7 РӘСІМДЕУ МЕН СТУДЕНТТІҢ ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСЫН ҚОРҒАУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
№ 1 тәжірибелік жұмысты қараңыз.
8 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ ҮШІН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
№ 1 тәжірибелік жұмысты қараңыз.
№8 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
БІРШӨМІШТІ ЭКСКАВАТОРДЫҢ ҚОЗҒАЛТҚЫШ ҚУАТЫН ЖӘНЕ ГИДРОЖАБДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ
КІРІСПЕ
Тәжірибелік жұмыс кері күрекпен жабдықталған гидравликалық бір шөмішті экскаваторды есептеудің тәжірибелік дағдысын зерттеуге арналған.
1 ЖҰМЫС МАҚСАТЫ
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты студенттердің қозғалтқыштың қуатын және гидрожабдық көрсеткіштерін есептеу әдістерін меңгеру болып табылады.
2 ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР, ТАҢБАЛАР, БІРЛІКТЕР, ТЕРМИНДЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
СИ жүйесіндегі бірліктер. N – қуат; kн – шөмішті толтыру коэфициенті; kp – топырақты қопсыту коэффициенті.
3 ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР мен есептік формулалар
Қазудың меншікті энергия сыйымдылығы бойынша қозғалтқыштың қуатын таңдау үшін циклдің ұзақтығына байланысты анықталатын қазудың ұзақтығын ғана білу жеткілікті. Қазудың меншікті энергия сыйымдылығы бойынша сорғылардың қуатын алдын ала анықтау үшін сорғыштармен берілген және қазуға жұмсалған жұмыстың теңдік принципін пайдаланады, бұл
, (8.1)
мұнда – қолсаптың немесе шөміштің бұрылу жүйелерінің ПӘК;
о – жетек қуатын пайдалану коэффициенті (о = 0,8…0,9).
Алдынғы есепте жұмыс жабдығы мен топырақтың ауырлық күшін жеңуге арналған энергия шығындары ескерілмейді, сондықтан осы энергия шығындарын өтеу үшін гидронасостар мен бастапқы қозғалтқышты қорларымен таңдаймыз. Гидроцилиндрмен орындалатын және шөмішті толтыру кезінде машинамен қазуға жұмсалатын жұмыстардың теңдігіне қарай жазуға болады:
, (8.2)
мұнда р – гидрожүйенің жұмыс сұйықтығының қысымы;
Lц – поршеннің жұмыс жүрісі.
Алынған теңдеуден гидроцилиндрдің қажетті жұмыс көлемін анықтайды:
. (8.3)
Достарыңызбен бөлісу: |