Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет38/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Аушадияр (дәстүр). Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, 
жыр. Және  жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік 


маңызы  бар.  Көркем  шығармашылықпен  айтылатын  той  көркі,  салтанат 
сән,  өнегелі  өнер.  Мұны  іздеп  тауып,  өмірге  әкелген  жазушы  Уахап 
Қыдырханов  екен.  Аушадияр  жырының  үлгілерін  шетелдегі  қазақтар 
сақтап,  бізге  жеткізген.  Шынын  айту  керек  бұл  қазіргі  Қазақстан  елінде 
айтылмайды, халық жадынан мүлде шығып кетіп ұмыт қалған. 
Жыр  жаңа  қосылған  жастарға  арналады.  Мұнда  ақыл,  үлгі,  өнеге, 
тәлім  тәрбие  туралы  толғауды  санамалап  айтудың  халықтық  таза  бай 
дәстүрі  бар.  Ұлтымыздың  ұлағатты  әдет  салтының  бұл  түрін  өмірге 
енгізетін болсақ мәдени қазынамыз да, өнеріміз де өсе түсер еді. 
Беташар  (дәстүр).  «Уә  әлеумет!  Енді  беташар  тыңдайық!».  Жаңа 
түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру 
үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс туғандар тегіс 
қатынасады.  Жас  келіннің  екі  жағында  екі  көргенді  келіндері  тұрады. 
Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның 
басқа  туыстары  таныстырылып,  келін  оларға  сәлем  жасайды.  Сәлем 
жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын жігіт ән жырды желдірте, 
көңілді көтере жыр төгуі керек. 
«Беташар»  тойдың  басы  әрі  сәні,  жас  келіннің  жаңа  өмірге  бет 
алғанын білдіретін қызықты, салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі. 
Жар-жар (ғұрып). Ұзатылған қыз тойында қыз жігіттер тобы кететін 
қыздың  көңілін  аулап,  баратын  жағында  да  осындай  жақсы  жайлар 
болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге 
сыйлы 
болуына 
тілектестік 
білдіреді. 
Мұның 
бәрі 
өлеңмен 
айтылатындқтан  «Жар  жар»  қызықты  болып  естіледі.  Мысалы:  «Жар 
жарды» жігіт былай бастайды: 
Көрісу  жырлары  сүйіктісімен,  туғандарымен,  достармен,  қадірлі 
адамымен кездескенде, туған жерге оралғанда, аталастарымен қауышқанда 
және т.б. жағдайларда айтылады. Бұл өлең-жырларда қуаныш, ризашылық 
сезімдері  мол  болады,  оларды  мазмұны  мен  айтылатын  сәттеріне  қарай 
қоштасу  жырларына  қарама-қарсы  қоюға  болады.  Ел  ішінде  көрісу 
жырларының, әсіресе сүйіспеншілікке қатысты түрлері мол ұшырасады. 
Сәлем,  сәлемдеме  жырлары  жазбаша  не  ауызша  түрде  арнайы  бір 
адам арқылы, нақтылы біреуге жолданады, не болмаса көп жағдайда автор 
біреуге  бағыштап шығарады, ал келесі жақ мүлде білмеуі де ғажап емес. 
Бұл  өлеңдерде  ризашылық,  сүйіспеншілік,  өкініш,  сезімдерді,  келекелеу, 
т.б.  болады.  Олардың  арнай  бір  ерекше  мазмұны  жоқ,  ғашықтық,  мадақ, 
қайғы, әзіл-әжуа, тіпті кейде сықақ сипатында ұшырасады. 
Жерлеу  жырлары  жоқтау  мен  жылау  болып  жіктеледі.  Жылау 
арқылы  өлім  үстінде,  жерлеу  кезінде,  қырқынды,  не  асында  марқұмның 
қадір-қасиеті  мадақталады  және  артында  қалғандарының  қайғысы, 
азалануы мен орны толмас өкініш білдіріледі. 


Жоқтау әдетте қоғамға еңбегі сіңген елеулі адам қайтыс болған кезде 
айтылады. Жоқтауды, әдетте, ақындардың бірі шығарады, онда марқұмның 
тіріде  істеген  қызмет-істері  мадақталады  және  көпшіліктің  қайғысы 
бейнеленеді. Өзінің мазмұны мен мәні жағынан жоқтау жылаудан тұрады. 
Жылау кез келген қайтыс болған адамға айтылса, ал жоқтау сирек, 
тек  лайықты  адамдарға  ғана  бағышталады.  Жоқтау  өлімнен  басқа 
себептерге  байланысты  да  шығарылады.  Жер аударылып кеткен адамды, 
алыс сапарға ұзақ уақытқа кетушіні, не болмаса қадірлі атын, бүркітін, өтіп 
кеткен жастық шағын, артта қалған өмірінің көңілді шақтарын жоқтайды. 
Ұзақ  уақытқа  жолға  шығушы,  не  жер  аударылғандар  да  туған  жерін 
жоқтайды. 
Халық поэзиясында мақтау жырлары айрықша орын алады. Мақтау 
жырлары  бұрынғы  кезде  тек  шын  мәнінде  еңбегі  сіңген,  лайықты 
адамдарға  бағышталса,  ал  кейін  мақтаушыға  сый-сияпат  беру  дәстүрі 
олардың  мәнін  түсіріп,  сый,  лауазым,  қошемет  алу  үшін  небір  жалған 
сөздер айтылып отырды. Бұл құбылысты өткен ғасырдың 70-жылдарында 
ақын Абай тұңғыш байқап, өзінің өлең сөзімен аяусыз әшкереледі. 
Адамның  жан  құбылысы  –  оның  рухани  дүниесінің  айнасы,  ол  да 
бейне  бір  табиғат  құбылысы  сияқты.  Табиғаттың  құбылмайтын, 
құлпырмайтын кезі жоқ. Адам өмірін алып қарасаңыз, оның да сырт көзге 
көріне  бермейтін,  тереңде  жатқан  сыры,  заңдылығы,  мағынасы  бар 
бейнелерге  толы.  Бұл  жайды  Дулат  жырау  адамның  қайнаған  ортасында 
ғұмыр кешіп байқаса, сол сияқты адамның лебінен, демінен, лебізінен де 
оның  тірлігін  анықтауға  болатынын  қазақ  жақсы  білген.  «Жақсының 
жақсылығын  айт,  нұры  тасысын,  жаманның  жамандығын  айт,  құты 
қашсын»,  -  дейді.  Бұдан  пейіл  танытуға,  лебізге  қаншалықты  мән 
берілгенін байқаймыз. 
Қазақтың  дәстүрлі  ұлттық  мерекелерінде  де  болашақ  ұрпақты 
ұлттық  ерекшеліктер  негізінде  тәрбиелеу  мақсаты  көзделеді.  Ұлттық 
мерекелер  мен  ойындарда  тәрбие  құралдарына  пікір  алысу,  сұхбат, 
сынықтан өткізу, көрсету, түсіндіру, үйрету, жаттықтыру, талқылау және 
т.б. жатады. 
Қазақ тіл білімі зерттеулерінде әдеби тіліміздің қалыптасу жолында 
халықтың көркем ойлаудың көрнекті үлгісі болған би-шешендер сөздерінің 
бағалануы  жаңа  тұжырымдармен  де  толыға  түсетіні  –  табиғи  заңдылық. 
Бұл  орайда  профессор  Ө.  Әбдиманұлының  жаңа  пікірін  назарға  аламыз: 
«…тыңдаушысын толғандыру, одан соң ойландыру, бұдан кейін еліктіріп 
әкету,  ақырында  дәлелді  уәжге  бас  қойғызу  –  шешендік  сөздің  ерекше 
қасиеті  болды.  Уәж  сөзге  келерде,  үкім-кесім  қабылдағанда  халықтың 
мораль  кодексі  іспетті  мақал-мәтелдеріне  жүгініп,  өсиет,  мәтел  үлгілес 
афоризм сөздерді жиі қолданып отырған» [276]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет