- І бөлім «Жантану».
Жантану ғылымы туралы түсінік. Іс-әрекет, қарым-қатынас, адамның
жеке дара қасиеттері, адам тану - ер жету өлшемдері, мінез және темперамент,
қабілет және дарындылық, түйсік пен қабылдау, зейін және ес, ойлау мен
сөйлеу, қиял мен шығармашылық, сезім мен ерік мәселелері қарастырылады.
ІІ бөлім «Әдеп».
Ата-баба дәстүрі - әдептілік негізі, жастық шақтың ерешеліктері
мәселелері қарастырылады. Б.Өтешованың «Әдеп және халық тәлімі», деп
[271] 5-11 сыныптарға арналған бағдарламасы қазақ халқының заманалар
бойынша жинаған рухани бай мұрасын, ежелгі дәстүрлерін, әдебін, салт-
санасын, аталық ұлағатты тәлімдерін жасөспірімдер санасына сіңіруді мақсат
етіп алады.
Бұл бағдарламалар мазмұнындағы тәлімдік ойлар мен тағылымдық
идеялар жаһандану жағдайында студенттерге ұлттық тәрбие беруде болашақ
ұрпаққа өз халқының төл мәдениетін, өнерін, мұрасын рухани қазына етіп
қабылдату, саналы түсініп, ой тұжырымдарын жасауға дағдыландыруда мәні
зор.
Бағдарламаның мазмұнына сөз анасы-cәлем, ұлттық болмыс ұғымдары,
тіліміздегі дәстүрлік жетілік ұғым, қазақша ай, жыл атаулары, ұлыстың ұлы күні,
дінмен байланысты мейрамдар, тиым сөздер, ырымдар, халықтан жеткен
ұлағатты ойлар, баталар, келбеттік құндылық иірімдер, киелі киіз үй, ас қадірі,
өнер әлеміне сапар, ұлттық болмыс ұғымдары, халқын сүйген-салтын сүйген,
өнерлі елдің өресі биік, ұлттық болмыс ұғымдары, инабаттылық қасиеттері,
тәлімнің түп тамыры, ұлттық тәлім-тәрбие бастауы, отбасы бөлімдері енген. Бұл
бағдарлама сайыстар, ізденіс жұмыстары, дәрістер, әңгімелер, пікірталастар,
рольдік ойындар арқылы ұйымдастырылды.
Оқу-тәрбие үрдісін ұлттық негізде құру мәселелеріне арналған ғылыми
практикалық бағытта орындалған еңбек Ә.Садуақасовтың басшылығымен
даярланған көпсалалы «Дәстүр» қазақ мектебінің авторлық тұжырымдамасы.
«Дәстүр» тұжырымдамасы [271], мынадай ерекшеліктері қамтиды:
- мектептің оқу-тәрбие мазмұнын таза қазақ тілі мен ұлттық мәдениет
құндылықтары негізінде құру;
- мектепке дейінгі тәрбиені мектептің өз құрылымында ұйымдастыру, әр
отбасының психологиялық ахуалын есепке алу;
- ұл және қыз тәрбиесін халық педагогикасы дәстүрлеріне сәйкестендіре
жүзеге асыру (даралап оқыту мен тәрбиелеудің тәсілін пайдалану);
- бастауыш сыныптарда пәндік жүйемен оқытуды ендіру;
- Әл-Фараби тағылымдарын дамыту (фольклорлық музыка, бейнелеу
және қолөнері пәндері), білімге сүйіспеншілігін ояту (ұлттық философия,
мәдени құндылықтар) және ізгілік тәрбиесін (әдеп, сымбат, риторика пәндері)
орнықтыру;
- тәрбие мен білім беру шарттарын (мазмұндық, әдістемелік және
ұйымдастыру) этнопедагогиканың бұлжымас қағидалары (ұлттық, тәуелсіздік,
дербестік, қажеттілік, табиғилық, үздіксіздік, сабақтастық, ынтымақтастық т.б.)
арқылы орындап, шынайы демократиялық, унитарлық, ұлттық мектеп құру;
- мектептің оқу-тәрбие үрдісін ғылыми-әдістемелік тәсілмен басқару;
- әлемдік озық педагогикалық технология мен ақпараттық жүйені кеңінен
пайдалану.
Тұжырымдаманы жүзеге асыруда, яғни қазақ халық педагогикасы
дәстүрлерін оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру нақты шаралар арқылы
дайындалған: оқыту мен тәрбие мазмұнын қазақ халық педагогикасы
дәстүрлерін пайдаланып, ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету.
Қорыта келгенде, мектептің білім және тәрбие мазмұнына халық
педагогикасының аса маңызды дәстүрлеріне жататын халқымыздың ұлттық
философияны, тарихы мен этнографиясын, этномәдениетті, логика мен
лириканы, шешендік өнерді ендіру арқылы қазақ халқының данышпандық
мектебін қайтадан қалпына келтіру мақсатын көздейтін жаһандану
жағдайында студенттерге ұлттық тәрбие беру бағыты жас ұрпақтың қолына
рухани, мәдени, білім мен ғылым құндылықтарын тапсыру және сол
құндылықтарды дамытып, бүкілхалықтық игілікке айналдыру, ұрпақ
тәрбиесінің мазмұнын жаңаша, ұлттық философия тұрғысынан қалыптастыру
мәселелерінің тұғырлы сипат алуы қажет.
Білім мазмұны қазақтың ұлттық философиясы негізінде қайта құрылып,
оқыту пәндері мен тәрбие мазмұнының ұлттық логикасын қалыптастыру,
ұлттық этикалық, эстетикалық, моральдық нормаларды ғылыми негізделген
заңдылықтарға айналдыру мәселесіне баса мән берілуі жаңарған ұлттық
мектебімізді қалыптастыруда маңызды болып табылады.
Біз өз зерттеулеріміз барысында жоғарыда жан-жақты талданып,
мазмұндық жағынан салыстырылған тәрбие бағдарламалары мектеп
тәжірибесі жағдайында ұлттық тәрбие беруді ұйымдастыру барысында
қолданыстағы құнды ғылыми-әдістемелік еңбектер болғанымен, жоғары
мектепте қазіргі жаһандану талаптарына сай ұлттық тәрбие беру
бағдарламалары немесе шаралар жүйесін жасаудың қажеттілігін дәлелдейді
деген шешімге келдік. Сондықтан, студенттермен ұйымдастырылатын ұлттық
тәрбие шараларының мәртебесiн көтеруде, студент тұлғасының танымдық-
шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуы, интеллектуалдық мүмкіндіктерінің
ашылуына жағдай туғызатын ұлттық тәрбие шаралары жүйесінің моделi
жасалды (Сурет 3).
Жинақталған тәжірибелер мен эксперименттік жұмыстар нәтижесінде
«Ұлттық тәрбие шаралары» жүйесін тәрбие жұмыстарына ендірудің ғылыми-
педагогикалық жобасы дайындалды; студенттік қоғамдық ұйымдар арқылы
әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық рухани-мәдени құндылықтар
негізінде ұлттық тәрбие беруді қамтамасыз етуші жұмыс бағыттарының
жүйесі біріктіріліп оның моделі жасалды.
Ұлттық тәрбие шараларының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
- дарынды, парасатты, жан-жақты мәдениеттi ұлттық тұлғаны
тәрбиелеу;
- Қазақстан Республикасының Ата Заңын, мемлекеттiк рәмiздерiн қадiр
тұтатын жас ұрпақ өкiлдерiн қалыптастыру;
- Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен татулығын сақтауда
олардың тарихы мен мәдениетiн меңгерту негіздерін қалыптастыру;
-
әлемдік
өркениет
пен
жалпыадамзаттық
рухани-мәдени
құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру;
- жаһандану кеңістігіне ену барысында ұлттық мұралар мен
қазыналарды сақтай білуге деген азаматтық- ізгілікті көзқарас қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасында отандық патриотизм сезiмiн қалыптастыру;
- ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, танымдық, тарихи-мәдени және
рухани мұраларды сақтай бiлетiн болашақ ұрпақты тәрбиелеу (5-кесте).
Ұлттық тәрбие шараларының негiзгi мазмұны:
- жоғары мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының жүйесіне
қосымша әдiстемелiк нұсқау;
- студенттер категориясының ұлттық белсенділігін арттыруға, өзiн-өзi
басқару жұмыстырының тиiмдiлiгi мен бірізділігін қалыптастыру негіздері.
|