Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл этапта өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек.”Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?, ” Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.
Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізг бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады.
Қойылған сұраққа байланысты талдау жүргізу үшін мынадай категориялар негізінде жазу керек: Себеп- салдар, жалпы- айрықша, форма- мазмұн, бөлік- тұтас, тұрақты- өзгермелі. Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тақырыпты ашудағы логикалық ойын байқауға көмектеседі.
4. Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б.түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.
Эссе жазу үшін қажет делелдеу аппаратының құрылымы Дәлелдеу- белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер жиынтығы. Ол сенім-наныммен байланысты , бірақ онымен тең емес: аргументтеу немесе дәлелдеу ғылымға және қоғамдық- тарихи тәжірибеге сүйенеді. Сенім- жорамал, ол нақты дәлелденбеген білімге негізделеді.
Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, аргумент, қорытынды.
Тезис - дәлелденуге тиісті жағдай.
Аргументтер - тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория.
Қорытынды - фактілерді талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым - біздің сенімімізге, нанымымызға және көзқарасымызға негізделген.
Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді:
Тексерілген фактілер - нақты материал. Фактілер- тенденцияны анықтайтын қор, оның негізінде - әр білім бойынша заңдар мен берілген жағдайға заңның әсерін анықтаймыз.
2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде қолданылады.
3.Ғылым Заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу аргументі ретінде қолданылады.