М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
7М01723– қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау мамандығының
1-курс магистранты Бабашова Хосият Рихсибойқызының
ЕСЕБІ (1000сөз) 30.01 – 25.02.2023 ж. аралығындаМ.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында педагогикалық тәжірибеден өту барысында үлкен жауапкершіліктің артылғандығын сезіндім. Себебі, педагогикалықтәжірибеде магистрант –тәжірибешіге жүктелген міндеттер мен алгоритмді тапсырмалар педагогикалық шеберлікті дамытудың алғашқы баспалдақтары іспеттес болды. Педагогикалық тәжірибенің алғашқы күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Абдыкадырова Тұрсынай Рыстайқызының қатысуымен конференция өтті. Конференция барысында магистрант –тәжірибешілерге жетекшілер бекітілді. Педагогикалық тәжірибенің мақсат, міндеттерімен танысып, өз қызметіміздің құзыреттіліктерін меңгердік. Педагогикалық тәжірибе барысында жетекшімен бірлесе оқыту процесіне тікелей қатысты бірнеше бағдарламалармен жұмыс жасап, ортақ талқылауларға кезіктім. Тәжірибе барысында атқарылған жұмыстар легі бекітілген төрт аптаға дейін ұласты. Демек, әр аптада талапқа сай жүйелі жұмыстарды атқару міндеттелген. Мәселен, алғашқы аптабекітілген топтың пән оқытушысының сабақтарына қатысу, сынама сабақтарды талдау, мамандығыма байланысты біршама жаңа әдіс –тәсілдерді меңгеру, пән оқытушысына тән сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргізу, практиканың маңыздылығы туралы пікір алмасумен жүзеге асырылды.
Бірінші апта жалпы топ студенттерімен етене жақын танысу мақсатында топ сабақтарына қатысумен басталғандықтан, оқытушының сабақ жүргізу стилімен танысып өттім. Осы орайда әрбір студенттің жеке пәнге бейімділіктерін анықтап, қызығушылықтарын тануға тырыстым. Себебі, пән сабағын өтуде студент темпераментін білу өте маңызды деп есептеймін.
Тәжірибе өткен мекеменің қосымша талаптарымен танысып, сабақтарды өткізудің күнтізбелік кестесін алдым. Педагогикалық тәжірибенің негізгі мақсаты – гуманитарлық мәдениеттің жоғары деңгейіндегі педагог – зерттеуші тұлғасын, педагогикалық процестің жоғары мектебіндегі заманауи технологияны меңгерген тұлғаны қалыптастыру болғандықтан бірінші аптада кафедраның міндетті құжаттарының баршасымен таныстым.
Қазіргі заманғы педагогтың жаңа талаптарды меңгеруі аса маңызды екендігін ескерсек, өзіме бекітілген КЯ – 21– 3,5 топтарына «Рухани сабақтастық» пәнінен талап сай сабақты екінші, үшінші және төртінші апталарда жүргіздім.
Кафедраның тапсырмасы, жеке жұмыс тапсырмасы, ұйымдастырушылық-экономикалық сұрақтар бойынша тапсырма, техника қауіпсіздігі,еңбекті қорғау және өртке қарсы шаралар жөніндегі тапсырмалары бойынша атқаруға тиісті жұмыстарды жүйелеп, жетекшінің көмегімен атқардым.
Университет оқытушысын ғалым, педагог, тәрбиеші, қоғам қайраткері ретінде көп қырлы жұмыстарымен танысып, өзіме жүктелген міндеттерді атқардым. Жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды мақсат етіп, замануи білім беру үлгілерін меңгеуге машықтана түстім. Зерттеу тәжірибесінен өту кезеңінде мекемелердің ішкі тәртіп жағдайына толық бағынып, өрескел қателіктерге жол бермедім.
Оқу – әдістемелік бағыт бойынша біршама тың деректер алдым. Жұмысты жүйелі жүргізу үшін жетекшімен сұхбат жүргізу өте тиімді болды. Осы арқылы өзімнің кәсібилігімді арттыру жолында тыңғылықты іс – әрекеттер жасауға бет бұрдым. Сабақ процесінде уақытты тиімді пайдалану мүмкіндіктерін осы сұхбат арқылы жетілдіруді алға қойдым.
Тәжірибе кезінде атқарылған жұмыстары жөніндегі жазбаларды тұрақты түрде жазып отырдым. Мәселен, өзіме бекітілген КЯ – 21– 3,5 топтарына жүргізген сабақтарымды күнделікке жазп, толтырдым. Бірінші курс студенттеріне «Рухани сабақтастық» пәні аптасын бір мәрте практикалық сабақ болып өтіледі. Оған кафедра оқытушысы Бейсенұлы Жақып ағай жауапты. Оқытушы сабаққа кіріспес бұрын алдымен пәннің оқу – әдістемелік кешенімен таныстырды. Оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптаға сәйкес мен студенттермен жұмыс атқардым. Дәстүрлі форматта жүзеге асқан сабақ процесі белсенді жүргізілді деуге толық негіз бар. Мәселен, студенттерді басқару әрі олармен жанды қарым – қатынас құру үлкен жауапкершілік жүктеді. Әр аптаның дүйсенбі күні жүргізілетін «Рухани сабақтастық» пәнінен бірінші аптада «Түркі өркениетінің бастаулары және оның ескерткіштері» тақырыбына қатысып, бақыладым. Кейінгі үш апта барысында силлабуста көрсетілген тақырыптар бойынша сабақ өттім.
Тәжірибе барысында қатысқан сабақтарым 1 –курс студенттерінде «Орфография,пунктация және латын графикасы», 2 –курс студенттері үшін «Рухани сабақтастық», «ХХ ғаысрдың I жартысындағы қазақ әдебиеті» болды. Жоғары мектепте оқытушы міндетін атқару үшін қос процестің ерекшеліетерімен танысу мен үшін үлкен тәжірибе болды. Нәтижесінде, кәсіби біліктілігімді арттырдым.
«Рухани сабақтастық» пәнінен оқу бағдарламасына сәйкес 2 – курс студенттерінен төртінші аптада «Орталық Азия жеріндегі исламдық мәдениеттің ескерткіштері» тақырыбында студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ) қабылдадым. Студенттер бекітілген СӨЖ қабылдау кестесі бойынша, өз жұмыстарын қорғап, бағаланды.
Педагогикалық тәжірибеден өту кезінде кафедраның оқытушысы Ахаева Марал кураторлық ететін КЯ – 22 – 7 тобымен тәрбие сағатына қатыстым. Магистрант-тәжірибеші студенттердің өткізген ашық сабақ, дәстүрлі сабақтарына қатыстым.
«Рухани сабақтастық» пәні бойынша 21.02.2023 күні сағат 10:00 де КЯ – 21– 3,5 топ студенттерімен «Әл-Фараби дүниетанымының философиялық бастаулары» тақырыбында ашық сабақ өттім. Ашық сабаққа «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Абдыкадырова Тұрсынай Рыстайқызы және кафедра оқытушылары Макулова Лаура Төлегенқызы, Әбдімомынов Еділбек, Ахаева Марал қатысты. Ашық тәрбие сағаты белсенді өтті деуге толық негіз бар. Студенттер тақырып бойынша өз көзқарастарын білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
Педагогикалық тәжірибе шеңберінде атқарған қызметім, кәсіби және қоғамдық –саяси дайындығым, ұйымдастырушылық қабілетім әрі біліктілігім, кәсіби дайындығым барлығы басты назарда болды. Қорытынды төртінші аптада тәжірибе жетекшім аталған критерийлер бойынша мені бағалады. Соңғы аптада ғылыми – әдістемелік конференцияға барлық атқарған жұмыстарымды тізбектем жаздым. Практикаға қатысу белсенділігі, қоғамдық жұмысы, теориялық білім деңгейі, ағымдағы сабақ, тәрбие сағаты және ашық тәрбие сағатын ұйымдастыру деңгейі толық есепке алынып бағаланды. Педагогикалық тәжірибе барысында магистранттарға арналған нұсқаулықты тооық меңгеріп, талапқа сай жұмыс жүргіздім. Нәтижесінде, оқу процесінің тиімді тұстарын анықтап, дамыту бойынша бірнеше ұсыныстар айтып өзімнің теориялық білімімді практикалық тұрғыда саралауға мүмкіндік алдым. Сондай – ақ, психологиялық – педагогикалық бағыттың негізгі компоненттерін толық меңгердім.
Оқытушының кәсіби бағдарын ескере келе, болашақта шебер педагог болуды мақсат еттім. Әлемнің екінші ұстазы Әл – Фарибидің «Әр бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» деген ұлағатты сөзін ескеріп, өз мамандығымның мәртебесін тағы бір мәрте сезіне түскендеймін. Болашақта білікті маман болуды жоспарлап отырмын.