Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы Орындаған: “7М05311-Химия” мамандығының 1 курс магистранты


Қазақстанда университеттердің инновациялық әрекетінің бірнеше жылдық тәжірибесі ондағы маңызды мәселелерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Университеттердің осы орайда 4 типін қарастыруға болады



бет4/6
Дата21.10.2023
өлшемі233,79 Kb.
#120036
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Төлеутаева С. педагогика

Қазақстанда университеттердің инновациялық әрекетінің бірнеше жылдық тәжірибесі ондағы маңызды мәселелерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Университеттердің осы орайда 4 типін қарастыруға болады:

  • Енжар-бейімделетін стратегиямен жүретін университеттер оның әрекетіне қойылатын талаптардың өзгеруіне әлсіз жауап береді. Олар болашақтағы университеттік білім беруге қойылатын талаптарды ескермейді, көбіне қазіргі жағдай мен талаптарға сүйенеді. Мұндай университеттер өз бетінше жаңалықтарды өндіруге тырыспайды.
  • Белсенді-бейімделгіш стратегиялы университеттер өз бетінше инновацияны іздейді және ендіреді, сол арқылы тұрғындардың белгілі бір бөлігінің тапсырыстарын орындауға тырысады (қосымша үйірмелер ұйымдастырылады; қызығушылығы, қабілеті және кәсібі бойынша оқыту сараланады және т.б.).
  • Озық немесе көшбасшылық стратегиялы университтеттер білім беру жүйесін ертеңгі күнге арнап құрайды. Оқытушы-профессорлық құрам білім беру жүйесін құру барысында үдемелі ғылыми идеяларға сүйенеді және ғылыммен тығыз байланыста болады.
  • Өзгермелі даму стратегиясын жүзеге асырушы университеттер де болашақтың талабына бағытталған. Ондағы өзгерістер жүйелі әрі терең сипатта болады. Олар өздерінің білім беру жүйесіне терең талдау жасайды және жақын ортадағы әлеуметтік жағдайларды да қалыс қалдырмайды. Бұл университеттер өзі орналасқан аймақ дамуының әлеуметтік мәдени орталығы болып табылады.

Болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық әрекетке даярлау-оқытушылардың үздіксіз педагогикалық ізденісіне тәуелді. Соңғы кезде қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім деңгейінің көтерілуі, жеке адамдардың қарым-қатынасын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруды қарастыру мәселесін тудыруда. Мұны ғылымда инновация, болмаса инновациялық қызмет көрсету деп атайды. 

  • Болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық әрекетке даярлау-оқытушылардың үздіксіз педагогикалық ізденісіне тәуелді. Соңғы кезде қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім деңгейінің көтерілуі, жеке адамдардың қарым-қатынасын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруды қарастыру мәселесін тудыруда. Мұны ғылымда инновация, болмаса инновациялық қызмет көрсету деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет