Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі


Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды



бет9/35
Дата05.10.2022
өлшемі321,89 Kb.
#41478
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
Лекция тезис АП

Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды: Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).
Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады. 
Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте ұстаған жөн. 
Пайдаланылған әдебиет:
Лекция 4
Ғылыми тақырып таңдау
1. Тақырыптың өзектілігі
2. Тақырыптың көтеретін проблемасы
3. Ғылыми стилде тақырып қою мәселесі
4. Зерттеуді ұйымдастыру
5. Ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау

Тақырып таңдау жазба жұмысын жазу үдерісінің ең маңызды кезеңі болып табылады. Мәселен, эссе тақырыбын таңдау, қарапайым сияқты көрінеді, дегенмен бұл біршама ойлануды талап етеді. Оқырман эссе мазмұнын толық оқымас бұрын эссе тақырыбын оқиды. Олар тақырыпқа қарап эссенің қандай бағытта жазылғандығы аңғарады.


Жазба жұмысы белгілі бір зерттеу тақырыбын қозғайды, ал зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау оның мақсаты мен міндетін айқындап алумен тікелей байланысты.
Негізінен зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты қарапайым негіздерден тұрады:

  • Зерттеу жұмысының жалпы бағытын айқындау

  • Арнайы бір тақырыпқа бағыт алу

  • Өз оқырманын қызықтыру.

Тақырыпты таңдау барысында жазба жұмысы беріліп отырған пәнге байланысты дәріс тақырыптары мен пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыпшыларды мұқият қарап шығу керек.
Тақырып таңдау барысында ескертетін жайттар:

  • Тақырып адамның жеке өміріне қатысты болмауы тиіс

  • Тақырып тым шағын болмауы керек

  • Тақырып тым кең болмауы керек

  • Тақырып бойынша ақпараттар аз болмауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет