этномәдени сәйкестілік қалыптары орташа, ұлттық мәдениет мәнін терең
түсінбегенімен, ұлттық әдеп ережелерін біледі, ұлттық тіліне беріктігі,
толеранттық, патриоттық сана-сезімі
қалыптасқан, мінез-құлқын басқара
алады, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүріне сүйіспеншілік сезімі бар, ұлттық
мәдени қарым-қатынас пен ізгі қарым-қатынасқа түсуге тырысады, ұлттық-
мәдени шараларға қатынасады.
Жоғары деңгей - ғылыми білімі қалыптасқан, ұлттық дәстүрлер, ұлттық
тәрбиенің тарихи көздері туралы мәліметтердің мәнін толық түсінеді, ұлттық
ар-намыс, абырой туралы түсініктері тұрақты, ұлттық жауапкершілікті
сезінеді, этномәдени сәйкестілігі қалыптасқан, ұлттық мәдениет
мәнін саналы
түрде түсінеді, ұлттық әдеп ережелерін біледі, ұлттық тіліне берік,
толеранттық, патриоттық сана-сезімі жоғары, мінез-құлқын басқара алады,
ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне сүйіспеншілік сезімі жоғары, қарым-
қатынасқа еркін түседі, ұлттық-мәдени шараларға белсенді жауапкершілікпен
қатысады.
Кесте 6 - Студенттердің ұлттық
тәрбиелілігінің компоненттері, өлшемдері
мен көрсеткіштері