ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі:
- философиялық
- жалпы ғылыми
- нақты ғылыми
- технологиялық
Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құраса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Екінші деңгейде, жалпы ғылыми-әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар береді.
Үшінші деңгей – нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.
Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материалдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.
Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-зерттеу әдістері
Зерттеу әдісі – күрделі таным сатыларының реті, зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс – тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Теориялық әдіс –талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, жіктеу, моделдеуге құрылады.
Эмпирикалық әдіс деректер жинау, сұрыпталған айғақтарды ғылыми жүйеге келтіру. Бұл әдіске бақылау, қажетті құжаттарды зерттеу, әңгімелесу, сауалнама, сұхбаттасу, т.б. енеді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу үшін эксперименттер қолданылады.
Математикалық әдіс – құбылыстар мен қолданыстағы жүйенің арақатынасындығы межелік айырымды сандық сапа арқылы белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық тіркеу, шкалалық көрсеткіш, көлемі мен деңгейіне қарай сапқа түзу, т.б. енеді.
Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:
Достарыңызбен бөлісу: |