кез-келген ақпараттардың, оның ішінде жасөспірімдер тәрбиесіне кереғар әсер ететін бейәдеп ақпараттардың да қол жетерлік деңгейде болуы адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыпты нормаларын сақтауды қажет етпейтін анонимді желі болуына байланысты агрессияны шығару жолдары т. б. болуы мүмкін. Тәуелділікті жеңудің ең қарапайым, әрі қолжетімді жолы - басқа нәрсеге алаңдау. Салауатты өмір салтын ұстану, табиғат аясында көп уақыт өткізу, шығармашылық заттармен айналысу, мысалыға сурет салу, өлең-әңгімелер жазу. Осындай жоддар арқылы тәуелділіктен шығуға болады.
«Ғаламторсыз 24 сағат» немесе «Ғаламторсыз демалыс» атты зерттеу жұмысын жүргізген болатынмын. Жоба барысында оқушылар ұялы телефондарын ата-аналарына тапсырып, 24 сағат бойы ғаламторға кіруден бас тартады.
Демалыс кезінде оқушылар үйреншікті әлеуметтік
желілерде отырудың орнына, неше-түрлі қызықты істермен айналысты. Яғни кітап оқиды, өлең, мақал-мәтелдер жаттайды, би үйренеді, футбол ойнайды, спортпен шұғылданады. Бұл арқылы оқушыларды ғаламторға тәуелді болудың алдын алып келеміз.
Қорытынды
Қорытындылай келе, дені сау саламатты ұрпақты тәрбиелегіміз келсе, қоғам болып отбасынан бастап, мектеп, арнайы орта және жоғары оқу орындарының барлық білім алушылары мен педагогтарының алдында үлкен міндет тұр. Ол — адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесі, яғни тұлғаны әлеуметтендіру мәселесіне басты назар аударғанымыз жөн. Егер әр адам бала кезінен өз ортасында ізгі қарым-қатынастар негізінде тәрбиеленсе және сүйікті ісімен айналысып, мәселен спорт, музыка, техникалық үйірмелер , дебат клубтары немесе шебер қолдар үйірмелері т.б. тәуелділік мәселелеріне тосқауыл қойылар еді. Сонымен бірге, ғаламтор желісін қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.