Social, Mentality and Researcher Thinkers Journal
smartofjournal.com / editorsmartjournal@gmail.com / Open Access Refereed / E-Journal / Refereed / Indexed
17
2.
БН- 350 реакторлық зауытының істен шығуы.
3.
Каспийдің Солтүстік теңіз қайраңында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі толыққанды
мемлекеттік мониторингтің жоқтығы, Каспий теңізі жағалауының 1350 км бақылаусыз
қалып отыр.
Өңірде 2008 жылдан бері «Экологиялық зерттеу зертханасы» МКК тұрақты жұмыс істеуде.
Зертхана 2010 жылдан бастап Каспий теңізінің жағалау зонасында орналасқан мұнай
өндірістерімен теңіз порттарының техногендік әсерін бағалау мақсатында кешенді
экологиялық мониторинг жүргізіп келеді. Бес жыл қатарынан Бозашы түбегіндегі Қаламқас,
Қаражанбас, Арман кен орындары мен Ақтау, Баутин порты бақыланып, аналитикалық
зерттеу нәтижесінде үлкен мәліметтер қоры жинақталады. 2014 жылы Құрлық портында теңіз
суындағы мұнай өнімдерінің мөлшері 5 есеге артқандығы анықталды. Ауыр металдар мөлшері
де рұқсат етілетін шектен 74, алюминий 221, сынап 82 есеге артық. Қаражанбас,
Комсомольский кен орындарында 14 су басу қаупі бар мұнай ұңғымалары орналасқан. Бұл
аймақта судағы мұнай өнімдерінің рұқсат етілген шектен 5 есе жоғары. Ауыр металдар, атап
айтқанда, мышьяк 112, алюминий 8, темір 7, сынап 22 есе артқан. Көрсеткіш көңіл
көншіктерліктей емес. Осы ретте Каспий теңізінің экологиялық қауіпсізддігін арттыру
мақсатында өндіріс орындарына мұнай төгілуін мұқият қадағалап бақылайтын радарларды
орнатуды жоспарлап отыр.
Каспий жағалауында орналасқан мұнайлы Маңғыстау өлкесіндегі жерасты қазба байлықтарын
өндіру, тасымалдау, бұрғылау, өңдеу, геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу себептерінен
осы өлке топырағы, ауасы, теңіз суы ластанып кеткені белгілі. Өңірдің экологиялық ахуалы
мен мәселенің шешілуі жолдары өте күрделі. Бұл экологиялық күрделі мәселелерді шешуде
теңіз экологиясы жөнінде арнаулы халықаралық құжат қабылдау қажеттігі туды.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өзі Қауіпсіздік кеңесі отырысында атап көрсеткендей
«Каспий маңы аймағы табиғи және антропогендік факторлармен байланысты бірден-бір
сезімтал экологиялық өңір» деген болатын. ҚР Президентінің бастамасы барлық Каспий маңы
мемлекеттерінің болашақ ұрпақ туралы қамын ойлау ниетінен туындаған. Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесі мәселелерін тезірек шешу туралы айтқан идеясын Иран Президенті де
қолдады. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы бойынша Каспий теңізі қайраңын қарқынды
игеруге қатысты жаңа технологиялар енгізу, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты
пайдалануға байланысты экологиялық мониторинг және мемлекеттік бақылау жүйелерін
жетілдіру тұрақты түрде жүзеге асып келеді. 2017 жылдың аяғына дейін кен орындарын
бағалау процесін реттейтін нормативтік- құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер
енгізу жоспарланып отыр. 2018 жылдан бастап халықаралық стандарттарға көшу
жоспарланып отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Шілдебаев Ж. (2012). Биогеография.
2. Бірмағамбетов Ә (2004). Қазақстанның физикалық географиясы.
3. Бейсенова Ә., Шілдебаев Ж. (2004). Экология және табиғатты тиімді пайдалану.
4. Қазақстан табиғаты , «Қазақ энциклопедиясы» (2009). 172-173, 178-179 б.б.
5. Бейсенова Ә.С. Қазақстанның физикалық географиясы. Алматы (2014). 287-290 б.б.
Достарыңызбен бөлісу: |