Үлкен қалаларда, зауыт, фабрикалар маңайларында қыналар өспейдi, себеi, оларға таза ауа қажет.
Қыналардың көбеюi.
Қыналардың симбиоздық ағзалар ретiнде өте ертеде шыққандығына күмән келтiруге болмайды. Қыналардың құрамына кiретiн көпшiлiк балдырлар мен саңырауқұлақтар табиғатта өз бетiнше жеке кездеспейдi. Көптеген миллион жылдар iшiнде қыналарда өздерiнiң көбею жолдары пайда болған. Мысалы, олар саңырауқұлақ жiпшелерiмен шырмалған балдырдың бiр-екi жасушасынан тұратын бөлшекпен көбейедi. Осындай бөлшектер қыналар қабаттамалары iшiнде көптеп түзiледi. Олардың көбейiп өсуiнен қына деңесi жарылып бұл бөлшектер желмен таралып кетедi. Қыналар қабаттамаларының бiр сынған бөлiгiмен де көбейе алады.
Бұдан басқа, саңырауқұлақтар мен балдырлар әрқайсысы өзiнiң көбею әдiстерiн де сақтаған. Саңырауқұлақтар өз спораларын түзедi, балдырлар вегетативтiк жолмен көбейедi.
Қыналар саңыауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбелесіп тіршілік етуінен пайда болады. Саырауқұлақ жіпшелері балдырларға құрамындағы су және минералды заттарын береді. Өздері балдырладың фотосинтезі нәтижесінде түзілген ағзалық заттарыме көроетенеді. Қыналар бір топ саңырауқұлақ жіпшелері арқылы төсемікте орнығады. Оның құрамындағы саңырауқұлақтар тек қынадан ғана табылған. Ал қына құрамындағы балдыр түрлерінің табиғатта өз бетінше тіршілік ететіні де бар.
Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер. 2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет. 4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений» 5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл 6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.