3 - тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бағдарлама 5 (бес) модульден тұрады:
нормативті-құқықтық;
психологиялық-педагогикалық;
мазмұндық;
технологиялық;
вариативтік.
Вариативтік модульдің тақырыптары тыңдаушылардың кіріс сауалнамасы арқылы анықталады.
4 - тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, нысандары мен әдістері, нәтижелерін бағалау
Біліктілікті арттыру курстары мынадай режимде ұйымдастырылады:
осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес қашықтықтан оқыту және күндізгі оқу кезеңдері, сондай-ақ тыңдаушылардың өзіндік жұмысынан тұратын курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес аралас оқыту. Курстың ұзақтығы - 240 сағат.
осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес курстың оқу-тақырыптық жоспары бойынша күндізгі оқу. Курстың ұзақтығы - 72 сағат.
9.Тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатындағы білім беру процесін ұйымдастыруда өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы (портфолио қорғау), шағын сабақ (шағын-іс-шаралар) презентациясы, психологиялық-педагогикалық және мазмұндық модульдер бойынша аралық тестілеу, технологиялық модуль бойынша қорытынды тестілеу жүргізіледі. Өзіндік жұмыс тапсырмалары, тест тапсырмалары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі - ОӘК) енгізіледі.
10. Оқу процесі оқытудың мынадай әдістері мен интерактивті түрлерінен тұрады: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, көшпелі практикалық сабақ, тренинг, шағын-сабақ таныстырылымы, кейс әдісі, жоба әдісі, бейнефильмдерді талқылау, сонымен қатар вебинар, онлайн-форум, онлайн кеңес беру, және тыңдаушының оқытушымен өзіндік жұмысы, шағын топтардағы жұмыс, оқыту ойындары, кері байланыс, күрделі және дискуссиялық сұрақтар мен мәселелерді талқылау, шеберлік сыныбы, дөңгелек үстел, талдамалық есеп және жеке портфолио қорғау.
Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін ОӘК бағдарламасына енгізілетін бағалау критерийлері мен Бағдарламаның мазмұнын игеру өлшемдері әзірленеді.
Жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары оқытушыларына арналған педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру курстарының «Жаңартылған білім
беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» білім беру бағдарламасына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |