Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері


  Жаһандану  жағдайында  жоғары  мектеп  студенттеріне



Pdf көрінісі
бет41/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

3.2  Жаһандану  жағдайында  жоғары  мектеп  студенттеріне 
ұлттық тәрбие беру әдістемесі 
 
Жалпы  адамның,  бүгінгі  жас  ұрпақтың  өз  айналаларын  төңіректеп 
қалмай әлемді тануына, жаһандық мәселелер көлемінде ой толғауына және 
жаһандық дәрежедегі рухани мұраларды игеруіне, оның рухани ортасының 
да  зор  әсері  болады.  Алайда,  бәрін  нарықтық  тұрғыдан  ойлайтын 
прагматизмнің күнгейін емес, көлеңкелі жағын үлгі етіп жүрген ортада өсіп 
жатқан жастарымыз жан азығынан гөрі, тән азығына жақындау сияқты. Ал 
мұндай жағдайда ел мүддесі үшін жасампаздық қызмет атқару, мемлекетті 
нығайту, оның ұлттық мүдделерін қорғау мен тұрақты дамуын қамтамасыз 
ету үшін қажетті маңызды қасиеттер жастар бойында қалыптасады деудің 
өзі ағаттық болар еді. Әл-Фараби ізгі қоғам құру үшін мәселені ең алдымен 
жастар  тәрбиесінен  бастау  керек  дейді.  Себебі,  келешек  қоғамның 
болашағы  тәрбиелі,  білімді  жастар.Сондықтан  тәрбие  мәселесін  білім 
беруден бөліп алуға болмайды. Қайта оны үнемі басты назарда ұстап, ең 
маңызды  мәселе  ретінде  қарастыру  толыққанды  ұлттық  тұлғаны 
тәрбтелеуге негіз болады. 
Білім сапасы саналы тәрбиемен ұштасқанда ғана ұлт, мемлекет және 
халық мүддесіне қызмет етіп, қоғам өзінің рухани дамуында үлкен серпіліс 
жасайды.  Тәрбие  мен  білім  бірегей,  қатар  жүретін  үрдіс.  Ендеше,  жас 
буынның  бойында  ұлтжандылықты  қалыптастыру  –  жаппай  жаһандану 
заманында ұлттық үрдістерімізді сақтап қалудың бірден-бір жолы. 
Сонымен,  студенттерге  ұлттық  тәрбие  беруде  халықтық  педагогика 
мұралары  мен  одан  бастау  алған  ғылыми  ізденістер,  зерттеулер  мен  озат 
педагогикалық  тәжірибелерге  талдау  жасау  негізінде  студенттерде  ұлттық 
тәрбие  беру  өлшемдері  мен  көрсеткіштеріне  сәйкес,  біз  төмендегідей 
студенттерді ұлттық рухта тәрбиелеуді қамтамасыз ететін педагогикалық – 
психологиялық шарттарды көрсетеміз: 


-  студенттердің  халықтық  педагогика  негізіндегі  ұлттық  тәрбиесін 
мақсаттылықпен, рухани құндылық бағдар мәнінде ұйымдастыру, халықтық 
мұраларды,  этнопедагогиканы,  ұлттық  психологияны,  пәндер  мазмұны 
жүйесінде үйрету; 

студенттерге  ұлттық  тәрбие  беруде  студенттердің  дара 
ерекшеліктерін 
зерттеу, 
олардың 
тұтастай 
ішкі 
психологиялық 
ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеру және 
әдіснамалық  принциптің  сана  мен  іс-әрекеттің  бірлігі  негізінде  осы  іс-
әрекеттің тұлғалық субъектісі деп тану; 
-  студенттерге  ұлттық  тәрбие  беруде  этнопедагогика  идеяларына 
негізделген  танымдық  сипаттағы  құндылық  бағдарын  дамыта  отырып, 
ұлттық  мәдениет  мазмұнын  таңдауда  және  рухани-адамгершілікті 
қатынасын кеңейтуге бағытталған педагогикалық жұмыстарды қамтамасыз 
ету; 
-  студенттерге  ұлттық  тәрбие  беруде  ұлттық  рухтағы  ой-санасын 
дамыту; студенттердің өз бетінше ізденушілік, ұлттық мәдениетті дамытушы 
тұлға ретінде қабылдауын қалыптастыру. 
Студенттерге  ұлттық  тәрбие  беруде  жинақталған  эмпирикалық 
білімнің практикамен тексерілген, ұрпақтан-ұрпаққа берілген мағлұматтар, 
іскерлік пен дағдылар жиынтығы және  халықтың әлеуметтік және тарихи, 
мәдени  тәжірибесінің  жемісі  ретіндегі  ұлттық  мұралар  қазіргі  ғылыми-
педагогикалық мәліметтермен ұштастырып, заман талабына сәйкес жоғары 
мектеп  тәжірибесіндегі  оқу-тәрбие  үрдісінде  тиімді  пайдалану  маңызды 
міндет болып табылады. 
Бұл  қазіргі  жоғары  оқу  орындарында  оқыту  жағдайында  дәріс, 
семинар,  конференциялар,  экскурсия,  студенттердің  өзіндік  жұмыстары, 
үйірмелер,  диспут  және  дебаттар,  консультациялар,  фолъклорлық 
экспедициялар,  көрмелер,  жарыстар,  сайыстар,  олимпиадалар,  ғылыми-
шығармашылық бірлестіктер мен клубтар, әңгіме, пікірталас т.б, түрінде 
ұйымдастырылады.  
Дәріс сабақтарында ұлттық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық 
негіздері,  ұлттық  тәрбиенің  ғылым  салаларымен  байланысы,  өзіндік 
ерекшеліктері,  ұлттық  тәрбиенің  бағыттары,  мазмұны  мен  тәлімдік  мәні 
айтылып,  студенттерге  ұлттық  тәрбиелік  жүйелі  білім  беру  мақсаты 
қойылады. 
Дәрістер  ұлттық  тәрбие  материалдары  жөніндегі  оқу-
танымдық  әрекетінің  құрылымы  мен  сипатын  түрлендіріп, 
студенттердің  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  ұсынылады  және 
оның  мазмұнын  конспектілеу  мен  ең  маңыздысын  ажыратып, 
туындаған  сұрақтарды  жазып  отыру  ескертіледі.  Дәрістер  соңынан 
қызықтыратын сауалдарға  жауаптар беріліп, ой-пікірлер алмасады, сөйтіп, 


олардың  ұлттық  тәрбие  мағлұматтары,  ұғым-түсініктері  арта  түседі. 
Халық шығармашылығы,  салт-дәстүрлері, жөніндегі дәрістер қазақ 
халқының  өміріндегі  фактілерді  логикалық  тұрғыда  тұтастай  әрі  өзара 
байланыста  үғынуға,  басты  мәселеге  ден  қойып,  баса  назар  аударуға 
көмектеседі, логикалық ойлау қабілеттерінің дамып, кеңеюіне ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет