Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет40/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Ұлттық  тарихнама  -  адамзат  қоғамының өткенін  барлық  қырынан 
жан-жақты  қарастыратын  бүкіл  әлемдік  жаһандану  дәуірінде  дамудың 
қуатты  шартына  айналып  отырған  ұлттық  тәрбиені  барынша 
қалыптастырудың бір жолы. Ұрпақ тәрбиесінде түркі тектес халықтардың 
тарихы  мен  мәдениетін,  салт-дәстүрлерін,  рухани-мұраларын  таныстыру 
арқылы әлемдік деңгейде ұлттық ерекшеліктерін танытуға бірден-бір жол 
ашылады. Бұл бағытта білім ұйымдарында, жоғары оқу орындарында түркі 
тектес елдердің тарихын, фольклорын, жазба әдебиеті мен өнерін оқытуды, 
рухани  мұрамызды  құрайтын  –  ұлы  қолбасшылар,  ғалымдар,  ақын-
жыраулар, би-шешендер, ойшылдар жайындағы еңбектерді жариялау мен 
насихаттау;  кең  көлемде  ақпараттар  алмасу;  түбі  бір  ұлттарды 
ынтымақтастыратын басқа да білімдік-тәрбиелік шараларды ұйымдастыру 
жаһандық деңгейге шығуға мүмкіндік туғызады. 
Ұлттық рух, патриотизм және білік. Қазақтарды өшпес ерлікке жетелеген 
де,  даңққа  бөлеген  де  ұлтымыздың  патриоттық  сезімдері,  Отанға  деген 
сүйіспеншілігі, күш – қуаты. Аға ұрпақ негізін салған қазақ патриотизімі 
жастар үшін үлгі.  Жастар біздің елдің болашағы, оларда күш, ақыл және 
үлкен  даму  мүмкіншілігі  бар.  Сондықтан  да  біздің  мемлекетте  жастарды 
патриоттық сезімге тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 
Патриоттық  сезімге  тәрбиелеудің  басты  көзі  тарих  және  оның 
сабақтары. Елін,  халқын сүю, құрметтеу оның  тілін, дәстүрлерін, салтын 
білуден басталады. Себебі бұлар – ұлттық ұстанымның негіздері. 
Патриотизмнің  негізгі  мағынасы  әр  азаматтың  ұлтын,  Отанын 
сүюден туындайды. «Патриотизм» - гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, 
отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау. 


Қазақтар  ежелден  басқа  халықтардай  Отанын,  ұлтын  сүйген. 
Батырларымыз  бастаған  қазақ  халқы  Отанын,  жерін,  ұлтын  жаудан 
қорғаған. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. 
Оған  қазақтың  мақал-мәтелдері  дәлел.  Мәселен,  туған  жер-отан  туралы 
мақалдар-мәтелдер: «Туған жерге туың тік», «Ит тойған жеріне, ер туған 
жеріне». «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» т.б. болып кете 
береді. 
Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, Отанын сүюуінің негізі 
болып  табылады.  Қандай  бір  халық  болмасын  отанын,  елін,  жерін 
сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде 
түркі тілді халықтардай отанын,  жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды 
тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді. 
Бірақ  кешегі  кеңес  заманында  таза  ұлттық  патриоттық  тәрбиені 
жалпы кеңестік патриоттық-интернационалдық тәрбиемен алмастырды. Біз 
интернационалдық  (ұлтаралық  татулық)  тәрбиені  жоққа  шығармаймыз. 
Қазақстан  жағдайында  тәрбиенің  бұл  саласы  бүгінде  де  қажет.  Бірақ 
патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс. 
Қазақ  халқының  өз  елін  шапқыншылықтан  қорғауда  ерлігі  аңыз 
болып өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, 
Ер  Қосай,  Қамбар,  Ағыбай,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай,  Баян, 
Қарқабат, Сураншы, Саурық, Сырым, Исатай сияқты батырлар жастайынан 
халық тәрбиесінің  бесігінде тербеліп өскен. Батырлар  жыры  да қазақтың 
елін,  жерін,  Отанын  сүюуінің  негізі  болып  табылады  Осыған  қоса 
бабаларымыз,  ел  қорғаған  азаматтарымыз:  Бәйдібек  баба,  Қойгельді, 
Сыпатай,  Сәмен,  Рысбек,  Бөлтірік  шешен,  Көшек  батыр,  Туғанбай, 
Тұрлығул  т.б.  істеген  ерліктері  бүгінгі  қазақстандық  патриотизмге  негіз 
бола алады. 
Қазақстандық  патриотизм,  қазақстандық  интернационализммен, 
яғни  қазақстандық  отансүйгіштік  қазақстандық  ұлтаралық  татулықпен 
байланысты  деген  ұғымды  білдіреді.  Оның  түбінде  ұлттық  және 
мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек. 
Ұлттық  идеология  дегеніміз  -  Қазақстанда  тұрып  жатқан  әр  ұлттың 
мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ 
қазақтың  ұлттық  идеологиясы  осының  көшбастаушы  болуы  тиіс.  Оған 
негізінен қазақ азаматтары атсалысуы, көш бастауы керек. Ал мемлекеттік 
идеологиямыз  -  ол  Қазақстанда  тұрып  жатқан  халықтардың  мүддесінен 
туындаған  мемлекет  саясаты.  Дәлірек  айтсақ,  «Идеология  (идея  және 
логия) - таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық 
сана, саяси, праволық, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни 
көзқарастар мен теориялық идеялардың жиынтығы». 


Бүгінгі  күні  ата-бабалар,  одан  кейінгі  ұрпақтардың  салып  кеткен 
жолымен жүріп, сол жолды ары дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен 
жаңаны  ұштастыру  Қазақстан  халқының  міндеті.  Елдің  тәуелсіздігі  көп 
нәрсеге  ой  салдырады.  Мұнда  тарихи  сананы  ояту,  жоғалғанын  өзіне 
қайтару,  өрлеу  дәуіріне  жол  ашу  деген  мағына,  сондықтан  қазақстандық 
патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, 
ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, 
адал  еңбек  ете  алатын,  жалпы  халықтық,  әлеуметтік  мәдениетті  түсініп, 
білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары 
түсіне  білетін  нағыз  адам  сүйгіштік,  қазақстандық  патриоттық  рухтағы 
белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек. 
Адамзат тарихының беттерін ақтара  отырып,  әлем құрлықтарында 
өмір  кешкен  халықтар,  ғасырлар  бойы  тәуелсіздік  үшін  күресіп  келгенін 
білеміз.  Еліміздің  дербес,  толыққанды  ел,  егеменді  мемлекет  болуы, 
халқымыздың  ертеден  бергі  еркіндік  үшін,  туған  жері  –  Отаны  үшін 
күресінің жемісі. 
Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен 
статусын  алуға  ұмтылысы  заңды  құбылыс.  Өйткені,  әр  елдің,  халықтың 
өзіндік  болмысына  тән  мақсат  –  мұраты  бар.  Мұрат  –  алға  жетелейтін, 
болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат 
немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани 
сананың көрсеткіші - идеал. Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: 
еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-
бірлік  пен  ынтымақ  орнаған  халық  болу.  Бұл  мұратты  жүзеге  асырудың 
негізгі  шарты  –  әрбір  Қазақстан  азаматының  қатардағы  қоғам  мүшесі 
деңгейінен  мемлекеттің  саналы  әрі  белсенді  азаматы  әрі  өз  Отанының, 
халқының нағыз патриоты дәрежесіне көтерілуі. 
Отансүйгіштік  -  азаматтық  санамен  қалыптасатын  қасиет. 
«Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-
тәлім  мұраларынан  сусындаған,  туған  жері  мен  елінің  рухани-
материалдық,  мәдени  құндылықтарын  бойына  сіңіре  білген,  ақыл  мен 
парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті 
өткен  мен  келешек  ұрпақ  алдындағы  парызбен  ұштастыра  білетін, 
ұлтжанды  саналы  азаматы  болуды  талап  ететін  құбылыс.  Қазақстан 
Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - 
жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін 
бойына  ана  сүтімен  бірге  сіңірген,  егеменді  елінің  еңсесін  көтеруді 
азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп атап көрсеткендей, 
еліміздің  елдігі  мен  бірлігін  сақтайтын  ұрпақ  тәрбиелеу,  білім  берудің 
барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі. 


Сонымен, этномәдениет мазмұны нені қамтиды және ол мазмұнның 
жастарды ұлтжанды, Отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеудегі құралы не? 
Қазақ  халқы  ұрпағының  «Сегіз  қырлы-бір  сырлы»  азамат  болып 
дамуын, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениет құндылықтарының 
тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге асырып келді. Ол 
құндылықтардың  негізін,  халқымыздың  -  әдеби,  музыкалық,  кәсіби, 
тұрмыстық фольклорлары құрайды. 
Халқымыздың  ауыз  әдебиеті  шығармашылығы  ұрпақ  тәрбиелеуге 
өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. 
Қазақ халқының музыкалық және поэтикалық шығармашылығында 
жырлаған  халықтың  Отан-анаға,  туған  жерге,  көз  жетпейтін  ұлан-байтақ 
қазақ даласына, оның табиғат байлығына деген сүйіспеншілігі музыкалық 
және эстетикалық тәрбие құралы болды. Сондықтан да қай кезде болмасын 
жыршылар, күйшілер, өлеңші-әншілер қазақ халқының музыка мәдениетін 
сақтау мен байытуда, жастарлың эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын 
тәрбиелеуде  айрықша  маңызды  роль  атқарады.  Олар  өздерінің 
дидактикалық  әндерінде  халықты  Отансүйгіштікке,  ұлтына  деген 
адалдыққа,  әділетке  шақырып,  жақсылықтың  жеңіп  шығатынына  сенуге, 
жамандықпен күресе  білуге, жақсы  атаулыға ұмтылуға дәріптеп отырды. 
Бұл ретте, музыка теориясын зерттеген, ноталық жазуды дүниеге әкелген 
әл  -  Фарабиді,  күй  атасы  Қорқыттан  бастап  Құрманғазы,  Дәулеткерей, 
Тәттімбет, 
Дина 
т.б. 
күйші 
композиторларымызды, 
әнші-
композиторларымызды (Біржан, Мұхит, Абай, Жаяу Мұса, Майра, Кенен 
және  Әміре  т.б.);  қазақтың  музыка  өнері  саласындағы  мәдениетінің 
эстафетасын  жоғары  көтеріп, бүкіл әлемге  паш  еткен: К.Байсейітова мен 
Қ.Байсейітовтер,  Н.Тілендиев,  Е.Серкебаев,  Р.Бағланова,  Б.Төлегенова, 
М.Бейсенғалиев, А.Мұсахожаева, Г.Мырзабекова, Р.Рымбаева, Ә.Дінішев 
сияқты өнер тарландарын мақтан тұтамыз. 
Қазақтың музыкалық құндылықтары, өткен ғасырларда Қазақстанда 
болған  шетел  ғалымдары  мен  саяхатшыларын  (П.Паллас,  Г.Клапорт, 
В.Радлов,  А.Левшин,  А.Янушкевич,  А.Алекперов  т.б.)  таң  қалдырғаны 
белгілі.  Олардың,  қазақтың  рухани  мәдениеті  туралы,  өткен  ғасырларда 
жариаланған  еңбектері  «Қазақтар  А.  Алекторов:  «Әнші  домбырасының 
шегін  қаға  бастады,  домбыраның  күмбірлеген  қайғылы  дыбысы  маған 
ерекше бір әсер етті. Қарапайым әнге - қарапайым музыкаға қанша поэзия 
сыйып жатыр. Қос шекті домбырада мұндай нәзік, мұндай әсем дыбысты 
шығады  дегенге  мен  еш  уақытта  сенбеген  болар  едім»  деп  ағынан 
жарылады.  Қазақ  халқының  музыкалық  фольклорының  қазыналары 
еуропалық  музыка  зерттеушілердің  ғылыми-зерттеу,  шығармашылық 
еңбектеріне арқау болды. Бұған дәлел ретінде тек Затаевичтің «Қазақтың 


500 әні», «Қазақтың 1000 әні» еңбектерін, Ерзаковичтың, Брусиловскийдің 
шығармашылығын айтсақ та жеткілікті. 
Қазақтың этномәдениеті құндылықтарының бір саласы - халықтың 
кәсіби  және  тұрмыстық  фольклоры.  Халқымыздың  тарихи-шаруашылық, 
тұрмыс-тіршілік болмысына байланысты: аңшылығы, саятшылығы, ағаш, 
тері, жүн өңдеуге қатысты қолөнері, зергерлік өнері т.б. сан-алуан өнерлері. 
Әсіресе,  халық  данышпандығының  бар  асылын  бойына  жинаған  сәндік-
қолданбалы өнері – халқымыздың қоршаған өмір шындығын музыкалық, 
поэтикалық  және  басқа  эстетикалық  дәстүрлер  аясындағы  эмоциялық 
сезімдері мен эстетикалық талғамдарын қалыптастырған этномәдениетінің 
қайнар  көзі.  Бұл  саладағы  өткенгі  және  қазіргі  қолөнер  бұйымдары, 
халқымыздың 
көркем-шығармашылық 
дәстүрлері 
мен 
рухани-
материалдық мәдениетінің құндылықтарын сақтауға, игере отырып байыта 
түсуге жетелейді. Халқымыздың кәсіби және тұрмыстық фольклорын жан-
жақты  зерттеген:  Ә.Марғұлан,  К.Ақышев,  Х.Арғынбаев,  Т.Басенов, 
Б.Байжігітов,  Ө.Жәнібеков,  С.Қасиманов,  Э.Масанов,  т.б.  еңбектерінде, 
ұлттық қолөнер түрлерінің дамуы, философиялық, тарихи, этнографиялық, 
мәдениеттанымдық  аспектілері,  рухани-материалдық  құндылық  ретіндегі 
әлемдік  мәдениет  аясындағы  алатын  орны  және  тәлімдік  маңызы 
бағаланған. 
Міне,  сол  құндылықтарды  туған  жерімізде  өмір  сүре  отырып 
игеруге, кезіндегі кеңестік ұлт саясаты кедергі жасап келді. «Тұтас кеңестік 
бір  ұлттық»  саясат  пен  оның  негізгі  тірегі  кеңес  үкіметінің  тоқырауы, 
біртіндеп  келмеске  кетуі,  қазақ  жастарының  азаматтық  санасына  ықпал 
еткен,  олардың  ұлттық  намысын  көтерген  -  1986  жылғы  Желтоқсан 
көтерілісінен  басталды.  Міне  бұл,  қоғам  азаматының  патриоттық  сана-
сезімінің  оянғаны.  Бүгінгі  еліміздің  егемендігі,  оның  саяси-әлеуметтік, 
экономикалық,  рухани-мәдениет  саласында,  әлемдік  іргелі  елдердің 
қатарынан орын алуы, сол азаматтық сананың жемісі. 
Қазіргі көпшілік түсінігінде де, ғылыми-танымдық, мәдени-көпшілік 
әдебиеттерде  де  патриоттық  тәрбиені  батыр  тұлғалармен,  соғыстағы 
ерліктермен  байланыстыру  жақтары  басым.  Алайда,  патриоттық  тәрбие 
беру компонентеріне ел экономикасы мен саясатын дамытудағы әлеуметтік 
белсенділік,  отанын,  оның  еркіндігі  мен  тәуелсіздігін  қорғау  үшін  өзін 
құрбан ету, мәдениетін дәстүрін дамытуға үлес қосу мен сүю де жатады. 
Осындай кең мағынасында алынған патриоттық сезім ғана тәрбиенің көпке 
ортақтығын көрсете алады. 
Кезінде Николо Макиавелли көне Рим Республикасының күшеюінің 
басты себебі Рим халқының рухтылығына тікелей байланысты болды, - деп 
көрсете  келіп,  өз  заманындағы  Италиядағы  дағдарысты  сол  «рухтың 


құлдырауынан,  соның  салдарынан  халықтың  мемлекетке  қызмет  етуінің 
әлсіреуінен», - деп түсіндірген болатын. 
Жалпы алғанда кез-келген мәселені шешуде сенім мен жігердің орны 
ерекше. Ал мұндай қасиеттер тек рухты адамға, рухы биік ұлтқа тән. Отан 
соғысы  кезіндегі  әдебиет  пен  өнердің,  жалпы  мәдениет  саласының  қол 
жеткізгені  –  рухы  күшті  жандардың  образдар  галереясын  жасауы.  Сол 
арқылы адамдарға күш-қуат, жігер берді. Бірақ, сол кезеңде ұлтық рухтың 
маңызы  айтылмады.  Интернационалистік  идеологиямен  қаруланған, 
қырағы  аппарат  қызметкерлерінің  елегінен  өтетін  шығармаларға  ұлттық 
рух туралы жазу мүмкін болмады. Ол ұлтшылдық болып саналды. Ал шын 
мәнінде солай ма еді?! 
Ұлттық тәрбиенің кыры мен сырын көптен бері зерттеп келе жатқан 
сөз  зергерлерінің  бірі  –  М.  Әлімбаев  ұлттық  тәрбие  ғасырлар  бойында 
қалыптасып,  қорлана  байып  келе  жатқан  ғылым  [278].  Әлеуметтану, 
психология  ғылымдары  адамның  шынайы  сезімдері  оның  бастапқы 
тәрбиесі кезінде қалыптасатынын ғылыми дәйектеді. Өйткені, бала бесікте 
жатқан  кезінен-ақ  естіген  өлеңдері  мен  ана  тілінің  ықпалында  қалайды. 
Сондықтан да, адам өмірінде ана тілінің орны ерекше. Рухани дүниемізді 
қалыптастыратын барлық діни, моральдық, эстетикалық сезімдеріміз осы 
тіл арқылы пайда болған. Адам бала кезінде тәрбие бастауын қай қоғамнан 
алған болса, сол қоғамда өмір сүруді қалайды.  Адамның талғамдары, ар-
ожданы,  сағынышы  өзі  өмір  сүрген  қоғам  мен  тәрбиесіне  байланысты 
болады. Олай болса, ұлт нәсілге, қауымға, жағрапиялық жағдайға, саясатқа, 
адамның  ерік  күшіне  байланысты  бірлестік  емес.  Әр  ұлттың  патриоттық 
сезімдерінің ерекшелігі де осында. 
Қазақ  халқында  ата  баласы,  аға  баласы,  қара  шаңырақ  иесі  деген 
орын тарихтағы осындай көріністер жастар санасының ұлттық намысы мен 
ұлттық  рухын  көтеруге  қызмет  еткен.  Мемлекеттік  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ететін  ұлы  күш  –  рухани  қуат,  жігер,  елдік  парасат,  таным, 
патриоттық сезім. Егер тұлға бойында жаһандану кезеңінде осы қасиеттер 
болмаса, егемендігімізді, елдігімізді дәлелдеу мүмкін емес. 
Осы  орайда  атап  көрсететін  жағдай,  әлемнің,  түркі  тектес 
халықтардың  моралына,  терең  сеніміне,  тұрақты  оптимистігі  мен 
ұлтшылдық  идеясына  көңіл  қоюы.  Ұлысыңа,  ұлтыңа  деген  құрмет  пен 
қызмет  те  патриоттық  сезімнен  туады.  Бұл  жағдайда  қазақ  ұлтының 
жастарына осындай өзге елдердің ерекшілігін айтудың тәрбиелік мәні зор. 
Біздің  ойымызша,  ежелгі  түрік  өркениеті,  оның  ішінде  Орта  Азия 
өркениеті  туралы  тұғырлы  ойлардың  ұлттық  тәрбие  беруде  маңызы 
ерекше. Қазақ жұртында ХХ ғасыр бойына «үрей» мен «ұлтпен санаспау» 
әдісінің негізінде теріс  психология қалыптасты. Бұл қалыптасудан арылу 
оңай  емес,  әсіресе,  ұлттық  рух  пен  санасы  неғұрлым  төмен  орыс  тілді 


қазақтардың арылуы қиын болды. Оларда патриоттық сезім қалыптастыру 
да  оңайға  түспесі  ақиқат.  Олар  өз  арасында  орыстану  психологиясы  мен 
әлеуметтік үстемдікті  көріп өсті.  Қазіргі  жаһандану  кезеңінде әлеуметтік 
ұлттық тәрбиенің басты міндеті-тәрбиенің түп-тамырын осы идеологияны 
өзгертумен негіздеу. Алғашқы өз қолы өз ауызына жеткен, өз тағдырын өзі 
шешкен  этностар  үшін  ғылыми-техникалық  прогресс  мейілінше  тиімді 
болды.  Ғылым  мен  техника,  білім  олардың  ұлттық  төлтумалығын 
орнықтыруға, мемлекеттік күш-қуатын нығайтуға қызмет етті. 
Осы тұрғыдан алғанда, «мәдениет», «өркениет» жолымен 70 жылдан 
астам уақыт дамыған Қазақстан мен қазақ халқының тағдыры тіптен бөлек 
болды.  Өйткені,  біз  дүниетанымымызды  да,  саясатымызды  да, 
әлеуметімізді де, мәдениетімізді де, тіпті адамгершілік нормаларымыз бен 
тәлім – тәрбиемізді де маркстік-лениндік іліммен өлшеп қалыптастырдық. 
Ұлттық мәселеге қатысты айтқандарымыз ұлтшылдық болды. 
Бүкіл  әлемдік  жаһандану  дәуірінде  дамудың  қуатты  шартына 
айналып отырған түрік бірлігін қалпына келтіру мәселесіне ерекше көңіл 
аудару  ұлттық  тәрбиені  барынша  қалыптастырудың  бір  жолы.  Ұрпақ 
тәрбиесінде  түрік  халықтарының  тарихы  мен  мәдениетін,  салт-
дәстүрлерін, рухани-мұраларын таныстыру арқылы әлемдік деңгейде түркі 
тектес елдердің ұлттық ерекшеліктерін танытуға бірден-бір жол ашылады. 
Бұл  бағытта  білім  ұйымдарында,  жоғары  оқу  орындарында  түркі  тектес 
елдерінің  тарихын,  фольклорын,  жазба  әдебиеті  мен  өнерін  оқытуды, 
рухани  мұрамызды  құрайтын  –  ұлы  қолбасшылар,  ғалымдар,  ақын-
жыраулар, би-шешендер, ойшылдар жайындағы еңбектерді жариялау мен 
насихаттау;  кең  көлемде  ақпараттар  алмасу;  түбі  бір  ұлттарды 
ынтымақтастыратын басқа да білімдік-тәрбиелік шараларды ұйымдастыру 
жаһандық деңгейге шығуға мүмкіндік туғызады. 
Бүкіл  әлемдік  жаһандану  дәуірінде  дамудың  қуатты  шартына 
айналып отырған түрік бірлігін қалпына келтіру мәселесіне ерекше көңіл 
аудару  ұлттық  тәрбиені  барынша  қалыптастырудың  бір  жолы.  Ұрпақ 
тәрбиесінде  түрік  халықтарының  тарихы  мен  мәдениетін,  салт-
дәстүрлерін, рухани-мұраларын таныстыру арқылы әлемдік деңгейде түркі 
тектес елдердің ұлттық ерекшеліктерін танытуға бірден-бір жол ашылады. 
Бұл  бағытта  білім  ұйымдарында,  жоғары  оқу  орындарында  түркі  тектес 
елдерінің  тарихын,  фольклорын,  жазба  әдебиеті  мен  өнерін  оқытуды, 
рухани  мұрамызды  құрайтын  –  ұлы  қолбасшылар,  ғалымдар,  ақын-
жыраулар, би-шешендер, ойшылдар жайындағы еңбектерді жариялау мен 
насихаттау;  кең  көлемде  ақпараттар  алмасу;  түбі  бір  ұлттарды 
ынтымақтастыратын басқа да білімдік-тәрбиелік шараларды ұйымдастыру 
жаһандық деңгейге шығуға мүмкіндік туғызады. 


Қазақстан  ұлттық  энциклопедиясында  «патриотизм  отаншылдық, 
отансүйгіштік, адамның отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен 
мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі» [277], - деп көрсетілген. 
Көшпелі қазақ өркениетінде елін сүю ең қасиетті міндеттердің бірі 
саналды.  Ежелгі  түркі  қағандығы  кезінде  тасқа  жазылған  Күлтегін 
ескерткішінде ел билеушілерінің еліне деген сүйіспеншіліктерінің ең үздік 
үлгілері  көрініс  тапқан.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы 
«қазақстандық  патриотизмді»  қалыптастыру  және  оны  азаматтардың  ой-
санасына  сіңіруді  мемлекет  дәрежеге  көтергенімен,  отаншылдық  ой-
сананы  қалыптастырудың  шешілмеген  мәселелері  бар.  Қазақстандық 
патриотизм - ел азаматтарының мелекетіміздің бүгінгі тұрақты өмірі  мен 
жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті. 
Отаншылдық сана - халықты топтастырушы рухани күш бола тұра, 
халықтың  күш-жігерін  тәуелсіздікті  нығайтуға  бағыттайды.  Сондықтан 
елдегі  тәлім-тәрбие,  идеология  мен  ақпарат  жүйесі  ел  тұрғындарының 
бойында  өзін  мемлктіміздің  төл  азаматы  ретінде  сезіну  көңіл-күйін 
қалыптастыруы  керек.  Отаншылдық,  елжандылық  туған  отбасына,  туып-
өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. 
Отаншылдықтың  қайнар  көзі  адамгершілік  қасиеттер  екені  талассыз. 
Отаншылдықтың іргетасы — ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын 
мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты 
рухани  құбылыс  ретінде  зорлықпен,  нұсқаумен,  биліктің  басқаруымен 
енгізу мүмкін емес. 
Студенттердің азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдері 
тек  қана  білім  мен  тәрбие  барысында  қалыптасады.  Білім  мен  тәрбие 
тетіктерін ұрымтал іске қосу арқылы ұрпақ бойына отаншыл болатындай 
асыл қасиеттерді  дарыту, түптеп келгенде,  Отан әлеуетін нығайтудың ең 
сенімді кепілі. 
«Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  патриоттық  тәрбие 
берудің  2006-2008  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында»  ел 
өміріндегі  бірқатар  проблемаларды  шешу  көп  жағдайда  азаматтық 
қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз 
еліне  мақтаныш  сезімге,  Отанының  мүдделерін  қорғау  жөніндегі 
азаматтық  борышын  орындауға  дайындығын  тәрбиелеуге  байланысты»  - 
деп  көрсетілген.  Ғасырлар  бойы  там-тұмдап  қалыптасқан  ұлттық  тәлім-
тәрбиелік  мұрамыздың  астарларын  түйіндеу  талай  жылдардың 
нәтижесінде сұрыпталып жасалатын кұбылыс. 
Этномәдени  қалыптасу  -  жалпы  адамзаттық  өркениет  пен 
адамгершілік тәрбиеге, ұлттық дәстүрлерге негізделген. Ол біздерден тек 
бірыңғай  білім  беруді  емес,  саналылық  пен  сауаттылықты,  зеректік  пен 
іскерлікті,  зиялылық  пен  зор  интеллекті,  әсіресе,  шыдамдылық  пен 


төзімділікті  қажет  етеді.  Еліне,  ұлтына  деген  сүйіспеншілік  пен  құрмет 
қалыптастырады. 
Елдің тәуелсіздігі тек оның саяси-экономикалық дербестігінде ғана 
емес, рухани дербестігінде де. Ұлы дала руханиятының алты мың жылдық 
тарихын айтпағанда, Анахарсистен Абайға, одан біздерге дейін жол тартып 
жатқан екі мың жылдық ғақлиятты ой кешу үрдістеріміз бар. Олар біздің 
көне  тектеріміздің  рухын  бейнелейтін  материалдық  айғақтар,  таңбалы 
қоныстар, сақ қорғандары, тәңірге табынған ғұндардың үштік үрдісі т.б. 
Қазір  әлемдік  жаһандану  үдерісі  қарқын  алған  сайын  дүние  жүзі 
халықтары  өздерінің  ұлттық  төлтумалығын  сақтап  қалуға,  патриоттық 
сезімдерін  шыңдай  түсуге  айрықша  көңіл  бөлуде.  Біздің  еліміздің  де 
егемендік  алып,  тәуелсіз  демократиялық  мемлекет  болу  жолына  түсіп 
жаңадан қайтадан түлеп жатқан кезінде өскелең ұрпақты ұлттық мәдениет 
пен ұлттық идеология рухында оқытып, тәрбиелеу ісі күн тәртібіне негізгі 
мәселенің бірі ретінде қойылып отыр. Көптеген жылдар бойы партиялық, 
әкімшілік-әміршілдік тоталитарлық саясатқа жүгіну садарынан ұмыт бола 
бастаған  ата-баба  дәстүрін,  әдет-ғұрпын  жон-жосық,  жол-жоралғысын, 
ұлттық мәдениетін, ана тілін, діні мен ділін, елдік тарихын, ұлттық өнерін 
кайтадан  жаңғырту  аса  қажет.  «Ана  тілін  сүймеген,  халқын  сүйіп 
жарытпас»,  -  дегендей,  жас  ұрпаққа  туған  халқының,  кір  жуып,  кіндік 
кескен  атамекенінің  сыр  сипатын,  ұлттық  тәлім  тәрбиесінің  ерекшелігін, 
өнеге үлгісін танытар ғылыми білімнің негізі - ұлттық тәрбие беру. 
Әрине, әр этностың өзіндік философиясы мен психологиясы, наным-
талғам-мұраты,  бүкіл  тұрмыс-тіршілігі  ерекшеленеді.  Оларда  қарапайым 
ғылыми  түсінікке  жақын  түйіндер  жоқ  емес.  Бәрінде  де  тәлім-тәрбиелік 
астар  жеткілікті,  осынау  ұғым-түсініктердің  адам  тіршілігіне  қатысты 
тіршілік  аясында  қолданылмайтын  жері  жоқ  және  халқымыздың 
тарихында  күні  бүгінге  дейін  өскелең  ұрпақты  оқытып  тәрбиелеуде 
қолданылып  келе  жатқаны,  атадан  балаға  мирас,  тұтас  халықтық  тәлім-
тәрбиенің, яғни халық педагогикасының әдіс-тәсілдері. 
Сондықтан  қазақ  ұлттық  тәрбиесі  бағытында  теориялық  зерттеу 
жүргізу арқылы ғана ұғымдарын біртіндеп қалыпқа түсіре аламыз. Өйткені 
қай  халықтың  тәрбиесі  болмасын,  ғасырлар  бойы  тірнектеп  жинақталған 
халықтық  педагогиканың,  этностық  тәлім-тәрбиенің,  осы  саладағы  түрлі 
тәжірибелерінің  озығы  мен  тозығын  қорытындылау  арқылы,  оларды 
белгілі бір жүйеге топтастыру арқылы жасалынады. 
Қазақтың ұлттық тәрбиесі - оның негізгі қағидаларын айқындайтын, 
теориялық  сипаттағы  тәрбие  бағыты.  Кез-келген  білім  -  таным  мен 
тағылымның  нәтижесі.  Ал  тәрбие  алдымен  ұлттық,  сонан  кейін  ғана 
жалпыадамзаттық  үрдіс.  Олай  болса,  тәрбиеден  тыс  білім  –  рухани 
нысанадан  алшақ,  патриоттық,  отансүйгіштік  сезімі  жоқ,  біржақты 


ұрпақты тәрбиелеуге әкеледі. Тәрбие абстрактілі берілмейді. Ол белгілі бір 
қоғамда өмір сүруде, ұлыс пен ұлтты  дамытуда нәтижеге қол жеткізетін, 
ұлты  мен  қоғамды  дамытатын  қозғаушы  күш.  Қоғамның,  жалпы 
адамзаттың  ілгерілей  дамуы  заңды  құбылыстардың  бірі.  Осы  әлеуметтік 
ортаның  дамуында,  қазіргі  жаһандану  кезінде  тәрбиенің  алатын  орны 
ерекше. Жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мен оларға этномәдени тәлім-
тағылым беру бүгінгі Қазақстан дамуының, оның бәсекелестікке қабілетті 
елге айналуының бірден – бір көзі. 
Қазіргі ғылыми әдебиеттер мен энциклопедияларға сүйенсек– білік 
адамның  белгілі  бір  құбылыс  немесе  күрделі  мәселелерге  ой  жүгіртіп, 
пайымдау қасиеті. 
Қазақ  халқының  дәстүрлі  дүниетанымында  білік  адам  бойында 
оқудан  гөрі,  көрген-білгенін  көкірекке  тоқи  білу  арқылы  қалыптасады. 
Негізінен,  білік  көпті  көрген,  көкірегі  ояу,  санасы  сәулелі,  байыпты 
жандардың  бойында  болады.  Біліктің  екі  түрлі  сипатын  ашып  көрсетуге 
болады. Оның біріншісі – қоршаған орта, әлеуметтік құбылыстардың мәнін 
түйсікпен,  зеректікпен  түсіне  білу  қабілеті  де,  екіншісі  –  адамдардың 
жинақтаған  мол  тәжірибесін  игеру  негізінде  ой  қорыту  қасиеті.  Бірінші 
сипат  адамның  табиғи  физиологиялық  ерекшелігіне,  оған  тек  арқылы 
берілетін  қасиетке  байланысты  болса,  екінші  сипат,  адамзаттың  іс-
тәжірибелік қызметін игеріп, меңгеруден келіп шығады. Осы екі сипаттың 
тоғысынан  біліктің  жоғары  деңгейі  –  зиялылық,  кемеңгерлік,  даналық 
қасиеттер пайда болады. 
Білікті білімнен ерекшелендіріп тұратын басты белгі – оның ғылыми 
білімнен тыс форма ретінде де өмір сүретіндігі. Кейде  білік ұғымы тұлға 
қабілетінің деңгейін көрсететін ұғым ретінде де қолданылады. Біліктілік– 
адамның  белгілі  бір  білім  жүйесін  тәжірибеде  пайдалана  алу  қабілеті, 
адамның  өзі  таңдаған  қызметінде  өз  білімін  көтеріп,  үйренуін  алдын-ала 
айқындап, білікті адам болуға бағытталуы. Біліктілікке үнемі іздену, өзін-
өзі жетілдіру арқылы жетуге болады. 
Өз  тағдырының  тізгіні  өз  қолына  тимеген  қазақ  сияқты  этностар 
үшін  ғылыми-техникалық  прогресс  пен  өзге  тәлім-тәрбие  ұлттық  дамуға 
негіз бола алмады. Себебі, ғылым мен техника, жаңаша білім беру жүйесі, 
тәрбие  олардың  төл  болмысынан  жетілмей,  өктем  ұлттар  мен 
мемлекеттердің  экспансиялық  қаруы  ретінде  сырттан  енгізілді. 
Нәтижесінде,  әлсіз,  аз  этностар  өздерінің  төлтумалығын  көмескілеп, 
ассимиляцияға ұшырап, ұлттық қорғаныс тетіктері болып табылатын салт-
дәстүрлерін,  тілін,  мәдениетін,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  болмыстарын 
жоғалта бастады. 
Адамның  дүние  туралы  түсінігінің  басы  өзінің  рухани  қасиеттерін 
тануға  талпыныс  жасауымен  байланысты.  Ал  рухани  қасиет  белгілі  бір 


әлеуметтік ортада қалыптасады. Ол орта әр адам үшін алдымен  – ұлттық 
орта. Ендеше ұлттық (әлеуметтік) ортаның болатыны сияқты ұлттық рух та 
бар және ол адам болмысының басты анықтауыштарының бірі. 
Рухы  биік,  күшті  елдер  қандай  заманда  да  бағы  таймаған, 
жасампаздыққа қол жеткізген. Сол жасампаздық істерді жасаған да рухы 
биік  тұлғалар.  Ондай  тұлғаларды  өмірге  әкелетін  факторлардың  бірі, 
әлеуметтік  орта,  әлеуметтік  бағыт-бағдар,  ұлттық  тарихи  тағылым.  Ол 
мемлекеттік  саясаттың,  оның  ішінде  әлеуметтік  саясаттың  жағымды 
факторлары. Олай болса, біз мемлекеттік саясат пен ұлттық рухтың бірлік 
диалектикасын аталған жағдайлардан көреміз.  
Қазір  әлемдік  байланыс  күшейіп,  жаһандану  үрдісі  қарқын  алған 
сайын  дүние  жүзі  халықтары  өздерінің  ұлттық  төлтумалығын  сақтап 
қалуға, патриоттық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде. Олай 
болса,  білім  беру  жүйесіндегі  этномәдени  құндылықтар  білім  беру  мен 
тәрбиенің  өзекті  ұстанымына  айналуы  керек.  Этномәдени  тәрбие  беру 
ұлттық рухты қалыптастыруға, патриоттық тәрбие беруге септігін тигізеді. 
Көне  замандағы  ата-бабаларымыздың  ілім  іздеуден,  жаңа 
көзқарастан, айырықша жаңалық тауып оны санада  қалдыруға ұмтылған, 
сол арқылы тәлім-тәрбиелік идеяларын дамытуы сол идеяларды жаһандану 
кезінде жария ету тәрбиесіндегі басты шарт. 
Өткенімізді сараптап қарағанда, халқымыздың басындағы  тағдырлы 
жылдардың  өз  сипатына  сай  отаншылдық  қасиетті  өзегіне  айналдырған 
ерліктері ұлттық тәрбиені жаһандық деңгейде дамытуға негіз болады. 
Патриоттық  тәрбие  беру  компенентеріне  ел  экономикасы  мен 
саясатын дамытудағы әлеуметтік белсенділік, отанын, оның еркіндігі мен 
тәуелсіздігін қорғау үшін өзін құрбан ету, мәдениетін дәстүрін сүю жатады. 
Олай  болса,  бұрын  арман  болған,  өз  бастауын  әріден  алатын  сан 
мыңжылдық  тарихы  бар  түркі  –  тұран  мәдениетінің  мирасқоры  қазақ 
халқының, өз ұлтымыздың бұрынғы және кейінгі рухани әлемінен өскелең 
ұрпақты  хабардар  етіп,  келер  ұрпаққа  құнды  дүние  қалдыру  әлемдік 
деңгейде  ұлтымызды  дамытудың  негізгі  бағыты  екені  сөзсіз.  сай  келетін 
осы заманғы білім беру жүйесі қажет. 
Қорыта  келе,  Қазақстан  сияқты  көптеген  ұлыстар  мен  ұлттардың 
өкілдері  шоғырланған  мемлекеттің  алдында,  біріншіден,  біртұтас  білім 
кеңістігін  қалыптастыру  міндеті  тұрса,  екіншіден,  жас  ұрпақты 
қазақстандық  мәдени-рухани  қайнарлардан  сусындату  тарихи  қажеттілік 
болып  отыр.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  Қазақстандағы  оқу  орындарының 
алдында  мәдени-кіріктіруші  және  мәдени  түлетуші  қызметін  танытатын 
әлеуметтік  мақсаттары  айқындалуы  тиіс.  Олар,  біріншіден,  жастардың 
ұлттық  дүниетанымын  әлемдік  мәдени  құндылықтар  мен  диалектикалық 
тұтастықта жетілдіріп отыру қажеттілігі; екіншіден, ұлттық құндылықтар 


жүйесін  сақтай  білуге  және  оны  белсенді  түрде  басшылыққа  алуға 
жастарды баулу мәселесі; үшіншіден, жас ұрпаққа білім беру барысында, 
бір жағынан, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп 
отыруына,  екінші  жағынан,  өз  елінің  этномәдени,  тарихи,  әлеуметтік-
экономикалық ахуалын терең тануына айрықша көңіл бөлу. 
Мұндай  мақсаттардың  орындалуы  көп  жағдайда  білім  мазмұнына 
тікелей байланысты. Әсіресе, білім мазмұнының гуманитарлық компоненті 
негізгі  рөл  атқаратынын  айрықша  атап  өткен  жөн.  Мұның  өзі  түптеп 
келгенде,  отаншылдықты  өмір  шындығына  айналдырудың,  сол  арқылы 
патриоттық сезім қалыптастырудың негізгі тетігі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет