Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет68/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Қорытынды 
 
Қазіргі  жаһандану  жағдайында  ұлттық  тәрбие  берудiң  мазмұнын 
ғылыми-педагогикалық  тұрғыда  саралау  төмендегiдей  қорытындылар 
жасауға мүмкіндік берді: 
ХХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХІ  ғасырдың  басында  Қазақстан 
Республикасындағы  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  «жаһандану 
жағдайындағы ұлттық тәрбие» ұғымын теориялық - әдіснамалық нақтылау 
мен  жетілдіруді  қажет  етеді.  Жаңа  әлеуметтік  қатынастар,  әлемдегі 
жаһандану  үрдісіне  сай  ұлттық  тәрбие  берудің  теориялық-әдіснамалық 
негіздері 
философиялық, 
әлеуметтанымдық, 
мәдениеттанымдық, 
психологиялық, педагогикалық тұғырлар тұрғысынан сараланды. 
 Тұлғаның 
бойындағы 
ұлттық 
тәрбиелілік 
- 
Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мәдениетіне құрметпен 
қарайтын,  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің 
қатарына  кіруге  өз  үлесін  қосатын  ұлттық  азаматты  қалыптастыру 
тұрғысынан қарастырылды. 
3.  Жаһандану  жағдайында  ұлттық  тәрбиелілікті  қалыптастырудың 
теориялық-тұжырымдамалық  негіздері  және  жүйесі,  оның  факторлары 
ұлттық тәрбиенің әдiснамалық негiздерiн айқындады.  
4.  Жаһандану  жағдайында  ұлттық  тәрбие  берудiң  педагогикалық 
және  психологиялық  негiздерiн  отандық,  алыс  және  жақын  шетел 
ғалымдарының  еңбектеріне  теориялық  тұрғыда  талдау  жасай  отырып, 
тұлғаның бойындағы ұлттық тәрбиелілікті қалыптастыру қазіргі қоғамның 
әлеуметтiк даму жағдайына негізделіп жүйеленді. Жаһандану жағдайында 
ұлттық  тәрбие  берудің  мазмұндық  (тұлғаның  ұлттық  құндылықтарды 
менгеруі),  мотивациялық  (тұлғаның  ұлттық  тәрбиені  меңгеруге  деген 
қызығушылығы),  іс-әрекеттiк  (ұлттық  мінез-құлық  дағдысының  болуы) 
компоненттері  арқылы  ұлттық  тәрбие  процесiнiң  логикасы  мен 
құрылымына сай өлшемдерi мен көрсеткiштерi, жүйесi айқындалды. 
5.  Қоғамның  жаңа  әлеуметтiк  даму  жағдайында  «Жаһандану 
жағдайында  ұлттық  тәрбие  берудің  тұжырымдамалық  қағидалары» 
тұлғаның  бойында  ұлттық  тәрбиелілікті  қалыптастыруда  негізгі  орын 
алады.  Тұлғаның  бойындағы  ұлттық  тәрбиелілік  олардың  білімге, 
қоршаған  әлеуметтік  ортаға,  табиғатқа,  еңбекке,  өзіне  қатынасы  арқылы 
көрініс 
беретіні 
тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың 
нақты 
нәтижелерімен дәлелденді. 
6.  Жаһандану  жағдайында  ұлттық  тәрбие  беруге  арналған  оқу-
әдістемелік  кешен  арқылы  тұлғаның  бойындағы  ұлттық  тәрбиелілікті 
қалыптастыруға 
болатыны 
тәжірибелік-эксперимент 
барысында 
дәлелденді. 


7.  Зерттеу  бойынша  біртұтас  педагогикалық  үдерісте  жүргiзiлген 
жұмыстарды зерделей келе, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар 
негiзiнде  студенттердің  бойында  ұлттық  тәрбиелілікті  қалыптастыруда 
төмендегiдей шараларды іске асырудың қажеттiлiгi туындады: 
1.  Алыс  және  жақын  мемлекеттердегі  іс-тәжірибелерге  сүйене 
отырып  жаһандану  жағдайында  ұлттық  тәрбие  беруге  арналған 
тұжырымдаманың қажеттілігі. 
2. Жаһандану жағдайында ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық 
идея  мен  мемлекеттік  идеологияның  негізгі  өзегін  ұлттық  тәрбие 
тұрғысынан қарастыра отырып, қоғамдағы экономикалық-әлеуметтік және 
мәдени  саладағы  жаһандану  үрдісі,  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге 
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмтылысы қоғамдық қарым-
қатынаста  ұлттық  тәрбиені  қалыптастыруға  бағытталған  іс-шараларды 
ұйымдастыру негізгі мәселе болуы тиіс. 
Қорыта  келгенде,  ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болып  келе  жатқан 
ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтар  арқылы  тәрбие  беру  тұлға 
бойында ұлттық сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар 
егемен  елiмiздiң  тәуелсiздiгiн,  ынтымағын,  бiрлiгiн  сақтап  қалатын 
жаһандану дәуірінде ұлтжанды азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің 
бар екендiгі анықталды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет