Жоғары кернеулі электржабдықтарының ЖӘне электрқондырғыларының ОҚшауламасы



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата10.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#73059
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ЖКТ (1)



Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы
ЖОҒАРЫ КЕРНЕУЛІ ЭЛЕКТРЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ 
ЭЛЕКТРҚОНДЫРҒЫЛАРЫНЫҢ ОҚШАУЛАМАСЫ 
5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін 
зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
 

Алматы 2012


Құрастырушылар: Бекмагамбетова К.Х. Оржанова Ж.К., Мукашева Р.Т. 
Жоғары кернеулі электржабдықтарының және электрқондырғыларының 
оқшауламасы: 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері 
үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – 
Алматы: КЕАҚ АЭжБУ, 2012. - 26 б.
Әдістемелік нұсқау құрамына «Жоғары кернеулі электржабдықтарының 
және электрқондырғыларының оқшауламасы» курсы бойынша зертханалық 
жұмыстардың сипаты және зертханалық жұмыстарға дайындық пен 
безендіруге қойылатын талаптар кіреді. Қолданылатын әдебиеттер тізімі 
берілген.
Әдістемелік нұсқау 5В071800 – Электр энергетикасы бағытындағы 
мамандықтар бойынша оқитын студенттерге арналған. 
Без. - 12, кесте - 3, әдеб. көрсеткіші - 5 атау. 
Пікір жазған: техн.ғыл.канд., профессор Г.Х.Хожин
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес 
акционерлік қоғамының 2012 ж. баспа жоспары бойынша басылады


© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012 ж.
2012 ж. жиынтық жоспары, реті 4
Кіріспе 
Бұл 
әдістемелік 
нұсқау
5В071800 – 
Электр 
энергетикасы бағытындағы мамандықтар бойынша білім алатын, жоғары 
кернеулі электржабдықтарының және электрқондырғыларының оқшауламасы 
курсын оқыту барысында студенттердің орындайтын зертханалық 
жұмыстарына жетекші құрал болып табылады. Зертханалық жұмыстар 
студенттерді белгілі бір процестердің заңдылықтарымен, сынақ әдістерімен 
және жоғары кернеулердің өлшемдерімен таныстырады. Зертханалық 
жұмыстар шын жоғары кернеу қондырғыларында жүзеге асырылады.
Зертханалық 
жұмыстарда 
зерттеулер 
жоғары 
кернеуде 
жүргізілетіндіктен, студенттерге жоғары кернеулі зертханалардағы электр 
қондырғыларымен жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік нұсқауларын 
түсіндіру өте маңызды. Зертханалық жұмыстарды орындауға техникалық 
қауіпсіздік ережелерін меңгерген, сынақ тапсырған және арнайы нұсқау 
журналында белгіленген студенттер жіберіледі. Студент техникалық 
қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда зертханадан шығарылады және келесі 
сабаққа тек факультет деканы немесе кафедра меңгерушісі келісім берген 
жағдайда ғана жіберіледі.
Зертханалық жұмысты орындау барысында студент берілген әдістемелік 
нұсқаудың материалын басшылыққа алуы қажет және міндетті түрде 
оқытушының нұсқауларына сүйенуі керек. Келесі сабаққа бригаданың әрбір 
мүшесі орындаған жұмыстың есебін құрастырады. Есеп өте жинақы, сауатты 
жазылуы тиіс. Талапқа сәйкес келмейтін есептерді оқытушы қабылдамайды. 
Есеп мазмұнына төмендегілер кіруі тиіс:
- жұмыстың нөмірі және атауы;
- жұмыстың мақсаты;
- негізгі құрал – жабдықтар белгіленген қондырғы сұлбасы;
- тәжірибе және есептеу мәліметтерінің кестесі;
- есептеу формулалары мен алынған тәуелсіздіктер графиктері;


- алынған заңдылықтардың қысқаша сипаттамасы.
Орындалған жұмыс бойынша есеп өткізбеген студенттер келесі сабаққа 
жіберілмейді. Жұмысты қорғау үшін студенттер бақылау сұрақтарына және 
ұсынылған әдебиеттерге сәйкес дайындалуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет