Сырттан жарықтандырылатын белгілер. Қиылыстырушы материал ретінде қалыңдығы 0,8-1,5 мм болат қаңылтыр қолданылады. Мұндай белгілерді алюминий және басқада пластмасса, әйнек-пластика қортпасынан жасау тәжірибелері де болған.
Үлкен ауданды белгілер үшін арнайы қаңқалар қолданылады. Белгінің екінші жағын және де оны бекіту элементтерін сұр түсті эмальмен бояйды. Белгіні (фонарь) немесе бірнеше шырақтармен оның астында орналасқан белгілерді жарықтандырады.Шырақты белгімен қосу үшін жарықтандыру жүйесінен жарық көзіне ток жеткізетін іші бос таяныштар (кронштейн) қолданылады.
Іштен жарықтандырылатын белгілер.Белгінің қаңқасын полимер материалдан жасайды, ішін жарық жақсы шашырауы үшін ақ түсті бояумен бояйды. Қаңқасына жарықтандыру аппаратурасын бекітеді. Органикалық әйнектен жасалған алдыңғы панельдің бет жағына белгінің бейнесін орналастырады, ал қалған жерін рең түсімен сәйкес келетін МемСТ 10807 -78 қарастырылған бояумен бояйды. Қаңқаны сыртқы жағынан азайту үшін барлық барлық тесіктерді және біріккен жерлерді резеңке астарымен және нығыздауыштармен бітейді. Жөндеу немесе жарық көзін ауыстыру кезіндегі монтаж және демонтаждың оңайлығы үшін алдыңғы панельді алынып- салынатын етіп істейді.
Жарыққайтарғыш белгілер. Бұл белгілердің бет жағында түңгі уақыттарда қажетті көру қабілеті болу үшін жарыққайтарғыш беткей болады. Сондай –ақ бейненің қара және сұр элементтерінің жарыққайтарғыш қабілеті болмау керек.Қазіргі уақытта ең көп қолданылатын –жарық қайтарғыш пленкалар. Басқа материалдар мен салыстырғанда, оларда ұзақ мерзімдік, белгінің қалқанында орнату, жөндеу оңайлығы сияқты қасиеті бар.Шағылыстырғыш қабат ретінде алюминий фольга немесе вакуумдық металл бүрку әдісімен жасалған қабат қолданылады.
Бағдаршам Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі - түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.
Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.