Балықтардың шығу тегі мен көп түрлілігі. Балықтар класының систематикасы мен сипаттамасы. Сабақтың мақсаты: Су ортасындағы жағдайға тәуелділігіне байланысты экологиялық әр түрлілігі және шығу тегі жайында ұғым беру. Оқушылырды шеміршекті, сүйек шеміршекті, қос тынысты және саусақ қанатты балықтардың құрлысындағы ерекшеліктерімен таныса отырып, олардың балықтар жайындағы ұғымын кеңейте түсу. Кластың систематикасы мен эволюциясы жайында ұғым беру.
Методтары: Баяндау, әңгіме.
Құрал – жабдықтар: Табиғи құралдар. Балықтардың ылғал препараты.
Сабақтың барысы: Мұғалім төрт оқушыны шақырып, алдыңғы столға отырғызады да карточкадағы екі варианттың сұрақтарына жазбаша жауап беруді ұсынады.
Карточканың 1-варианты:
Балық өзін қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді қай органдарының
көмегімен сезеді. Балқтың дыбысты қабылдауындағы ерекшеліктері қандай?
Балықтың қандай жүзу қанаттары басқа омыртқалы жануарлардың жұп
аяқтарына сай келеді?
Карточканың 2-варианты:
1. Балық скелетінің бөлімдерін атап шығыңдар. Скелеттің тірек және
қорғаныштық ролі неге негізделген?
Балық тіршілігінде торсылдақтың қандай маңызы бар?
Жаңа материалды оқыту: Бас сүйексіздердің бірәзі жойылып кеткен де екінші бір бөлімі бір жағынан жақсүйексіз жануарлардың бастамасын берген. Екіншіден осы күнгі балықтардың арғы тегі болған ертедегі балықтардың бастамасын берген. Ең алғашқы омыртқалалар балықтар болғандықтан және омыртқалалардың арғы -тегі болып есептелетіндіктен ,олардың құрлысы қарапайым болған.
Баяндау барысында тақтаға балықтардың шығу тегі мен систематикасының схемасын сызады. Оқушылар оны дәптерлеріне жазып алады .Бұл схеманы бір рет беруді ұсынады .
Балықтардың шығу тегі мен систематикасы .
Ертедегі бас сүйектер
Осы кездегі бас сүйексіздер ланцетниктер
Осы кездегі жақ сүйексіздер миногалар
Осы кездегі балықтар
Мысалы оттек мөлшері аз болғандықтан басқа балықтар тез қырылып қалатын су қоймаларында, тұщы су балықтары- қара балық және табан балықтар тіршілік ете алады . Табан балықтардың бұл ерекшеліктері олардың терісімен көбірек тыныс алатындығынан деп түсінуге болады. Антрактикалық сулардығы балықтардың кейбір түрлерінің қанында түс болмайды, су сияқты болады. Ақ қандағы оттек мөлшері аз, өйтекені тіршілік жағдайына байланысты бұл балықтардың оттекке деген мұқтаждығы кеміген. Нәлім балық дұрыс өсіп жетілу үшін оттектің мол болуы жеткіліксіз, сонымен қатар оған судың температурасының төмен болуы керек, осындай жағдайда нәлім өте жақсы өседі. Нәлім басқа балықтар сияқты көктемде көбеймей, желтоқсан-қаңтар айында көбейеді.
Басқа бір балықтар ыстық қайнарларда +52С температурада мекендеуге бейімделген. Ондай ыстық суда қолды ұстап тұруға болмайды. Әдеттегі балықтардың +30С- ден жоғары температурады жүрек қызметі бұзылады.
Жаңа материалды оқыту: Балықтардың бір-бірінен мекен ортасына және тіршілігінің түрлілігінен ғана ажыралып қоймай, құрлысының күрделілігінен де, яғни сыртқы және ішкі құрлыстарының күрделілігінен, ертедегі шығу тегі жағынана да ажыратылатындығын хабарлайды. Балықтардың осындай алуан түрлілігіне қарай оларды негізінен екі топқа бөледі: шеміршекті балықтар деп, акула және скаттар жатады, сонан кейін сүйекті балықтар , оған балықтардың төрт тобы- сүйекті шеміршекті, сүйекті, қостынысты, саусақ қанатты балықтар жатады. Теріс қабыршақпен қапталған: жұп аяқтардың орнында жүзу қос қанаттары бар; көпшілігі желбезектері арқылы тыныс алады; жер бетіндегі жануарларды болмайтын бүйір сызық органы бар; жер бетіндегі жануарларда.Ішкі скелеті – омыртқа жотасынан тұрады; жүрегі екі камералы , қан айналуының бір ғана шеңбері бар, зат алмасу баяу жүреді, денесінің температурасы тұрақты емес.