Жойып, пайда келтіреді


Кесіртке жүрегін ұзынынан тілгендегі схемасы



бет31/37
Дата12.04.2023
өлшемі1,34 Mb.
#81899
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
Дип.-Зоология-сабағында-жергілікті-жердегі-кейбір-төменгі-сатыдағы-жануарларды-оқушыларға-танысты

Кесіртке жүрегін ұзынынан тілгендегі схемасы;
1-сол құлақшасы; 2-оң құлақшасы; 3- қарыншасы; 4- қарыншаның пердесі; 5- веналар; 6-артерииялар


Нерв системасындағы өзгерістер: Кесірткелердің миы да қос мекенділердікі мен балықтардікі сияқты бес бөлімнен тұрады. Деген мен кесірткелердің алдыңғы миы мен мишығы күштірек дамыған. Сондықтан бауырмен жорғалаушылардың рефлекторлық әректетері қос мекенділердікіне қарағанда алуан түрлі болып келеді.
Көбею тәсіліндегі өзгерістері:Ұрықтануы іште болады.Көбеюі сумен байланысты емес.Ұрық қабымен қоршалған жұмыртқа сыртында ұрықты кеуіп кетуден сақтайтын тығыз тері қабығы болады . Жұмыртқадан личинка емес толық қалыптасқанкішкене кесірткелер шығады. Қос мекенділердең айырмашылығы кесіртке жұмыртқадан шыққаннан кейін , түрленбестен дамыды . Түрлену процесі жұмыртқадан өтеді.


Құстар класы.
Оқу-тәрбиелік міндеттері: Оқушыларды құстардың құрылысындағы ұшу тіршілігіне байланысты қызмет атқаруының ерекшеліктерімен таныстыру. Бауырмен жорғалаушылармен салыстырғанда құстар құрлысының күрделене түскенін белгілеу, тіршілік жағдайына байланысты құстардың алуан түрлілігі жайында ұғым беру. Құстар мен бауырмен жорғалаушылырдың туыстас екендігін белгілеу. Табиғаттағы және адамның шаруашылық ісіндегі құстардың маңызын анықтау, сондай-ақ оқушыларды пайдалы құстарды қорғау және үйрету қажеттігі туралы қорытындыға келтіру.
Биологиялық ұғымдар: Эволиюция жағдайындағы ұғымды кеңейте түсу. Зат алмасуы жайындағы ұғымда тереңдету. Нервизм жайындағы ұғымды кеңейте және тереңдете түсу .


Құстардың сыртқы құрлысы мен тіршілігі.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды құстардың ұшуына байланысты сыртқы құрлысындағы ерекшеліктерімен таныстыру.
Методтары: Баяндау ,әңгіме.
Құрал-жабдықтар: Табиғи объектілер. Тордағы тірі құс , құстың тұлыбы, мамық қауырсындар, құстың кептірілген қанаты мен аяғы.
Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға бауырмен жорғалаушыларды оқып бітіргенін, енді құстар класына біріктірілетін жануарлардың жаңа тобын оқуға кіретіндігі туралы қысқаша түсіндіреді.
Мұғалім тақтаға, ал оқушылар өз дәптеріне сабақтың тақырыбын: «Құстардың сыртқы құрылысы және тіршілігі»- деп жазады. Содан кейін мұғалім бауырмен жорғалаушылардың ішкі және сыртқы құрлысында қандай ерекшеліктер тән?
Бауырмен жорғалаушылар қалай көбейеді? Неліктен суық климатты жерлерде бауырмен жорғалаушылар сирек кездеседі? Жоғарғы ендіктерде тіршілік етуге олардың қандай бейімділіктері бар? Құстар солтүстік аудандарда кездесе ме? Құстардың басқа жануарлардан қандай ерекшеліктері бар?-деп сұрайды. Мұғалім ұшатын жануарлар омыртқалыардың басқа кластарда кездесетінін , ал қауырсындарының болуы құстардың сыртқы бейнесіне тән белгі болып табылатынын айтады. Сондықтан оларды қанаттылар деп атайды. Құстың денесін жауып тұрған қауырсан бірдей емес: олардың арасында мамық қауырсындары және жабын қауырсындары болады. Мұғалім тақтаға құстың қауырсынын салады, оның бөліктері және құрылысы жайында баяндайды. Бауырмен жорғалаушылар сияқты құстарды түлейді: белгілі бір ізділікпен қауырсындары түседі де орнына жаңалары шығады. Құстың теріс құрғақ болады, алайды құйрығының түбінде құйымшақ безі бар. Бұл бездің өзінен бөлетін затының ішінде май көп болады. Оны құс тұмсығымен безінен шығарып , қауырсындарын майлайды, содан қауырсынға су жұқпайтын болады. Оқушыларға құстың ұшуы адамзат назарын ертеден аударып келгенін айтқан жөн. Ұшудың әр түрлі типтерінің (қанатын қағып, қалықтап ұшу) сондай-ақ құстар құрлысының ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде адам бұл білімді авиация техникасында пайдалануға мүмкіндік алды. Мұғалі қорыта келе, құстардың барлық ерекшеліктер ұшуға және әр түрлі жағдайға бейімделушілік болып табылатындығын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет