Ғаламтор Ғаламторға тәуелділіктің түрлері Ғаламторға тәуелділіктің түрлері Сетеголизм Интернет-серфинг
Балалар
компьютерлік ойындарға тым тәуелді. Бұл кезде ол
сабағын, күн тәртібін, достарын, тіпті тамақ ішуді ұмытып кетеді.
Жасөспірімнің барлық уақытын чаттарда, форумдар мен
әлеуметтік желілерде өткізуге деген құмарлығын шартты түрде осылай атайды.
Әлеуметтік желідегі
коммуникация өмірдегі қарым-қатынастан маңызды бола түседі.
Бұл бір сайттан бір сайтқа мақсатсыз өтіп, сілтемелер арқылы
ғаламторды
шарлау. Бала бұл
кезде қауіпті
сайттарға кіріп кетуі мүмкін.
Тәуелділік симптомдары
бала бұрынғы хоббилерінен бас тартады;
қатарластарымен, туыстарымен
араласуға қызықпайды;
уақытты ұмытып, компьютерде ұзақ уақыт отырады;
тұйықталып, ашушаң бола бастайды;
виртуалды достары көбейеді;
ата-анасына ғаламторда не істеп отырғанын айтқысы келмейді.
компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру; ата-аналарымен кикілжіңге бару;
үйге кешігіп келу;
сабаққа үлгерімі нашарлап, сабаққа жиі бармай қалу;
баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды;
— өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады;
күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді;
берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады;
ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды;
көз жанары төмендейді,
басы ауырады,омыртқасы бұзылуы басталады
Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер ойынына тәуелділік ықтимал» деген анықтама қойылады. Ал егер жеті немесе одан да көп белгі байқалса, ол тәуелділіктің құлы деп саналады.
Интернет-тәуелділік психологиялық тәуелділік формалары бірі болғандықтан, бұл мәселені қарым-қатынастың психологиялық аспектісі тұрғысынан қарастырамыз. Сонымен зерттеу барысында қарым-қатынас құралы ретінде интернетке жүгінудің келесі себептері анықталды.