Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы Орындаған: “7М05311-Химия” мамандығының 1 курс магистранты


Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар



бет3/6
Дата21.10.2023
өлшемі233,79 Kb.
#120036
1   2   3   4   5   6

Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:

  • «Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай» деген бұлжыма заңдылық қай қоғамда да көкейкесті мәселе. 
  • Жаңа формация мұғалімі - рухани дамыған жеке тұлға. Кәсіби дағдыланған, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа бейім, өз-өзін талдауға қабілетті. Кәсіби оқытушы тек қана өз пәнін ғана емес, педагогикалық процестегі әрбір мүшенің орнын анық біледі; студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыра алады, нәтижелерін болжай біледі, кемшіліктерін түзете алады. Ол міндетті түрде құзыретті жеке тұлға болуы керек. Құзыретті педагог құзыреттіліктің үш тобын қалыптастыра алады:

1.Әдіснамалық (психология, педагогика)
2.Жалпы мәдениетті (дүниетанымдық)
3.Пәндік-бағдарлы
Жоғары мектеп оқытушысы-экономикалық қатынас жағдайындағы белсенді, кәсіби және әлеуметтік қызметке даярланған болуы керек.
Жоғары мектеп оқытушысы мынадай негізгі талапарға сай болуы қажет:
Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;
Адамдардың адамға,қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі;
Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа білім алу,өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдасыра білуі;
Компьютерлік техниканы меңгеруі;
Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шет тілдерде сөйлесе білуі.
Жоғары мектепте оқу мен тәрбие процестерінің бір-бірімен етене бірлігіне қол жеткізу, ұстаздардың алдына студенттердің бойында ғылыми-дүниетаным,моралдық саяси сапалар, еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, олардың қоғамдық белсенділігін барынша дамыту міндетін қойып отыр. Осыған орай, студенттердің оқу мерзімінің барлық кезеңіне арналған тәрбие беру жұмысының бірыңғай болашақ жоспарының ұстанымдары мынадай:
1. Бүкіл тәрбие жұмысын кешенді түрде, яғни тәрбиенің барлық сапаларын (саяси- идеялық,еңбек, адамгершілік, эстетикалық,дене тәрбиесі) біріктіріп жүзеге асыру;
2. Оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарының тұтастығын қамтамасыз ету;
3. Курс сайын тәрбие жұмысының мазмұнын белгілеуде, әдістері мен ұйымдастыру формаларын қолдануда, бірізділіктің болуын ескеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет