«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет6/28
Дата19.10.2023
өлшемі446,43 Kb.
#119674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Ects- 5 курс -1 Құрастырған п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықт-emirsaba.org

нақты ғылымилық әдіснама – педагогика ғылымына сай келетін зерттеу әдістері, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол реттеуші қызметті атқара отырып, бір-бірімен нақты зерттеулердің ерекшеліктеріне сәйкес педагогика әдістері мен аралас ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, педагогикалық зерттеу үдерісі барысында бір мәнді түсінуге қажетті психология, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараттың бірегейлігін қамтамасыз етеді, демек, нақты ғылым саласындағы теориялық концепцияларды туындатады;
зерттеу әдістемесі және техникасы (технологиялық), яғни, бір сипатты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғашқы талдау үшін қажетті болатын процедуралар жиынтығы. Оның басты функциясы – инструменталды немесе инструменталды технологиялық. Бұл әрдайым нақты көрінетін нормативті сипаты бар, яғни тиісті формадағы жоғары мамандандырылған әдіснамалық білімнің деңгейі болып табылады. Аталған деңгейдің қызметтерінің дұрыс жүзеге асырылуынан көп деңгейде жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен жалпы, барлық педагогикалық ғылымның нәтижелерінің қалыптасуы мұқтаж болады.
Сондай-ақ, ғылыми айналымда төмендегідей педагогиканың әдіснамалық деңгейлері де қабылданған:
1-деңгей гносеологиялық, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді саралауда жалпы ғылыми бағыттарды дұрыс құру мүмкіндігін береді;
2-деңгей көзқарастық, білім алушының жеке тұлғасының қалыптасу және даму факторын, білім беруді, оқыту мен тәрбиелеуді және педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады;
3-деңгей ғылыми-мазмұндық, педагогика ғылымының заңдарын, заңдылықтарын, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесін дұрыс құруға көмектеседі.
4-деңгей логико-гносеологиялық, педагогика пәнін, объектісін, категориясын дұрыс анықтау мен дамытуға мүмкіндік береді; педагогикалық теория мен педагогикалық практиканың өзара байланысын анықтайды, педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысын, фундаментальды және қолданбалы зерттеудің ережелерін қалыптастыруға көмектеседі; педагогиканың дамуын болжайды. Педагогика әдіснамасы бірнеше сфераларда жүзеге асырылады.
Ғылыми-педагогикалық білім беру жүйесінде:
  • Педагогика пәні, қызметі мен міндеттері;


  • Педагогиканың адам туралы ғылым жүйесіндегі орны;


  • Педагогикалық пәндердің жалпы және арнайы міндеттері;


  • Педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы;


  • Педагогиканың ұғымдық-терминологиялық жүйесі.




  • Педагогикалық құбылыстарды ғылыми тану үдерісінде:
  • Зерттеу әдістерін таңдау мәселелері;


  • Зерттеу әдістерінің өзара байланысы мен ерекшеліктері;


  • Мазмұндық және формальдық әдістердің сандық және сапалық сипаттарының өзара байланысы;


  • Зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері;


  • Болжаудың әдіснамалық мәселелері.




Практика – педагогикалық білімді жүзеге асыру сферасы ретінде:
  • Тәрбие үдерісінің мәнін, заңдарын, заңдылықтарын зерттеу;


  • Тәрбие мақсатын, міндетін, мазмұнын анықтау;


  • Жеке тұлғаны қалыптастыру факторларын зерттеу және салыстыру;


  • Тәрбие үдерісін ұйымдастыру принциптерін, формаларын, әдіс пен құралдарын әзірлеу және жүзеге асыру.


Педагогикалық теория туралы түсінік. Әдіснама, әдіс пен теория бір- бірімен тығыз байланысты. Теория – танымдық үдерістің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістерімен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.


Кез келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Демек, әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздерімен психология ғылымының зерттейтін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет