«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


(3-дәріс). Қазіргі заманғы білім беру парадигмалары



бет10/28
Дата19.10.2023
өлшемі446,43 Kb.
#119674
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Ects- 5 курс -1 Құрастырған п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықт-emirsaba.org

1.3 (3-дәріс). Қазіргі заманғы білім беру парадигмалары
Жоспары:
1. «Парадигма» ұғымы.. білім беру парадигмалары.
2. Парадигманың түрлері.
3. Білім беру парадигмасының психологиялық аспектілері.
4. Интегралды парадигмалар.
Білім беру парадигмасы өзгерді (парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; т.б. Бүгінде гуманистік, тұлғалық-бағдарлық білім беру парадигмасы қалыптасты, оның негізіне адамды жоғары әлеуметтік құндылық деп мойындау, тұлғаны құрметтеу, оның мақсаты мен талап-тілегін ескеру, оның қабілетінің толық ашылуына, үнемі өзін-өзі жетілдіруіне, өзін-өзі танытуына максималды жағдай жасау алынады. Парадигма ғасырлар бойы мәдени-тарихи жағдайларға сай білімнің әлеуметтік феномен ретіндегі негізгі параметрлерінің басым болуымен қалыптасады. Белгілі парадигмалар ішінен білімге тұрақты қызмет атқарған екі парадигманы ашып айтуға болады, олар:ізгілік және классикалық парадигмалар.

Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар кездеседі: Парадигма – (грек. Рaradeigma – үлгі) 1. Берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер жүйесі. 2. Шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде қалыптасқан қатаң ғылыми теория. 3. Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, мәселелер қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық сұлбасы, моделі.


«Парадигма» ‒ педагогикада міндетті өзгерісті немесе әр түрлі дүниеге көзқарас тұрғысында өзгеше мағыналық ойды танытатын ұғым. Педагогикалық сөздікте «парадигма» ‒ белгілі бір кезеңдегі ғылым дамуының ғылыми зерттеу стандарттарының, алынған мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған теориялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема» деп беріледі. Парадигма ұғымын ғылымға енгізген Бергман, ал оны зерттеген американдық физик, философ Т. Кун. Ғалымның зерттеуіне сүйенсек, «парадигма» ‒ қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін анықтайтын алғышарттардың жиынтығы.
Философия мен әлеуметтануда парадигма – уақыттың өтуіне байланысты өзгеретін және ғылым дамуының қандай да бір кезеңдерін сипаттайтын бастапқы тұжырым. Логикада парадигма ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми зерттеулерде қолданылатын ғылыми қоғамда қабылданған үлгі, нобай, стандарт эталоны мен ғылыми таным үдерісінде ғылым негіздерін жүйелеуде, бағалауда қолданылатын теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы ретінде көрсетіледі. Психология ғылымында парадигма белгілі бір тарихи кезеңдегі осы саладағы ғылымдардың зерттеу практикасын ұйымдастыруға болатын үлгілерден тұратын негізгі ғылыми жетістіктердің жүйесі.
Парадигма түсінігі педагогикада екі тұрпаттағы мәнмен толықтырылады. Біріншісіне Т. Кунның классикалық түсіндірмесіне сай ғылыми айналымдағы мәселелерді және оларды шешу жолдарын үлгілеуде танымал болған ғылыми жетістіктер, ғылыми қызмет үлгісі, нормалар, критерийлер, стандарттар жиынтығы деген анықтама беріледі. Парадигманың екінші түсінігі В.В. Краевский, Е.В. Бондаревская, И.А. Колесниковалардың пайымдауынша, парадигма мазмұны, идеялары, негізгі білім жүйесін жобалаудың тұғырлары, білім стратегиясы немесе үлгісі салынған құбылыс қарастырылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, білім беру парадигмасын анықтайтын элементтер қатарына жататындар: адамзаттың белгілі тарихи кезеңіне қажетті анықталатын білім және біліктіліктің жиынтығына деген көзқарас; өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму әдістерін ұғыну; ақпаратты кодтау және тарату ұстанымдары; адамзаттың мәдени дамуын ұғыну; адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау; білім беру үдерісінде білім мен мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде педагогтың орны мен ролін түсіну; тәрбиелеу-оқыту-білім беру құрылымындағы білім алушының орны мен рөлін анықтау және т.б.
Соңғы уақытта педагогикалық теория мен практикада диалог, ынтымақтастық, бірлескен әрекет, өзге адамның көзқарасын түсіну қажеттігі, тұлғаны құрметтеу және басқа да идеялар еніп, көп тұжырымдамалық және көп парадигмалық тұғырлардың дамуына тікелей ықпал етті. XX ғасырда таным әдіснамасында маңызды өзгерістер орын алды. Көп парадигмалық тұғыр да талқыланды. Педагогика ғылымы мен практикасында парадигмалық тұғыр, парадигмалық ұстаным, көп парадигмалық, парадигмалық бейне, көп парадигмалық үдеріс, парадигманың түрлері және осы категорияны зерттеушілердің дүниетанымдық бағытына сәйкес, парадигмалық құбылыстар деген жалпы ұғым қалыптасты. Парадигманың түпнұсқалық мазмұнына педагогикалық мәселені қою мен шешудің жалпы қабылданған тұрпаты, педагогика ғылымы мен практикасында танымның жалпыәдіснамалық негізі, таным әрекетінің негізгі ұстанымы және іске асыру нысаны, әдістердің, мәселелік жағдаяттың көздері және оларды шешу стандарттары, педагогиканың өткені мен бүгінін талдау енгізілді.
Т. Кун ғылыми пәннің дамуында парадигманың кезеңдерін: парадигмалық кезең, парадигма үстемдігі кезеңі, дағдарыс және революция кезеңі деп бөлген. Т. Кунның парадигмалы ғылыми тұжырымын талдай отырып, қазақстандық ғалым Ұ.Ж. Әлиев оның тұжырымдамасының негізгі қағидаларын сипаттай отырып, ғылым өз дамуындағы әр түрлі кезеңдерді басынан өткізетіндігін атап көрсетті: аномалды, дағдарысты, қалыпты. Т. Кун бойынша, ғылыми білімнің өсу заңдылықтары: қалыпты ғылым (ҚҒ), ғылымдағы аномалия (ҒА), жаңа парадигма (ЖП), яғни балама теориялардың бәскекелестігі және ескі парадигманың жаңа парадигмамен алмасуы, ғылыми революция (ҒР) қайтадан қалыптасқан ғылым (ҚҒ) және ары қарай дамудың келесі сатысы. Т. Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, философ Г.И. Рузавин парадигманы қоғамда қабылданған қандай бір ғылыми саланың белгілі кезеңдегі дамуын қамтамасыз ететін, негізі қаланған теория ретінде қарастырады.
Ғалым Г.Б. Корнетов «Педагогикалық парадигма – теориялық және практикалық іс-әрекеттің олардың рефлексия дәрежесіне байланыссыз мазмұнды бірлігін анықтайтын тұрақты сипаттамалар жиынтығы» деген мағыналы анықтаманы бере отырып, педагогикалық парадигманың төмендегі түлерін анықтайды: авторитарлық, манипулятивтік, қолдау педагогикасы.
Қазіргі кезеңде «білімді адам» парадигмасына көшу орын алып отыр, жаңа парадигманың артықшылығы – адам еркін ойлана алады, өз ойын шығармашылыққа ұштастыра алады, өз бетінше дами алады, интеллектуалдық, тәндік және адамгершілік тұрғыда өзін қалыптастыра алады. Жаңа парадигма жаңа білім мен ақыл-ойдың жалпыәлемдік принципіне сүйенеді, машиналық технологиядан әлеуметтік технологияларға өтуді көздейді, күтілетін нәтиже ғылыми білімді меңгеру емес, оны өмірде пайдалану – іс-әрекеттік әдіснамасы болып табылады.
Қазақстандық ғалымдар Ж. Наурызбай, А.П. Сейтешев, Қ.М. Арынғазин және т.б. ҚР білім беру жүйесіне жаңа парадигманың қажеттілігін ашып көрсетеді. Мәселен, ғалым Қ.М. Арынғазин мағыналы педагогиканы ұсынса, академик А.П. Сейтешев – «суперобъектілер: адам, әлеумет, өркениет» және білім берудің өзара байланысын көрсетеді, ғалымдар «ғылыми зерттеулер барысында шешілетін нақты мәселелер мен оларды шешудің әдіс-тәсілдері» деген ұстанымды ұстанады.
Парадигма ғылыми және білімдік деп екіге жіктеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет