Әлемдегі ең үлкен өзен қандай? Көзге көрінбейтін, атмосфера бойымен ағып жатқан өзен! Таңқаларлық жайт, тек елестетіңіз. Амазонка өзеніне қарағанда, тропикалық ормандар мен Амазонка бетіндегі бу мен бұлтта су әлдеқайда көп.
Шуақты күндердің бірінде 20 миллиард тонна су буланып, ауаға көтеріліп, ағаштардың арасынан ағып өтеді. Демек, бұл аспанда ағып жатқан нағыз көзге көрінбейтін өзен!
Жоғарыға көтерілген судың барлығы қайта өзенге қандай түрде оралады?
*
A) Жаңбыр
B) Жел
C) Тұман
D) Торнадо
Сара қағазға F әрпін жазды. Ол бұл қағазды сағат бағытына қарсы 180 градусқа, кейін қағаздың ұзын қырының бойымен айналдырып, қағазды айнаға қарай бағыттады. Сара айнадан әріптің қандай бейнесін көреді?
*
A)
B)
C)
D)
Асанның фермасында сиыр мен тауық бар. Бұл жануарлардың барлығының аяқ санын қосқанда 440 аяқ шығады. Бір күні Асан 20 жануардың қашып кеткенін және жануарлар аяқтарының жалпы саны 378-ге дейін азайғанын байқады.
Төмендегі сандардың қайсысы қашып кеткен сиырлардың саны болуы мүмкін емес?
*
A) 10
B) 11
C) 12
D) 1313
Жыл сайын әлемдегі ең мықты шахматшылар әлем чемпионы атану үшін турнирде өз бағын сынайды. Турнир барысында әр ойыншы қарсыластарымен бірнеше партия ойнап, ең көп ұпай жинаған ойыншы чемпион атанады.
Турнир ережелеріне сәйкес, жеңіс үшін бір ұпай, тең нәтиже үшін - жарты ұпай, ал жеңіліс үшін - нөл ұпай беріледі. Қорытынды нәтиже барлық жинаған ұпай сандарының жалпы ойнаған партиялар санына пайыздық қатынасы ретінде есептеледі.
1959 жылғы өткізілген турнирде 16 жасар Бобби Фишер (суретте бейнеленген) 8 партияда жеңіске жетті, 11 партиядан жеңіліп және қалған 9 партияда тең нәтижеге жетті. Оның қорытынды нәтижесі қандай болды?
*
A) 44,6%
B) 28,6%
C) 60,7%
D) 42,1%
Тирамису - бұл кофе қосылған хош иісті италия десерті.
Ол маскарпоне ірімшігі, кілегей, қант және жұмыртқадан дайындалады. Тирамису дайындау үшін маскарпоне ірімшігі, кілегей, қант және жұмыртқа мөлшері олардың салмағына сәйкес 9:7:5:2 қатынасында қосылады. Тирамисуда 40 г қант бар болса, онда маскарпон ірімшігі мен кілегейдің салмағын есептеңіз.
*
A) 72 г, 56 г
B) 72 г, 16 г
C) 16 г, 72 г
D) 56 г, 16 г
Мұғалім Айбекке жоғарғы кестеде көрсетілген заңдылықпен 1-ден 100-ге дейінгі сандарды орналастыр деп тапсырма берді. Ол берілген кестені сандармен толтыруды жалғастырды. 100 саны қай бағанда болатынын анықтаңыз?
*
A) D бағаны
B) C бағаны
C) B бағаны
D) E бағаны
Жеңіс - қаржы нарығындағы инвестор. Қаржы нарығында адамдардың компаниялар акцияларын сатып алып, қайта сату мүмкіндігі бар. Акцияны төмен бағамен сатып алып, оны жоғары бағамен сату арқылы адамдар пайда таба алады. Бастапқыда Жеңісте $15,000 қолма-қол ақша бар еді. Ол Horst Co компаниясының бір акциясының құны $342 болған кезде 30 акция сатып алды. Кейінірек акция бағасы $509 долларға дейін өскен кезде Жеңіс 20 акциясын сатты. Ал акцияның бағасы қайтадан $420 долларға түскенде, Жеңіс тағы 25 акция сатып алды.
Осы операциялардан кейін Жеңісте қанша акция және қолма-қол ақша болады?
*
A) $4 420 қолма-қол ақша, $10 580 акция
B) $4 420 қолма-қол ақша, $13 920 акция
C) $1 080 қолма-қол ақша, $13 920 акция
D) $4 420 қолма-қол ақша, $14 700 акция
Сара Египеттегі Ұлы Гиза пирамидасын көріп, сіріңкеден оның үлгісін жасағысы келеді. Ол сіріңке таяқшаларын пирамиданың қабырғалары ретінде пайдаланады.
Пирамида үлгісін жасау үшін кемінде неше сіріңке таяқшасы керек?
*
A) 6
B) 8
C) 10
D) 12
Жанар келесі сандар тізбегін жазды: 1, 2, 4, 6, 9, 12, 15, 19, 23, 27, 31, 36, 41, …
Бұл сандар тізбегінде 17-ші орында орналасқан санды табыңыз.
*
A) 62
B) 61
C) 63
D) 64
Төмендегі суретте қанша үшбұрыш бар?
*
A) 49
B) 47
C) 46
D) 45
Бассейнге үш сорғы қосылған.
A сорғысы : бассейнге бір минутта 40 литр су құяды
B сорғысы : бассейнге бір минутта 70 литр су құяды
C сорғысы : бассейннен сыртқа қарай бір минутта 50 литр су айдайды (шығарады)
Сағат 8:30-да бассейн толығымен бос болады. 8:35-те үш сорғы жұмысқа қосылады. 8:40-та үш сорғы сөндіріледі. 8:45-те Дархан бассейнге келеді.
8:45-те бассейнде қанша литр су болады?
*
A) 300 литр
B) 600 литр
C) 900 литр
D) 800 литр
Alchemy Stars - бұл жаңа мобильді ойындардың бірі. Ойынның әр кезеңінде ойыншылар бірдей түсті тақтайшалар тізбегін қосу арқылы кезекпен жүреді. Тізбек неғұрлым ұзағырақ болса, қарсыласқа соғұрлым көп зақым тиеді. Тақтайшаларды көлденең, тігінен немесе диагональ бойымен қосуға болады. Ережеге сай бір тақтайшаны екі рет пайдалануға болмайды, сонымен қатар тізбек қарсылас ойыншы аумағынан өте алмайды. Мысалы, келесі суретте кейіпкердің мүмкін жүрісі қызыл нүктелі сызықтармен көрсетілген: