Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет34/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Қыз  ұзату  (салт,  той).  «Ұлын-ұяға,  қызын-қияға  қондыру»-ата-
ананың  тілегі  әрі  парызы.  Соның  ішінде  қыз  ұзату-үлкен  той,  думан  әрі 
қызық.  Бұл  күні  ата-ана  қуанады,  әрі  жылайды.  Қуанатыны-қыз  өсіреді 
және  оны  құтты  жеріне  қондыруы,  жылайтыны-әрине  қимастық  көңілі. 
Қызды алуға құда (тақ санымен) бес не жеті кейде одан да көп адам келеді. 
Мұның  ішінде  бас  құда,  құдалар  және  күйеу  жолдас  болады.  Солтүстік 
және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар әдетте кешкілік 
баруы  керек.  Мұнда  ойын-сауық,  құдалық  рәсімдер  мен  кәде-жоралар 
жасалады.  Жақын  адамдар  құданы  үйіне  шақырады.  Ұзатылатын  қызды 
дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу 
жырын»,  жастар  «Жар-  жар»,  «Ау-жар»,  «Аушадияр»  айтылады.  Сонда 
құда аттандырар кәдесі беріледі. 
Құда  тартар  (салт).  Жол-жоралары,  салт-дәстүрлері,  түрлі 
ырымдары  мен  кәде  түрлері  өте  көп.  Солардың  ішінде  қыз  алуға  келген 
құдаларға жасалатын құрмет те аз емес. Сол сияқты олар тартатын күлкілі 
азап  одан  да  көп.  Олар  «құдаларын  құдайындай  сыйлай»  отырып,  «құда 
тартар» атты  кәделі дәстүрден аттап өтпейді. Бұл ойын-күлкіге, сайыққа, 
сынға  құралған  салт.  Мұнда  құда  тартар  кәдесін  сұрай  келген  әйелдер 


бастаған  топ  құдаларға  лап  қояды  да,  оларды  көкпар  тартқандай  тарта 
жөнеледі. Әрине, бұған қарулы жігіттер мен жас әйелдер араласады. Олар 
құдаларды  теріс  қарап өгізге  мінгізеді,  «кірлеп кетіптіғой»  деп өзенге  де 
апарып сүңгітеді, аяғын жоғары қаратып үйдің шаңырағына да асып қояды. 
Не  керек  жұрт  күлетін  қиын  да,  кейде  ерсі  қимылдарға  барады.  Бұған 
құдалар ашуланбайды. Қолынан келсе олар да құдағи жағына күш көрсетіп, 
оларды қоса құшақтай кетеді. Мұның өзі жұрттың көңілін көтеретін ойын-
сауыққа  ұласып  кетеді.  Қазақтың  құдалық,  неке  дістүрін  өткен  ғасырда 
П.Маковетцкий,  Н.Гродеков,  Л.Баллюзек,  А.Левшин  сияқты  орыс 
зиялылары кең зерттеп, тамсана жазған. 
Құйрық бауыр (салт). «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің 
бе» (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны 
бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» 
арнаулы  сый  әкеледі.  Әкелуші  әйел  «бауырдай  жақын,  құйрықтай  тәтті 
болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық 
бауыр  қазақ  дәстүрінде  құда  болудың  заңды  белгісі  құжат  болып 
бекітілген.  Құдалық  дәстүр  және  оған  сәйкес  әдет  ғұрыптар  әдетте  әзіл 
қалжыңсыз,  ойын  сауықсыз  өтпейтіндігі  әркімге  белгілі.  Сондай  ақ  осы 
«Құйрық бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай 
қалмайды.  «құйрық  бауыр»  ұсынғанда  қазақ  халқы  осы  салттың  ажарын 
мынадай өлеңмен өрнектеген: 
Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен 
ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай 
үлгілерінің  көпшілігі  ұмытылуға  айналған.  Дегенмен  ел  ішінен  оның 
бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады. 
Мойнына  бұршақ  салу.  Ертеде  баласы  жоқ  адамдар  мойнына 
көгеннің  бұршағын  салып  Аллаһ  Тағаладан  перзент  сұрап  жалбарынған, 
жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады. 
Отау көтеру (салт). «Көтерілген отауың құтты  болып, ұзақ жасап 
ішінде  сүйсін  жарың»  (Қыз  Жібек).  Ұлтымыздың  мәдениетінде  «отау 
көтердің»  деген  сөз  бар.  Ол  «үйлендің,  жұпты  болдың»  деген  мағынаны 
білдіреді. Демек, үйленумен бірге отау көтеруге тиіс. 
Әдетте  ұлы  үйленетін,  қызы  тұрмысқа  шығатын  ата-  ана  алдымен 
отау  дайындайды.  Қыз  жасауына  отау  қосыла  берілетін.  Отау  жас 
отбасының  бақыт  шаңырағы  болып  саналатындықтан  оны  барынша 
әсемдеп,  әдемілеп,  толық  жабдықтап  әзірлеу  аз  шаруа  емес.  Оған  көрші 
көлем, жақын туыс, нағашы жиендер тегіс араласады. Кесе аяқтан бастап 
үй киізіне дейін әкеледі. Сөйтіп, бүкіл ауыл болып отау көтеру әрі қызық, 
әрі міндетті іс. 
Отау алғаш тігілгенде оны құрметті әрі елге сыйлы аналар бастайды. 
Шаңырақты  да  бақанға  ақ  мата  байлап,  ел  ағалары  көтереді.  Отқа  май 


құйылады, «босаға майлау» жасалады. Алғашқы дастархан жайылып, оған 
мол  тағам  жасалады.  Кіргендер  шашу  шашып,  «құтты  болсын»,  «іші 
жанға,сырты  малға  толсын»  деген  тілекпен  қуанышын  білдіреді.  Жақын 
туыстар  отауға  көірмдік  әкеліп,  мал  атайды,  бағалы  мүліктер  сыйлайды. 
Жас отау әке үйінің оң жағына тігіледі. Бұл үйге жасы үлкендер шақырусыз 
кірмейді.  Ал  жастар  мен  балалар  қызықтап,  осы  отауды  төңіректейді. 
Ауылдастар  мен  жанашырлар  жас  отау  түтінінің  түзу  шығуын,  жаңа 
үйленгендердің  тұрмыс  тіршілігін  сырттай  бақылап,  келінге  баға  беріп 
отырады.  Жас  келін  ерте  тұрып  өз  үйінің  ғана  емес,  жанындағы  іргелес 
үйлердің де түндігін ашуы оның әдептілігі мен мәдениеттілігін білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет