Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет31/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Араша  түсу.  Дауласқан,  жанжалдасқан  адамдарға  басу  айтып, 
ажырату, сабасына түсіру – араша түсу деп аталады. Бұрындары мұн-дай 
жанжалда  ауылдың,  елдің  абыройлы  абызы  «Араша!»  Араша!  деп 
айқайлап, от шыққалы тұрған ортаға барып, ағайынға араша түскен. 
Арыздасу.  Бұл  фәнидегі  (өмірдегі)  тататын  дәм-тұзы  таусылып, 
өмірден  өтіп  бара  жатқан  ғаріп  отбасымен,  туған-туыстарымен,  көрші-
көлем,  дос-жарандарымен  соңғы  рет  тілдесіп,  хош  айтысады.  Мұны 
арыздасу  деп  атайды.  Арыздасуда  бақилық  болғалы  жатқан  пенде  біліп, 


білмей  жасаған  қателік,  күнә,  кінәлары  үшін  жиналғандардан,  олар  одан 
кешірім сұрайды. 
Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, 
шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен 
тез  атқару  үшін  ру  басының,  үй  иесінің  ауылдастарын,  туған-туыстарын 
шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы 
–  үме,  серне.  Үй  иесі  жәрдемдесуге  келгендерге  тамақ  дайындап,  сый-
құрметін  көрсетеді.  Асарға  келгендер  атқарған  жұмысына,  көмегіне  ақы 
алмайды. 
Асату. Оны С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында кең 
насихаттап  жазған.  Дастарқан  басында  ет  жеп  отырғандар  тоғая  бас-
тағанында,  төрде  отырған  ақсақал  қалған  етті  қолымен  қонақтарға,  жас 
балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген 
үйдің қасында жүретінді. 
Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-
құйрығын күзеп, оны  бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты 
әкеліп сояды. Бұл дәстүрді ат тұлдау деп атайды. 
Аунату.  Қазақтар  үйіне  келіп  қонақ  болған,  қонып  кеткен 
адамдардың  отырған,  жатқан  жеріне  «баламыз  осы  атасына  тартсын, 
бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын 
болған.  Елге,  ағайынға  сыйлы  азамат  кіндік  қаны  тамған  туған  жеріне 
келгенінде  халық,  туған-туыстары,  дос  жарандары  оны  сол  жердің 
топырағына  аунатып  алған.  Шыңғыс  Айтматов  үйіне  Мұхтар  Әуезов 
келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді. 
Ауыз  тию.  Алыс  сапараға  аттанарда  сол  адам  ауылындағы  немесе 
әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан. Сонда ол «Осы қара 
шаңырақтың киесі қолдайды» деп сенген. Отбасы тамақтанып отырғанда 
дастарқан  үстіне  келген  адам  ондағы  дәмнен  ауыз  тиюге  тиіс.  Әсіресе, 
таңғы  астан  ауыз  тимеуге  болмайды.  Астан  ауыз  тию  -  үй  иелерінің 
қонаққа,  қонақтың  дастар-қандағы  асқа  деген  ыстық  ықыласының  бір 
белгісі болып саналады. 
Аузына  түкірту.  Бұл  –  қазақтардың  ертеден  келе  жатқан  ырымы. 
Олар  батырлар  мен  билерге,  ақындарға,  тағы  да  басқа  атақты  адамдарға 
баласының аузына түкіртіп алатын болған. Түкіргенде оның ырымы ғана 
жасалады.  Бұл  ырым  баламыз  сондай  адамға  ұқсап,  өнегелі  болсын 
дегеннен туған. Баласының аузына бір адамға түкіртсе, жеткілікті. 
Аяғына  жығылу.  Кешірім  сұраудың  ең  үлкен,  кішіреюдің  ең  ауыр 
түрі  –  осы  ғұрып.  Оны  орындағанда  айыпты  адам  жанына  абыройлы, 
қадірлі  кісілерді  ертіп  алып,  тисті  адамның  үйіне  рұқсат  сұрап  кіріп, 
кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның 


аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. 
«Аяғына жығылу» - әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі. 
Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-
қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-
әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, 
мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет