Рефлексия. Сабақта алған әсерлеріңді, ойларыңды «Диалогтық әдіс» арқылы әңгімелеңдер. 1. Бүгінгі семинарда жаңа әрі қызықты ақпарат ала алдым ба?
2. Топтық жұмыстарда мен өзімді көрсете алдым ба?
3. Семинар сабағы маған ұнады ма? Неліктен?
Мұндай сабақтар студенттердің ХХІ ғасыр романдарын өзбетінше талдай алуларына, өзара іс-әрекетін ұйымдастыруға, яғни оқытушының үйретуші әрекетінен жалпы оқу жүйесіндегі субъектілердің өзара әрекеттестікке, көмектеседі.
Дәстүрлі білім жүйесінде қарым-қатынас репродуктивтік формада жүреді, үйретуші мен үйренуші арасында теңдік, серіктестік ұстанымы жоқ. Бұл туралы кезінде ғалым Т.Т.Галиев те «оқушылардың оқу процесіне етене араласуына барынша жағдай жасау керек, сонда қойылған мақсатқа жете аламыз» деп айтқан болатын. Ал интерактивті тілдесімнің басты белгісі үйретуші мен үйренуші қарым-қатынасының, рөлдерінің өзгеруінде болып отыр.
Бұл әдісте әркім өз ойын, ұсынысын емін-еркін (тіпті онша сәйкес келмесе де) ортаға салады. Ең маңызды шарты – ешкімнің пікірі сыналмайды. Себебі, батыл пікірдің көбірек болуы мәселені оңайырақ шешілуіне көмектеседі. Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әртүрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Қазіргі кезде интербелсенді әдістемелер көптеген оқу бағдарламаларында қолданылады, себебі олар баланың дербес, сыни ойлауының қалыптасуына, өз пікірін дәлелдеу барысында затқа түрлі көзқараспен, алуан ұстаным тұғырынан қарауға, басқалардың таңдауы мен шешім қабылдау құқығын сақтау, өзгеше болу, сәйкеспейтін бағалау құқығын мойындауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
А.Әлімов өзінің «Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану» деген кітабында интербелсенді оқыту технологиясының әдістерін жіктеп береді. Осыған орай оқытудың интербелсенді әдістемесін оқыту үдерісінде қолдануда интербелсенді әдістердің ішінде төмендегілері ерекше
бөліп көрсетіліп, оларға сипаттама беріледі.
1. Мотивация немесе Қызығушылықты ояту кезеңінде қолданатын тәсілдер Сабақтың бұл кезеңінде студенттер дәріс мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып, байланыстырады. Бұл кезеңдегі басты мақсаты – жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру. Студенттер тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды. Сабақтың бұл кезеңінде студенттер «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.
Ойға шабуыл әдісіне сипаттама. Ойға шабуыл үрдісінде топ шығармашылық ойларын тұжырымдайды, бір жерге жинақтайды, ал қатысушылар оны әрі қарай дамытуға әдістер ұсынады.
Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт (2-4 минут) аяқталған соң, студенттер бірлесе (жұптасып, шағын топ ішінде, бүкіл аудитория болып) жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады. (Бұл тәсіл R.Vacca, J. Vacca.Content Area Reading.New York: Harper Collins, 1989.кітабында келтірілген).
2. Білім құрастыру немесе мағынаны ажырату кезеңінде қолданатын тәсілдер. Мұнда білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Студенттер жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады. Студенттер бұл кезеңде «Қалайша жаңа білімге үйренемін/түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?»деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді. Мысалы, Жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетіндегі роман жанрының дамуы. А.Әлменбеттің «Мимырт» романындағы тақырыптық желі, жанрлық жаңа ізденістердің замана шындығымен үндестігін талдауда мынадайәдістеме ұсынамыз.