А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институты
Орындаған: Кланова А.М.
ДОВ -23-114(2)-10
Қыналар
Қыналар
- ерекше және ғажап ағзалар. Саңырауқұлақты жіпшумағы көк-жасыл балдырды орап жатады. Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк-жасыл балдырды түсіне байланысты. Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орналастырады. Оның құрамындағы балдырларды ауадаң ылғал мен шаңды сіңіру арқылы минералды заттар түзеді. Осыған орай саңырауқұлақ зерттеушілер (микологтар) қынаны саңырауқұлақ бөлімі ретінде қарастыруда.
Қыналар - (лат.Lichenes) денесі екі құрамбөліктен (балтыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Қыналар соңғы уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктеге жатқызылып келді. Алайда олардыңң құрылысыжәне тіршілік әрекетіерекше болғандықтан, соңғы кезде саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі етінде өз алдына жеке қарастырылатын болды.
Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталға ақшыл-жасыл, ақшыл түстілері - бұта тәрізді қыналар.
Қыналардың морфологиялық құрылысы.
Қыналардың сыртқы пішіні мен көлемі – алуан түрлі. Оларды сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі.
Қабықты (қаспақты) қынаның құрылысы басқаларына қарағанда қарапайым. Бұлардың талломы төсемікке тығыз жабысып өседі де, оны алғанда бұзылады және көпшілік уақытта ұнтақ, дән, кедір-бұдырлы немесе тегіс қаспақ сияқтанып келеді. Барлық қыналардың 80% - тейі қаспақты қынаға жатады.
Жапырақты қыналардың құрылысы күрделірек. Төсемікке жайылып жататын пластинка пішінді, төменгі жағында резина деп аталатын гифалардың ұштары арқылы бекінеді. Төсеміктен оңай алынады және дорзовентральды құрылысты келеді.