Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының оқытушыларына арналған педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру курстарының «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар»


- тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері



бет2/5
Дата31.12.2021
өлшемі88,74 Kb.
#21168
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
@ 3@0 0 # 07 24.01.2018 (4)

2 - тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері,

күтілетін нәтижелер


  1. Бағдарламаның мақсаты жаңартылған білім беру мазмұны мәнмәтінінде жоғары оқу орындары педагогикалық мамандықтары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

  2. Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынадай міндеттер айқындалған:

  1. осы бағдарламаның оқу модульдері шеңберінде жоғары мектеп педагогының кәсіби дамуына психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлемдік ғылым мен практиканың жетістіктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;

  2. педагогикалық білім беруді жаңғыртудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;

  3. оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінде, сондай-ақ тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдері негізінде заманауи дәріс құруда кәсіби жобалау және модельдеу дағдыларын жетілдіру;

  4. ЖОО-да оқу орындарының оқу процесінде инновациялық білім беру технологияларын және интерактивті әдістерді пайдалану білігін қалыптастыру;

  5. білім алушыларда сыни және креативті ойлау, проблемалық міндеттер мен жағдаяттарды тұжырымдау мен шешу білігін қалыптастыру дағдыларын дамыту;

  6. педагогтың кәсіби өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау білігін қалыптастыру;

  7. оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігін қалыптастыру.

  1. Курс соңында тыңдаушылар:

  1. заманауи педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі трендтерін, білім алушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін белсендіруге, сыни және шығармашылық ойлауды ынталандыруға, күрделі мәселелерді түсіну, қоя білу және шешуге дағдыландыруға, адами іс-әрекеттің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас және әлеуметтік қатынастарда нақты мәселенің кең шоғырын шешудегі білім алушылардың функционалды сауаттылығын бағалауға бағытталған оқу процестерін ұйымдастырудың тәсілдемелерін біледі.

  2. жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы жоғары оқу орындарында инновациялық білім беру технологияларын, жоғары оқу орнының білім беру процесін жобалауды, жоспарлау және жүйелі бағалау мен рефлексия процестерін жетілдіруді қолдана алады.

  3. жоғары оқу орындарындағы білім беру процесінің мониторингісін ұйымдастыру, өткізу және талдау, заманауи ғылыми-зерттеулер негізінде білім алушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру, педагогикалық қызметті қарқындату жағдайындағы заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, білім беру саласындағы зерттеулер жүргізу әдістерін, іс-әрекетті зерттеуді жоспарлау және жүргізу дағдыларын меңгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет