анықтау, электрлік сұлба көмегімен электрлік жалғаулардың негізгі тізбегін 
қадағалау.
2.2.3 Басқару батырмаларының, тіркеу құралдарының және басқару 
пультіндегі қосымша құрылғылардың орналасуын және тағайындалуын оқып 
үйрену.
2.2.4 ИКГ-1000 қосылу және сөндіру операциялары тізбегін оқып 
үйрену.
2.3 Жұмыстың орындалуы 
2.3.1 Оқытушының тапсырмасымен ИКГ-1000-да зарядтық кернеуді 
көтеру. ИКГ-1000 қондырғысын іске қосу.
2.3.2 Импульс кернеу параметрлерін түрлі тәсілдер көмегімен өлшеу:
а) шарлы өлшеуіш разрядтауышы;
б) электрондық осциллограф және МУТ-7 құралы кернеу бөлгіші.
2.3.3 ИКГ-1000 қондырғысын сөндіру.
2.3.4 Типтік 
ауа 
аралығындағы 
немесе 
оқшауламалық 
конструкциядағы 50% разрядтық кернеуін бағалау (оқытушының тапсырмасы 
бойынша). Ол үшін:


- сынақ аймағының есігін ашу және ИКГ-ның жоғары сатысына 
жерлендіру қарнағын қою;
- сынақ сұлбасын жинау;
- жерлендіру қарнағын алып тастау және сынақ аймағының есігін жабу;
- қондырғыны қосу.
2.3.5 Шарлар 
арасындағы 
кернеу 
разрядының 
олардың 
арақашықтығына тәуелділік қисығын 
алу, алынған нәтижелерге 
статикалық өңдеу жүргізу.
ИКГ-1000-ға 
қосымша құрылғы қолданған жағдайда, оларды 
оқытушының рұқсатымен қосу тиіс.
Қорытынды.
Қорытынды құрамына жасалған жұмыс және тәжірибеде, өндірістік 
жағдайлармен зерттеу жұмыстарында алынған нәтижелерге қысқаша талдау 
кіруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет