әдіс жөніндегі ғылым негізін педагогикалық зерттеулер құрайтын неғұрлым жалпы қағидалар мен әдістер жүйесі;
жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі;
белгілі бір немесе одан басқа теория мен зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады.
Әдіснама - дүниені білу тәсілдері туралы ілім.
Ғылымның әдіснамасы - ғылыми зерттеу әдістерін, белгілі бір ғылымның пәнін зерттеу кезінде басшылыққа алынатын ұстанымдарды анықтайды.
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы – кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады.
«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
Педагогика әдіснамасы кең мағынасында– оның пәнін зерттеудің жалпы ғылыми және арнаулы әдістері мен теориясын, ал тар мағынасында – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпараттарды алу, оны талдау мен түсіндіру әдістері жүйесін қамтитын жаңа педагогикалық білімдерді алудың тәсілдері туралы жүйе, яғни:
педагогикалық ғылымдағы зерттеу қызметінің бағыттарын, оның мақсаттары мен құрылымын, сондай-ақ, жаңа білім алу қағидалары мен әдістерін анықтайтын жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесі.
М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық қызметті көрсететін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемелері туралы, білімді алу тәсілдері мен әдістері, қағидалары туралы білім жүйесі болып табылады».