Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту


сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар



бет2/6
Дата21.09.2023
өлшемі1,89 Mb.
#109427
1   2   3   4   5   6

сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар

1. Мопедті басқару құқығы он алты жасқа толған адамдарға беріледі.



2. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбалар (шана), мініс және жүк артылған малдар оң жақ шеткі жолақпен немесе бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін болса, жол жиектерімен жүруге рұқсат етіледі.



Велосипедшілер, көлік арба (шана), мініс және жүк артылған мал колонналары жолдың жүру бөлігімен жүрген кезде велосипедшілер, мініс және жүк артылған малдар он-оннан және арбалар (шана) бес-бестен топтарға бөлінуі керек. Басып озуды жеңілдету үшін топтардың ара қашықтығы сексен-бір жүз метр болуы тиіс.


3. Велосипед пен мопед жүргізушілеріне:



1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүргізуге;



2) жолаушылар тасымалдауға;



3) габаритінен ұзындығы немесе ені бойынша елу сантиметрден артық шығып тұратын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға;



4) қатарында велосипед жолы болған кезде жолмен жүруге;



5) трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден артық жолағы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;



6) велосипедпен немесе мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтер мен велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен және велосипедтермен сүйретуге тыйым салынады.



4. Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан жолмен реттелмейтін қиылысында велосипед пен мопедтердің жүргізушілері осы жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол беруі тиіс.



Көлік-арба (шана) жүргізушісі шектеулі шолынатын жерлерде екінші дәрежелі жолдан жолға шығу кезінде малды жүгенінен ұстап алып жүреді.


5. Малдарды, әдетте, тәуліктің жарық уақытында айдап өту керек. Мал айдаушылар малдарды мүмкіндігінше жолдың оң жақ шетіне жақын бағыттауы тиіс.



6. Тәуліктің қараңғы уақытында және көрінуі жеткіліксіз жағдайларда мал топтарын жолдың бойымен немесе ол арқылы айдаған кезде мал айдаушылар жолда мал бар екендігін ескерту үшін жүргізушілерге сигнал береді.



Ескертпе. Шырақпен немесе фонарьмен қолдың шеңбер жасай қозғалуы сигнал болып табылады, мұндайда берілетін сигнал мал топтарынан жақындап келе жатқан көлік құралдарының бағытында, 10-15 метр арақашықтықта болады.


7. Малдарды теміржол жолдары арқылы айдағанда мал санын мал айдаушылардың санын ескере отырып, әр топты қауіпсіз айдап өтуді қамтамасыз ететіндей топтарға бөлуі тиіс.



8. Көлік-арбаның (шананың) жүргізушілері, мал айдаушылар мен жүк артылған және мініс малының және малдың иелеріне мыналарға:



1) малдың қатты жабыны бар жолдарға шығып кетуі мүмкін жағдайларда оларды қадағалаусыз қалдыруға;



2) малдарды теміржол жолдары арқылы және арнаулы белгіленген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және көрінуі жеткіліксіз жағдайларда (түрлі деңгейдегі мал айдаудан басқа) айдап өтуге;



3) малдарды, өзге жолдар бола тұрып, асфальтты және цемент-бетонды жабын жолдармен алып жүруге рұқсат етілмейді.


25. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету


1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін және оларға қызмет көрсететін көлік құралдарының тұрақтарын ұйымдастыру:



1) тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе зағиптарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдарына 3.28, 3.29, 3.30 тыйым салатын жол белгілерінің күші қолданылмайды;



2) тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдары басқаруға арналған тиісті механизмдермен және (немесе) керек-жарақтармен жабдықталуға тиіс;



3) егер 5.15 белгісімен 7.17 деген қосымша ақпарат жол белгісі (тақтайша) орнатылған жағдайда, 5.15 жол белгісінің күші «Мүгедек» деген таным белгілері орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге ғана қолданылады;



4) егер тыйым салатын не нұсқайтын жол белгілерімен 7.18 қосымша ақпарат жол белгісі (тақтайша) орнатылған жағдайда, онда осы жол белгілерінің күші «Мүгедек» деген таным белгілері орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге қолданылмайды.



2. «Мүгедек» деген таным белгілері бар көлік құралдарын басқаратын тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің:



1) тұрған көлік құралы жаяу жүргіншілердің жүруі үшін ені кемінде бір жарым метр бос жолақ қалдырып, тротуарға толығымен орналасқан жағдайда елді мекендердегі аялдауға немесе тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта аялдауға және көлік құралын тоқтатып қоюға құқығы бар. Бұл қағида тоқтауға тыйым салатын жол таңбасымен белгіленген жол учаскелерінде қолданылмайды;



2) жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін және басқа да көлік құралдарын жол жүрісі мүмкіндігінен айырмайтын жағдайда тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта, уақыты шектеуді тұрақ орындарында көзделген мерзімнен артық және тұрақ орындарының шегінен тыс аула аумағындағы жолдарда көлік құралын қоюға құқығы бар.



3. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға немесе зағиптарға қызмет көрсететін «Мүгедек» деген таным белгілері бар көлік құралдарының жүргізушілері елді мекендердегі аялдауға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта көлік құралын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды немесе зағиптарды отырғызу немесе түсіру үшін тоқтатады.



4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамды немесе зағипты қолынан жетектеп межелі жеріне және кері алып жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған адамға немесе зағипқа қызмет көрсететін «Мүгедек» деген таным белгілері бар көлік құралының жүргізушісі елді мекендерде көлік құралын осы бөлімнің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда тоқтатады.


Жол жүрісі қағидаларына



1-қосымша

Жол белгілері (ҚР СТ 1125 және ҚР СТ 1412 бойынша)


Ескертпе. Жол белгілерін таңбалау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


1. Ескерту белгілері


Ескерту белгілері жүргізушілерге олардың бойымен жүру жағдайға сәйкес шаралар қабылдауды талап ететін жолдың қауіпті учаскесіне жақындағаны туралы хабарлайды.



1.1 «Шлагбаумы бар теміржол өтпесі».



Ескертпе. Жол белгілерін нөмірлеу ҚР СТ 1125-ке сәйкес келеді. Жол белгілерінің атаулары мен суреттері 2-суретте келтірілген.


1.2 «Шлагбаумы жоқ теміржол өтпесі».


1.3.1 «Бір жолды теміржол».


1.3.2 «Көп жолды теміржол». Шлагбауммен жабдықталмаған теміржол арқылы өтпені белгілеу: 1.3.1 - бір жолмен, 1.3.2 - екі және одан көп жолмен.


1.4.1 - 1.4.6 «Теміржол өтпесіне жақындау». Елді мекеннен тыс теміржол өтпесіне жақындау туралы қосымша ескерту.


1.5 «Трамвай желісімен қиылысу».


1.6 «Тең мағыналы жолдардың қиылысуы».


1.7 «Шеңберлі жүріспен қиылысу».


1.8 «Бағдаршамның реттеуі». Жол жүрісі бағдаршаммен реттелетін жол қиылысы, жаяу жүргінші өткелі немесе жол учаскесі.


1.9 «Ашылатын көпір». Ашылатын көпір немесе паром өткелі.


1.10 «Жағалауға шығу». Жағалауға немесе жағаға шығу.


1.11.1, 1.11.2 «Қауіпті бұрылыс». Шағын радиусты немесе көрінуі шектеулі жолдың доғалануы: 1.11.1 - оңға, 1.11.2 - солға.


1.12.1, 1.12.2 «Қауіпті бұрылыстар». Қауіпті бұрылыстар бар жол учаскелері: 1.12.1 - бірінші бұрылыспен оңға, 1.12.2 - бірінші бұрылыспен солға.


1.13 «Тік еңіс».


1.14 «Тік өрлеу».


1.15 «Тайғақ жол». Жүру бөлігінің қатты тайғанақ жол учаскесі.


1.16 «Тегіс емес жол». Жүру бөлігінде тегіс емес жерлері бар жол учаскесі (толқынды, шұңқыр, көпірлермен үйлесімсіз жалғасқан және сол сияқтылар).


1.16.1 «Жасанды бұдырлық».


1.17 «Қиыршық тас шашылған». Көлік құралдарының дөңгелегі астынан қиыршық тас, ұсатылған тас және сол сияқтылар шашырауы мүмкін жол учаскесі.


1.18.1 - 1.18.3 «Жолдың тарылуы». 1.18.1 - екі жағынан, 1.18.2 - оң жағынан, 1.18.3 - сол жағынан тарылуы.


1.19 «Екіжақты жүріс». Қарсы жүру жол учаскесінің (жүру бөлігінің) басталуы.


1.20 «Жаяу жүргінші өткелі». 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және (немесе) 1.14.3 таңбаларымен белгіленген жаяу жүргінші өткелі.


1.21 «Балалар». Балалар мекемесіне (мектептер, сауықтыру лагерлері және сол сияқтылар) жақын балалар жүріс бөлігіне шыға келуі мүмкін жол учаскесі.


1.22 «Велосипед жолымен қиылысу».


1.23 «Жол жұмыстары».


1.24 «Мал айдау».


1.25 «Жабайы хайуанаттар».


1.26 «Тас түсу». Опырылып құлау, көшкін жүруі, тас түсуі мүмкін жол учаскесі.


1.27 «Бүйірден соғатын жел».


1.28 «Төмен ұшатын ұшақтар».


1.29 «Тоннель». Жасанды жарықтандыруы жоқ тоннель немесе кіру порталының көрінуі шектеулі тоннель.


1.30 «Басқа қауіптер». Басқа ескерту белгілерімен көзделмеген қауіптіліктері бар жол учаскесі.


1.31.1, 1.31.2 «Бұрылыс бағыты». Көрінуі шектеулі шағын радиусты жол доғалануындағы жүру бағыты. Жолдың жөнделетін учаскесін айналып өту бағыты.


1.31.3 «Бұрылыс бағыты». Т үлгісіндегі жол қиылысында немесе жолдардың тармақталуындағы жүру бағыты. Жолдың жөнделетін учаскесін айналып өту бағыты.


1.31.4, 1.31.5 «Бұрылыс бағыты».


1.32.1, 1.32.2 және 1.32.3 «Кедергіні айналып өту».


1.1, 1.2, 1.5 - 1.3. ескерту белгілері қауіпті учаске басталғанға дейін елді мекеннен тыс жерлерде 150 - 300 м қашықтықта, ал елді мекендерде және тұрғын аймақтарда 50 - 100 м қашықтықта орнатылады. Қажет болған жағдайларда белгілер 7.1.1 тақтайшасында көрсетілетін өзге қашықтықта да орнатылуы мүмкін.


1.13. және 1.14 белгілері, егер еңістер мен өрлеулер бірінен соң бірі келетін болса, тікелей еңістің немесе өрлеудің басталуы алдында 7.1.1 тақтайшасыз орнатылуы мүмкін.


1.23 белгісі жүру бөлігінде қысқа мерзімді жұмыстар жүргізілген кезде жұмыстар жүргізілетін жерге дейін 10 - 15 м қашықтықта орнатылуы (7.1.1. тақтайшасыз) мүмкін.


Елді мекендерден тыс жерлерде 1.1, 1.2, 1.9, 1.10, 1.21 және 1.23 белгілері қайталанады. Екінші белгі қауіпті учаске басталғанға дейін кемінде 50 м қашықтықта орнатылады.


1.4.1 - 1.4.3 белгілері жолдың оң жағынан, ал 1.4.4 - 1.4.6 - сол жағынан орнатылады. 1.4.1 және 1.4.4 белгілері - жүру барысы бойынша бірінші 1.1 немесе 1.2 белгісінің астында, 1.4.3 және 1.4.6 белгілері - екінші 1.1 немесе 1.2 белгісінің астында, ал 1.4.2 және 1.4.5 белгілері - бірінші және екінші 1.1 немесе 1.2 белгілерінің арасына тең қашықтықта өздігінен орнатылады.


1.3.1 және 1.3.2 белгілері тікелей теміржол өтпесінің алдына орнатылады.

2. Басымдық белгілері


Басымдық белгілері жол қиылыстарынан, жүру бөлігінің қиылыстарынан немесе жолдың тар учаскелерінен өту кезектілігін белгілейді.

2.1 «Басты жол». Реттелмейтін жол қиылыстарынан басымдықпен өту құқығы берілген жолдар.


2.2 «Басты жолдың аяқталуы».


2.3.1 «Екінші дәрежелі жолмен қиылысу».


2.3.2, 2.3.3 «Екінші дәрежелі жолға жанасу». 2.3.2, 2.3.4, 2.3.6, - оң жақтан, 2.3.3, 2.3.5, 2.3.7 - сол жақтан жанасу.


2.4 «Жол беріңіз». Жүргізуші қиылысатын, ал 7.13 тақтайшасы болған кезде басты жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол береді.


2.5 «Аялдамай жүруге тыйым салынады». Тоқтау-сызығының алдында, ол жоқ болса - қиылысатын жүру бөлігінің шетіне жетпей аялдамай жүруге тыйым салынады. Жүргізуші қиылысатын жол бойымен, ал 7.13 тақтайшасы болған кезде - басты жолмен жүретін көлік құралына жол береді.


2.5 белгісі теміржол өтпесі немесе карантин бекеті алдынан қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда жүргізуші тоқтау-сызығының, ал ол жоқ болса - белгінің алдында тоқтайды.


2.6 «Қарсы жүру басымдығы». Егер бұл қарсы жүруді қиындататын болса, жолдың тар учаскесіне шығуға тыйым салынады. Жүргізуші тар учаскедегі немесе оған қарама-қарсы кіру жолындағы қарсы көлік құралдарына жол береді.


2.7 «Қарсы жүру алдындағы басымдық». Жүргізуші оның бойымен жүру кезінде қарсы көлік құралдарына қарағанда басымдықпен пайдаланатын жолдың тар учаскесі.

3. Тыйым салатын белгілер


Тыйым салатын белгілер жол жүрісіне белгілі бір шектеулер енгізеді немесе оларды жояды.

3.1 «Кіруге тыйым салынады». Осы бағытта барлық көлік құралдарының кіруіне тыйым салынады.


3.2 «Жүруге тыйым салынады». Барлық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.


3.3 «Механикалық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады».


3.4 «Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады». Жүк автомобильдері мен рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т астам (егер белгіде массасы көрсетілмесе) немесе рұқсат етілген ең жоғары массасы белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдары құрамдарының, сондай-ақ тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады.


3.4 белгісі борттарында қиғаш ақ жолағы бар немесе адамдарды тасымалдауға арналған жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салмайды.


3.5 «Мотоциклдердің жүруіне тыйым салынады».


3.6 «Тракторлардың жүруіне тыйым салынады». Тракторлардың және өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады.


3.7 «Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады».


3.8 «Көлік-арбаның жүруіне тыйым салынады». Көлік-арбаның (шананың), мініс және жүк артылған малдардың жүруіне, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады.


3.9 «Велосипедпен жүруге тыйым салынады». Велосипедтер мен мопедтердің жүруіне тыйым салынады.


3.10 «Жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады».


3.11 «Массаны шектеу». Жалпы нақты массасы белгіде керсетілгеннен артық көлік құралдарының, оның ішінде көлік құралдары құрамдарының жүруіне тыйым салынады.


3.12 «Оське түсетін жүктемені шектеу». Қандай болса да оське түсетін нақты жүктемесі белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.


3.13. «Биіктікті шектеу». Габариттік биіктігі (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.


3.14 «Енді шектеу». Габариттік ені (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.


3.15 «Ұзындықты шектеу». Габариттік ұзындығы (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының (көлік құралдары құрамының) жүруіне тыйым салынады.


3.16 «Ең төменгі дистанцияны шектеу». Олардың арасындағы дистанция белгіде көрсетілгеннен кем көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.


3.17 «Кеден». Кеден (бақылау пунктінің) жанында тоқтамай өтуге тыйым салынады.


3.17.2 «Қауіптілік». Жол-көлік оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауіптіліктерге байланысты әрі қарай барлық көлік құралдарының жүруіне ерекшеліксіз тыйым салынады.


3.18.1 «Оңға бұрылуға тыйым салынады».


3.18.2 «Солға бұрылуға тыйым салынады».


3.19 «Кері бұрылуға тыйым салынады».


3.20 «Басып озуға тыйым салынады». Сағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүріп келе жатқан жекелегендерден басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады.


3.21 «Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы».


3.22 «Жүк автомобильдеріне басып озуға тыйым салынады». Рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне, сағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүретін жекелегендерінен басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлік-арба және велосипедтерден басқа барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады.


3.23 «Жүк автомобильдерінің басып озуына тыйым салынатын аймақтың аяқталуы».


3.24 «Ең жоғары жылдамдықты шектеу». Белгіде көрсетілгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) жүруге тыйым салынады.


3.25 «Ең жоғары жылдамдық шектелетін аймақтың аяқталуы».


3.26 «Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынады». Сигнал жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін берілген жағдайлардан басқа дыбыс сигналын пайдалануға тыйым салынады.


3.27 «Тоқтауға тыйым салынады». Көлік құралдарының тоқтауына және тоқтап тұруына тыйым салынады.


3.28 «Тоқтап тұруға тыйым салынады». Көлік құралдарының тоқтап тұруына тыйым салынады.


3.29 «Айдың тақ күндері тоқтап тұруға тыйым салынады».


3.30 «Айдың жұп күндері тоқтап тұруға тыйым салынады». 3.29 және 3.30 белгілерін бір мезгілде қолдану кезінде көлік құралдарының бір жақтан екіншісіне орын ауыстыру уақыты — сағат 19-дан 21-ге дейін.


3.31 «Барлық шектеулер аймағының аяқталуы». 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгілерінің бірнешеуін бір мезгілде қолдану аймағының аяқталуы.


3.32 «Көлік құралдарының қауіпті жүктермен жүруіне тыйым салынады». «Қауіпті жүк» деген таным белгімен жабдықталған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.


3.33 «Көлік құралдарының жарылғыш және тез тұтанғыш жүктермен жүруіне тыйым салынады». «Қауіпті жүк» деген таным белгімен жабдықталған және МемСТ-19433 бойынша 1, 2.2 - 2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптарының қауіпті жүктерін тасымалдауға арналған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.


3.2 - 3.9, 3.32 және 3.33 белгілері тиісті көлік құралдары түрлерінің екі бағытта жүруіне тыйым салады.


Мына белгілердің күші:


3.1 - 3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 - маршруттық көлік құралдарына;


3.2 - 3.8 - белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет ететін, сондай-ақ белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға қызмет көрсететін немесе осы азаматтарға тиесілі көлік құралдарына. Мұндай жағдайларда көлік құралдары белгіленген аймаққа белгіленген жерге жақын жол қиылысынан кіруі немесе содан шығуы керек;


3.28 — 3.30 - таксометрі іске қосулы таксиге;


3.2, 3.3, 3.28 - 3.30 - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектерді тасымалдайтын көлік құралдарына қолданылмайды.


3.18.1, 3.18.2 белгілерінің күші алдына белгі орнатылған жүру бөлігінің қиылысына қолданылады.


3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгілері қолданылатын аймақтар белгі қойылған жерден бастап одан кейінгі жақын жол қиылысына дейін, ал елді мекендерде жол қиылысы жоқ болса - елді мекен аяқталғанға дейін қолданылады.


Елді мекеннің алдына қойылған 5.22 белгісімен белгіленген 3.24 белгісінің күші осы белгіге дейін қолданылады.


Белгілердің күші қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда:


7.2.1 тақтайшасын қолданумен 3.16 және 3.26 белгілері үшін;


3.20, 3.22, 3.24 белгілері үшін олардың күші қолданылатын аймақтың соңына тиісінше 3.21, 3.23, 3.25 белгілерін орнатумен немесе 7.2.1 тақтайшасын қолданумен; 3.24 белгісінің күші қолданылатын аймақ ең жоғары жүру жылдамдығының басқа мәнімен 3.24 белгісін орнатумен;


3.27 - 3.30 белгілері үшін олардың күші қолданылатын аймақтың соңына 7.2.3 тақтайшасымен 3.27 - 3.30 қайталама белгілерін орнатумен немесе 7.2.2 тақтайшасын қолданумен азайтылуы мүмкін. 3.27 белгісі 1.4 таңбасымен, ал 3.28 белгісі - 1.10 таңбасымен бірге қолданылуы мүмкін, бұл ретте белгілердің қолданылатын аймағы таңбалау сызығының ұзындығымен айқындалады.


3.10, 3.27 - 3.30 белгілерінің күші жолдың олар орнатылған жағына ғана қолданылады.

4. Нұсқайтын белгілер


4.1.1 «Тіке жүру», 4.1.2 «Оңға жүру», 4.1.3 «Солға жүру», 4.1.4 «Тіке немесе оңға жүру», 4.1.5 «Тіке немесе солға жүру», 4.1.6 «Оңға және солға жүру». Белгілерде бағыттауыштармен көрсетілген бағыттарда ғана жүруге рұқсат етіледі. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді (нақты қиылыста қажетті жүру бағыттарына сәйкес келетін бағыттаушы кескіндері бар 4.1.1 - 4.1.6 белгілері қолданылуы мүмкін).

4.1.1 - 4.1.6 белгілерінің күші маршруттық көлік құралдарына қолданылмайды.


4.1.1 - 4.1.6 белгілерінің күші алдына белгі қойылған жүру бөліктерінің қиылыстарына қолданылмайды.


Жол учаскесінің басында орнатылған 4.1.1 белгісінің күші жақын жол қиылысына дейін қолданылады.


4.2.1 «Кедергіні оң жағынан айналып өту», 4.2.2 «Кедергіні сол жағынан айналып өту». Бағыттауышпен көрсетілген жағынан ғана айналып өтуге рұқсат етіледі.


4.2.3 «Кедергіні оң немесе сол жағынан айналып өту». Кез келген жақтан айналып өтуге рұқсат етіледі.


4.3 «Шеңберлі жүріс». Бағыттауыштармен көрсетілген бағытта жүруге рұқсат етіледі.


4.4 «Жеңіл автомобильдер жүрісі». Жеңіл автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, маршруттық көлік құралдары мен рұқсат етілген ең жоғары массасы 3.5 т аспайтын жүк автомобильдерінің жүрісі рұқсат етіледі.


Белгі белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет ететін, сондай-ақ белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға қызмет көрсететін немесе осы азаматтарға тиесілі басқа көлік құралдарының жүруіне рұқсат береді. Мұндай жағдайларда көлік құралдары белгіленген аймаққа белгіленген жерге жақын жол қиылысынан кіруі немесе содан шығуы керек.


4.5 «Велосипед жолы». Велосипедпен және мопедпен ғана жүруге рұқсат етіледі. Велосипед жолымен сондай-ақ жаяу жүргіншілер де жүре алады (тротуар, жаяу жүргінші жолы немесе жол жиегі болмағанда).


4.6 «Жаяу жүргіншілер жолы». Тек қана жаяу жүргіншілердің жүруіне рұқсат етіледі.


4.7 «Ең төменгі жылдамдықты шектеу». Тек қана көрсетілген немесе одан көп жылдамдықпен (сағ/км) жүруге рұқсат етіледі.


4.8 «Ең төменгі жылдамдық шектелетін аймақтың аяқталуы».


4.9 «Қауіпті жүгі бар көлік құралдарының жүру бағыты». «Қауіпті жүк» таным белгісімен жабдықталған көлік құралына 4.9.1 - оңға, 4.9.2 - тіке, 4.9.3 - солға белгілерінде көрсетілген бағыттарда жүруге рұқсат етіледі.

5. Ақпараттық-нұсқағыш белгілер


Ақпараттық-нұсқағыш белгілер жүрістің белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да объектілердің орналасуы туралы хабарлайды.

5.1 «Автомагистраль». Автомагистральмен жүру тәртібін белгілейтін Қағида талаптары қолданылатын жол.


5.2 «Автомагистральдің аяқталуы».


5.3 «Автомобильдерге арналған жол». Автомобильдер мен мотоциклдердің жүруіне ғана арналған жол.


5.4 «Автомобильдерге арналған жолдың аяқталуы».


5.5 «Біржақты жүру жолы». Көлік құралдарының жүрісі бір бағытта бүкіл ені бойынша жүзеге асырылатын жол немесе жүру бөлігі.


5.6. «Біржақты жүру жолының аяқталуы».


5.7.1, 5.7.2 «Біржақты жүру жолына шығу». Біржақты жүру жолына немесе жүру бөлігіне шығу.


5.8.1 «Жолақтар бойынша жүру бағыттары». Жолақтардың саны және олардың әрбіреулерінде рұқсат етілген жүру бағыттары.


5.8.2 «Жолақ бойынша жүру бағыттары». Жолақ бойынша рұқсат етілген жүру бағыттары.


Шеткі сол жолақтан сол жаққа бұрылуға рұқсат ететін 5.8.1 және 5.8.2 белгілері осы жолақтан кері бұрылуға да рұқсат етеді.


Жол қиылысының алдында орнатылған 5.8.1. және 5.8.2. белгілер, егер онда орнатылған басқа 5.8.1 және 5.8.2 белгілері өзге нұсқаулар бермесе, бүкіл жол қиылысына қолданылады.


5.8.3 «Жолақтың басталуы». Өрге көтерілуде қосымша жолақтың немесе тежеу жолағының басталуы.


Егер қосымша жолақтың алдында орнатылған белгіде «Ең төменгі жылдамдықты шектеу» деген 4.7. белгісі бейнеленген болса, онда көрсетілген немесе одан көп жылдамдықпен негізгі жолақ бойынша жүрісін жалғастыра алмайтын көлік құралының жүргізушісі қосымша жолаққа ауысады.


5.8.4 «Жолақтың басталуы». Осы бағытта жүруге арналған үш жолақты жолдың орта жолағы учаскесінің басталуы.


5.8.5 «Жолақтың аяқталуы». Өрге көтерілуде қосымша жолақтың немесе екпінді жүру жолағының аяқталуы.


5.8.6 «Жолақтың аяқталуы». Осы бағытта жүруге арналған үш жолақты жолдың орта жолағы учаскесінің аяқталуы.


5.8.7, 5.8.8 «Жолақтар бойынша жүру бағыты».


Егер 5.8.7. белгісінде қандай да болмасын көлік құралдарының жүруіне тыйым салатын белгі бейнеленсе, онда осы көлік құралдарының тиісті жолақ бойынша жүруіне тыйым салынады.


Бағыттауыштардың тиісті саны бар 5.8.7. және 5.8.8. белгілері төрт және одан да көп жолағы бар жолдарда қолданыла алады.


Ауыстырмалы суреті бар 5.8.7. және 5.8.8. белгілерінің көмегімен реверстік жүріс ұйымдастырылуы мүмкін.


5.9 «Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ». Көлік құралдарының жалпы легімен жол-жөнекей жүретін маршруттық көлік құралдарының жүруіне ғана арналған жолақ.


Белгі ол орнатылған жолаққа қолданылады. Жолдың оң жағына орнатылған белгі оң жолаққа қолданылады.


5.10.1 «Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жол». Маршруттық көлік құралдарының жүрісі көлік құралдарының жалпы легіне қарсы арнайы бөлінген жолақта жүзеге асырылатын жол.


5.10.2, 5.10.3 «Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жолға шығу».


5.10.4 «Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жолдың аяқталуы».


5.11.1 «Кері бұрылу үшін орын». Солға бұрылуға тыйым салынады.


5.11.2 «Кері бұрылу үшін аймақ». Кері бұрылу аймағының ұзындығы. Солға бұрылуға тыйым салынады.


5.12 «Автобус және (немесе) троллейбус тоқтайтын орын».


5.13 «Трамвай тоқтайтын орын».


5.14 «Жеңіл таксилердің тұрақ орны».


5.15 «Тұрақ орны».


5.16.1, 5.16.2 «Жаяу жүргінші өткелі».


Өткелде 1.14.1 - 1.14.3 таңбалары болмаған кезде 5.16.2 белгісі жолдан оң жақта өткелдің жақын шекарасына, ал 5.16.1 белгісі - жолдан сол жаққа өткелдің алыс шекарасына орнатылады.


5.17.1, 5.17.2 «Жер асты жаяу жүргінші өткелі».


5.17.3, 5.17.4 «Жер үсті жаяу жүргінші өткелі».


5.18 «Ұсынылатын жылдамдық». Жолдың осы учаскесінде жүруге ұсынылатын жылдамдық. Белгінің қолданылу аймағы жақын жол қиылысына дейін, ал 5.8 белгісін ескерту белгісімен бірге қолдану кезінде қауіпті учаскенің ұзындығымен айқындалады.


5.19.1. — 5.19.3. «Тұйық». Толассыз өтуі жоқ жол.


5.20.1 «Бағыттарды алдын ала нұсқағыш», 5.20.2. «Бағытты алдын ала нұсқағыш». Белгіде белгіленген елді мекендер мен басқа да объектілерге қарай жүру бағыттары. Белгілерде 5.29.1 белгісінің суреті, автомагистральдардың, әуежайдың символдары, спорттық және өзге де пиктрограммалар салынуы мүмкін. 5.20.1 белгісінде жүру ерекшеліктері туралы хабарлайтын басқа белгілердің суреті салынуы мүмкін. 5.20.1 белгісінің төменгі бөлігінде белгіні орнату орнынан бастап жол қиылысына немесе тежеу жолағының басталуына дейінгі арақашықтық көрсетіледі.


5.20.1 белгісі, сондай-ақ 3.11 - 3.15 тыйым салу белгілерінің бірі орнатылған жолдардың учаскелерін айналып өтуді нұсқау үшін де қолданылады.


5.20.3 «Жүру схемасы». Жол қиылысында жекелеген маневрлерге тыйым салу кезіндегі жүру маршруты немесе күрделі жол қиылысында рұқсат етілген жүру бағыттары.


5.21.1 «Бағытты нұсқағыш», 5.21.2 «Бағыттарды нұсқағыш». Маршрут пункттеріне жүру бағыттары. Белгілерде онда белгіленген объектілерге дейінгі арақашықтық (км) көрсетілуі, автомагистральдардың, әуежайдың символдары, спорттық және өзге де пиктрограммалар салынуы мүмкін.


5.22 «Елді мекеннің басталуы». Қағидалардың елді мекендерде жүру тәртібін белгілейтін талаптары қолданылатын елді мекеннің атауы және басталуы.


5.23 «Елді мекеннің аяқталуы». Қағидалардың елді мекендерде жүру тәртібін белгілейтін талаптарының күші жоғалатын осы жолдағы орын.


5.24 «Елді мекеннің басталуы». Қағидалардың елді мекендерде жүру тәртібін белгілейтін талаптары осы жолда қолданылмайтын елді мекеннің атауы және басталуы.


5.25 «Елді мекеннің аяқталуы». 5.24. белгісімен белгіленген елді мекеннің аяқталуы.


5.26 «Объектінің атауы». Елді мекенге қарағанда өзге объектінің атауы (өзен, көл, асу, назар аударарлық орындар және соған ұқсастар).


5.27 «Арақашықтықтарды нұсқағыш». Маршрутта орналасқан елді мекендерге дейінгі арақашықтық (км).


5.28 «Километрлік белгі». Жолдың басына немесе аяғына дейінгі арақашықтық (км).


5.29.1, 5.29.2 «Маршруттың нөмірі». 5.29.1 - жолға (маршрутқа) берілген нөмір; 5.29.2 — жолдың (маршруттың) нөмірі мен бағыты.


5.30.1 — 5.30.3 «Жүк автомобильдері үшін жүру бағыты». Егер жол қиылысында бағыттардың біреуімен олардың жүруіне тыйым салынса, жүк автомобильдері, тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар үшін ұсынылатын жүру бағыты.


5.31 «Айналып өту схемасы». Жүру үшін уақытша жабық жол учаскесін айналып өту маршруты.


5.32.1 - 5.32.3 «Айналып өту бағыты». Жүру үшін уақытша жабық жол учаскесінің бағыты.


5.33 «Тоқтау сызығы». Бағдаршамның (реттеушінің) тыйым салатын сигналы кезінде көлік құралдарының тоқтау орны.


5.34.1, 5.34.2 «Басқа жүру бөлігіне ауысудың алдын ала нұсқағышы». Бөлу жолағы бар жолда жүру бөлігінің жүру үшін жабық учаскесін айналып өту бағыты немесе оң жақтағы жүру бөлігіне қайту үшін жүру бағыты.


5.35 «Реверстік жүріс». Бір немесе бірнеше жолақта жүру бағыты қарама-қарсыға өзгеруі мүмкін жол учаскесінің басталуы.


5.36 «Реверстік жүрістің аяқталуы».


5.37 «Реверстік жүру жолына шығу».


5.38 «Тұрғын аймақ». Қағидалардың тұрғын аймақта жүру тәртібін белгілейтін талаптары қолданылатын аумақ.


5.39 «Тұрғын аймақтың аяқталуы».


Елді мекеннен тысқары орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгілеріндегі жасыл немесе көк рең көрсетілген елді мекенге немесе объектіге жүру тиісінше автомагистральмен немесе басқа жолмен жүзеге асырылатындығын білдіреді. Елді мекенде орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгілеріндегі жасыл немесе көк рең көрсетілген елді мекенге немесе объектіге жүру осы елді мекеннен шыққаннан кейін тиісінше автомагистральмен немесе басқа жолмен жүзеге асырылатындығын білдіреді; ақ рең көрсетілген объекті осы елді мекенде екендігін білдіреді.

6. Сервис белгілері


Сервис белгілері тиісті объектілердің орналасуы туралы хабардар етеді.

6.1 «Алғашқы медициналық көмек пункті».


6.2 «Аурухана».


6.3 «Автожанармай құю станциясы».


6.4 «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету».


6.5 «Автомобильдерді жуу».


6.6 «Телефон».


6.7 «Тамақтану пункті».


6.8 «Ауыз су».


6.9 «Қонақ үй немесе мотель».


6.10 «Кемпинг».


6.11 «Демалыс орны».


6.12 «Полиция бекеті».


6.13 «Көліктік бақылау бекеті».

7. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар)


Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар) олармен қолданылатын белгілерді нақтылайды немесе шектейді.

7.1.1 «Объектіге дейінгі арақашықтық». Белгіден қауіпті учаскенің, тиісті шектеу енгізу орнының немесе жүру барысы бойынша алдағы белгілі бір объектінің (орынның) басталуына дейінгі арақашықтықты көрсетеді.


7.1.2 «Объектіге дейінгі арақашықтық». Егер жол қиылысының тікелей алдында 2.5 белгісі орнатылған жағдайда 2.4 белгісінен жол қиылысына дейінгі арақашықтықты көрсетеді.


7.1.3, 7.1.4 «Объектіге дейінгі арақашықтық». Жолдан тысқары тұрған объектіге дейінгі арақашықтықты көрсетеді.


7.2.1 «Қолданылу аймағы». Белгілермен белгіленген жолдың қауіпті учаскесінің ұзындығын немесе тыйым салатын және ақпараттық-нұсқағыш белгілерді көрсетеді.


7.2.2 - 7.2.6 «Қолданылу аймағы». 7.2.2 белгісі 3.27 - 3.30 тыйым салатын белгілердің қолданылу аймағын көрсетеді; 7.2.3 белгісі 3.27 — 3.30 белгілерінің қолданылу аймағының аяқталғанын көрсетеді; 7.2.4 белгісі жүргізушілерге олар 3.27 - 3.30 белгілерінің қолданылу аймағында екендігі туралы хабарлайды; 7.2.5, 7.2.6 белгілері алаңның, ғимарат фасадының және осыған ұқсастардың бір жағының бойында тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салу кезінде 3.27 - 3.30 белгілерінің бағытын және қолданылу аймағын көрсетеді.


7.3.1 - 7.3.3 «Қолданылу бағыттары». Жол қиылысы алдында орнатылған белгілердің қолданылу бағытын немесе жолдың тікелей жанында тұрған таңбаланған объектілерге жүру бағытын көрсетеді.


7.4.1 - 7.4.8 «Көлік құралының түрі». Белгінің күші қолданылатын көлік құралының түрін көрсетеді.


7.4.1 тақтайшасы белгінің күшін жүк автомобильдеріне, ал 7.4.2 тақтайшасы оның ішінде рұқсат етілген массасы 3,5 тоннадан асатын, тіркемесі барларға, 7.4.3 тақтайшасы жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ рұқсат етілген массасы 3,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдеріне, 7.4.8 тақтайшасы «Қауіпті жүк» деген таным белгілерімен жабдықталған көлік құралдарына қолдандырады.


7.5.1 «Сенбі, жексенбі және мереке күндері»,


7.5.2 «Жұмыс күндері»,


7.5.3 «Апта күндері». Белгі қолданылатын аптаның күндерін көрсетеді.


7.5.4 «Қолданылу уақыты». Белгі қолданылатын тәуліктің уақытын көрсетеді.


7.5.5 - 7.5.7 «Қолданылу уақыты». Белгі қолданылатын аптаның күндері мен тәуліктің уақытын көрсетеді.


7.6.1 - 7.6.9 «Көлік құралын тұраққа қоюдың тәсілі». 7.6.1 барлық көлік құралдары тротуардың бойымен жүру бөлігіне қойылуы тиіс екенін көрсетеді; 7.6.2 - 7.6.9 жеңіл автомобильдер мен мотоциклдерді тротуар маңындағы тұраққа қоюдың тәсілін көрсетеді. 5.15 белгісімен қолданылады.


7.7 «Жұмыс істемейтін қозғалтқышпен тоқтап тұру». 5.15 белгісімен белгіленген тұрақта қозғалтқышы жұмыс істемейтін көлік құралдарына ғана тоқтап тұруға рұқсат етілетіндігін көрсетеді.


7.8 «Ақылы қызмет көрсетулер». Қызмет тек қана ақыға ғана көрсетілетінін көрсетеді.


7.9 «Тоқтап тұрудың ұзақтығын шектеу». Көлік құралының 5.15 белгісімен белгіленген тұрақта болуының ең жоғары уақыт ұзақтығын көрсетеді.


7.10 «Автомобильдерді қарап тексеруге арналған орын». 5.15 немесе 6.11. белгісімен таңбаланған алаңда эстакада немесе қарау шұңқыры бар екенін көрсетеді.


7.11 «Толық массаны шектеу». Белгінің күші рұқсат етілген ең жоғары массасы тақтайшада көрсетілгеннен асатын көлік құралдарына ғана қолданылатынын көрсетеді.


7.12 «Қауіпті жол жиегі». Жол жиегіне түсу онда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қауіпті екенін ескертеді. 1.23 белгісімен қолданылады.


7.13 «Басты жолдың бағыты». Жол қиылысында басты жолдың бағытын көрсетеді.


7.14 «Жүру жолағы». Бөлігінің немесе бағдаршамның күші қолданылатын жүру жолағын көрсетеді.


7.15 «Зағип жаяу жүргіншілер». Жаяу жүргіншілердің өтпесін зағиптардың пайдаланатынын көрсетеді. 1.20, 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және бағдаршаммен қолданылады.


7.16 «Ылғалды жабын». Белгі жүру бөлігінің жабыны ылғал уақыт кезеңінде қолданылатынын көрсетеді.


7.17 «Мүгедектер». 5.15 белгісінің «Мүгедек» таным белгілері орнатылған мотобесіктер мен автомобильдерге ғана қолданылатынын көрсетеді.


7.18 «Мүгедектерден басқа». Белгілер «Мүгедек» таным белгілері орнатылған мотобесіктер мен автомобильдерге қолданылмайтынын көрсетеді.


7.19 «Қауіпті жүк сыныбы». 19433 МемСТ бойынша қауіпті жүктердің сынып (сыныптарының) нөмірін көрсетеді. 3.32, 4.9.1 - 4.9.3 белгілерімен қолданылады.


Тақтайшалар олар қолданылатын белгінің тікелей астында орналастырылады. 7.2.2 - 7.2.4, 7.13 тақтайшалары белгілер жүру бөлігінің, жол жиегінің немесе тротуардың үстінде орналасуы кезінде белгінің бүйіріне орналастырылады.


Уақытша жол белгілерінің (көшірілетін бағандағы) және стационарлық белгілердің мәндері бір-біріне қайшы келген жағдайда, жүргізушілер уақытша белгілерді басшылыққа алуы тиіс.

2-сурет. ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ

1. ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ




2. БАСЫМДЫҚ БЕЛГІЛЕРІ


3. ТЫЙЫМ САЛАТЫН БЕЛГІЛЕР




4. НҰСҚАЙТЫН БЕЛГІЛЕР

5. АҚПАРАТТЫҚ-НҰСҚАҒЫШ БЕЛГІЛЕР




6. СЕРВИС БЕЛГІЛЕРІ


7. ҚОСЫМША АҚПАРАТ БЕЛГІЛЕРІ


Жол жүрісі қағидаларына



2-қосымша

Жол таңбасы және оның сипаттамалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет