Жоғары мектепте роман жанрын оқытудың кәсіби білім беру типтік оқу бағдарламаларында әдістемелік қамтылуы мен тақырыптық негізделуі



бет7/9
Дата08.06.2023
өлшемі182 Kb.
#99710
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Косымша материал. А.Кажыбай

Күресбек- қожайын. Сәнді киінген,
қаладан жаңа келген, жүрісі
бұрынғыдан да ширап кеткендей,
білінер білінбес қарыны бар, ұзын
сирақтары да жуандай бастаған. Ақ
түспеген шашын жастардың
үлгісінде алғызып, кекілін қайырып
жүреді.




Мақтаншақ, өзімшіл,
бірбеткей, атақ, ақша
құмар, арам ниетті,
мейірімсіз, қатты адам.

Сырым







Ерден Әбішев




Әділдік орнатуды
көздеген турашыл, көзі
ашық, әділетті қаһарман

Жасұлан- күнге әбден қақталған,
орталау бойлы, сары жігіт









4 ТАЛДАУ – бүтіннің бөліктерін ажырату бойынша жүргізіледі.
Әдебиет сабақтарында Кейс-стади әдісін қолданудың маңызы зор. ХХ ғасырдың 80-90 жылдары кейіс әдісін дүниежүзі бойынша, соның ішінде КСРО-да да қолдана бастады. Әсіресе экономикалық пәндер бойынша кеңінен қолданылды. Сол кезеңнен бастап бұл әдісті құрастыру мен ендіруде Г.А.Брянский, Ю.Ю.Екатеринославский, О.В.Козлова, Ю.Д.Красовский, В.Я.Платов, Д.А.Поспелов, О.А.Овсянников және т.б. үлкен үлес қосты.
CASE STUDY әдісі бойынша қалыптасатын қабілеттер:

  1. Аналитикалық қабілеттер. Оларға: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жетіспейтін ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б жатқызуға болады. Нақты және қисынды ойлау қабілеті.

ХХІ ғасырдағы көркем шығарманы тудырудағы автордың бірегей болмысы, әдебиеттегі типтендіруге жаңаша көзқарас, жаһандану дәуіріндегі субъекті дағдарысы және жаңа қоғамдық ортадағы адамның өмір сүруі т.б. мәселелерді анықтап, дәлелдеу сияқты жұмыстар студенттердің аналитикалық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

  1. Тәжірибелік қабілеттер. Кейстік зерттеуге өмірдің өзінен алынатын өмірлік жағдаяттарды талдау әдістермен салыстырғанда, оқыту барысында пайдаланылатын басқа әдістер бас-аяғы нақтыланған теорияларға, әдістер мен принциптерге сүйенетін болғандықтан соңғылардың күрделілігі төмен.

3. Шығармашылық қабілеттер. Кейде мәселе CASE-тің бір ғана ережесі арқылы шешіле бермейді. Мұндайда бұрынғы дағдылы қисынды жолымен шешілмейтін, альтернативті шешу жолдарын табу (генерация) барысында шығармашылық қабілетті пайдалану өте маңызды. Осындай қабілетті жинау негізінде келешек маман ойы қиыншылықтардан шығу жолдарын тауға барынша бейімделеді. «Мимырт» романының сюжеттік-композициялық құрылысын талдауда мынадай құрылым беріледі. Студенттер шығармаға сюжеттік жоспар құру және композициялық құрылысына кесте бойынша талдау жасау арқылы мәселені талқылайды.
4. Коммуникативтік қабілеттерге пікірсайыстарды (дискуссияларды) пайдалану шеберлігі, өзі ұсынған пікірге өзгелердің көзін жеткізе білу жатады. Көрнекі материалдарды және басқа қажетті деректер мен құралдарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа нақты есеп даярлау. Студенттер «5минуттық эссе» әдісі бойынша Қ.Ысқақтың «Келмес күндер елесі» роман-эссесін тақырыпқа сай, өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Студент өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Бұл әдісте студент бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.
5. Әлеуметтік қабілеттер. CASE-тік мәселелерді талқылау барысында, оған қатысушы адамдар өзін-өзі бағалау әдебіне, өзгені тыңдай білу дағдысына, пікір-сайыстар кезінде бір пікірді қолдау немесе оған қарама-қарсы пікірдің қателігін дәлелдеу шеберлігіне, солармен бірге жұртшылық алдында өзін-өзі дұрыс ұстауға және т.б. әлеуметтік дағдыларға қалыптасады. «Мимырт» романында қозғалған жұмыссыздық, қаңғыбастыққа салыну, ұры-қары атану, алаяқ, нашақорлық пен маскүнемділік, теріс ағымдар мен материалдық жетіспеушілік т.б. әлеуметтік мәселелерді шешуде студенттердің бұл қабілеттіліктерін дамытуға болады.
6. Өзін-өзі саралау қабілеті. Кейістік жағдаяттарды талдау кездерінде туындайтын пікірталастар келіспеушіліктер мен ортақ пікірлерге келу үдерістерін туындатады. Сол кездерде өзгенің ойын тыңдай білу мен адамның өз пікірін өзгелерге жеткізе алу қабілеттері ашылады. Адам өзінің ойын өзгелерге қалай жеткізе алғандығын немесе ондай қабілетінің жетіспей жатқан жақтарын аңғарып үйренеді. Сондай кездерде туындаған моральдық-этикалық мәселелер мен оларды шешу нормалары адамның мінез-құлықтық дағдыларын қалыптастырады. Төменде берілген пікірлерге, шығармадағы кейіпкерлердің образдарын ала отырып өз ойын салыстырып жазу бұл қабілеттіліктердің ашылыуна ықпал етеді.
Өмірдің мәні - ақшада, байлықта, билікте
Өмірдің мәні - отбасында
Өмірдің мәні - тіршілікте
Өмірдің мәні - жақсылық істеуде
Оқытушы кейс-стадидің әр топта қалай талқыланып жатқанын бақылап, барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды. Уақиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады. Сонымен оқытудың кейс-стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде тыңдаушылар үшін өте тиімді әдіс болып табылады. Ол тыңдаушының сабақты қызығып оқуын туындатады. Бұл әдістің көмегімен тыңдаушылар теорияны өздігінше меңгере отырып, практикалық мәселелерді шешу қабілеттерін де жетілдіреді.
Сонымен қатар, өз ойын тұжырымдап, соны өзгеге жеткізу ісін жүзеге асыруға да машықтанады. Тыңдаушының берілген жағдаятқа талдау жасауы оның кейіннен маман ретінде жетіліп, практикалық жағдаяттарды батыл және тез шешуге бейімделеді.
Кейс-стади әдісі оқытушыны да креативті ойлауға, соны үздіксіз дамытып отыруға дағдыландырады. Ол оқытушының жүргізетін сабағының мазмұнын ерекше құруға, шығармашылық қабілетін жетілдіруге негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет