«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2022-2023 оқу жылындағы 10 «Ә» сыныбының тәрбие жұмысының жылдық қорытындысы



бет1/3
Дата11.07.2023
өлшемі17,39 Kb.
#104217
  1   2   3
Байланысты:
8 бағыт


«Жоламан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2022-2023 оқу жылындағы 10 «Ә» сыныбының тәрбие жұмысының жылдық қорытындысы
10 «Ә» сыныбында 10 оқушы. Оның 7 ұл, 3 қыз. Үлгермейтін оқушы жоқ. 4 тоқсанды 50 пайызбен аяқтадық. 2022-2023 оқу жылының басында сынып оқушыларын адалдыққа, еңбекке, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, жан-жақты, мол сауатты, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жасап бекіттірілді. Жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді. Атап айтсақ:
1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққы қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарыс тұру даярлығын қалыптастырады. «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық», «Қазақстан-ортақ үйіміз», «Желтоқсан алауы- Тәуелсіздік бастауы», «Сыбайлас жемқорлық деген не?», «9 мамыр-Жеңіс күні» атты тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді.
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтармен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарасытарын қалыптастырады. «Ұстазым, менің ұстазым», «Адал өмір сүру абзал қасиет», «Адам болам десеңіз...», «Ана тіршілік бастауы», «Имандылық тәрбие негізі» атты тақырыптарда сынып сағаттары өтті.
3. Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және адамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. «»Наурыз мерекесі», «Кекшіл болма көпшіл бол», «Ахмет Байтұрсынұлының 150жылдығы», «М.Әуезовтың 125 жылдығы», «Қазыбек бидің 355 жылдығы».
4. Отбасылық тәрбие
Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.»Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы», «Оқушы өміріндегі отбасының рөлі», «Отбасы-тәрбие бастауы».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет