Жолдасбек МӘмбетов /4 ім л т и 2011



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата09.03.2017
өлшемі8,36 Mb.
#8626
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

144
Мэмбетов Жолдасбек
дігімізде»)  деген  еңбегі  жарық  көрді.  Ол  сол  тұстағы 
романтизм  бағыты  үшін  маңызды  оқиға  саналды. 
Кітап  замандастарын  өзінің  терең  писсимизмімен 
таңғалдырды. 
Онда 
ғалым 
адамзат 
тарихының 
ешқандай  мәні  жоқ  екенін  дәлелдеғен.  Ол  қоғамды 
билеп  түрған  ақыл-ой  емес,  сол  ақылдан  ада  қатал 
да  қатыгез  соқыр  сенім  деген  ой  түйеді.  Адам  нағыз 
еркіндікке, бостандыққа тек озін-озі жойғанда, олгенде 
ғана қол жеткізбек деген түжырым жасады.
Романтиктер  өздерінің  алдындағы  ағартушыларды 
шығармаларындағы  «ойдың  салқынқандылығы»  мен 
«өмір  қозғалысының»  жоқтығы  үшін  кінәлады.  Олар- 
дың  қатып  қалған  классицистердің  қатаң  нормалары- 
на  қарсы  күресі  жарты  ғасырға  созылды.  Романтизм 
барлық  Еуропа  елдерінде  біркелкі  дамығанымен  әр 
елдің  ұлттық  дәстүрі  мен  тарихи  жағдайларына  бай- 
ланысты  өзгеше  ұлттық  ерекшеліктерді  қабылдап,  әр 
алуан ұлттық сипатқа ие болып жатты.
Романтизм  -   адамның  айнала  қоршаған  ортаға 
қанағаттанбаушылығынан,  түбегейлі  қоғамдық  өз- 
герістердің  басталуынан,  түңілуінен  туған  онердегі 
бағыт.  Оның  өнерге  әкелген  жаңалығы  жеке  тұлғаны 
құндылық  ретінде  тану, 
адамның  құдіреттілігін 
дәріптеу,  адам  рухының  биіктігін  дәлелдеу  болды. 
Адам  даналығы  және  оның  шығармашылық  еркін 
романтиктер дүниедегі ұлы жасампаздық күш ретінде 
жырлады. Романтизмнің тарихи даму жолындағы осал 
тұсы да дәл осы «жеке адамның еркі» туралы ойларын- 
да жатқан еді. Өйткені олар өмірдегі ақиқат шындыққа 
қарамастан,  жеке  тұлғаны  мүлдем  асыра  бағалап 
жіберді.  Романтиктер  шектен  тыс  абсолюттендіріп 
жіберген  жеке  тұлға  жақыннан  алып  қарастырғанда 
мүлдем өзіне ұқсамайтын «толық емес» тұлғаға айнал- 
ды. Ол өмірдегі басқа адамдар сияқты емес, «қоғамдық 
адам»  сипатынан  айырылып  қалды.  Романтиканың

Әдебиеттің эстетикалык,  негіздері
145
-  өмірдегі  жеке адам тұлғасы  басқа  адамдар өмір  сүріп 
жатқан' әлемнен  тысқары  бөлініп  қалды.  Бұл  оны 
жан-жақты  тануға,  образ  ретінде  талдап  түсіндіруге 
кедергі  жасады.  Осыдан  келіп  өнерде  өмірді  ақиқат 
|  шындықпен  бейнелеудің  жаңа  жолдары  іздестіріле 
бастады. Романтикалық бейне қарапайым адамдардың 
талап-тілегін  қанағаттандыра  алмады.  Ол  көбінесе
к
эстетикалық  сипаты  жағынан  асқақтыққа  жақын
I
болғандықтан,  екінің  бірінің  қолынан  келе  бермейтін 
I  ұлы  істердің  бастаушыларын,  ұйымдастырушыларын 
ғана  бейнелеуге  арналып,  жеке  тұлғаны  дәріптеудің
1  құралы  ретінде  қоғамды  жалықтыра  бастады.  Ал 
көпшілік  қауым  үшін  өзімен бірге  өмір  сүріп  жатқан 
қарапайым адамның болмысы, оның жан дүниесіндегі 
әр алуан өзгерістер мен толғаныстар әлдеқайда қызық 
көріне  бастады.  Оның  терең  сырын  ашу,  өзі  тек- 
тес  адамның  бойындағы  түрлі  мінез  ерекшеліктерін 
көрсету өнерде басты бағьггқа ие бола бастады.
РЕАЛИЗМ
Р
еализм  латынша 
геаііз  -
  заттанған  деген 
сөзден  пайда  болған  шығармашылық 
принцип.  Оны  негіз  етіп  алған  көркем 
шығармадағы  жағдай  тарихи-әлеуметтік  сипатта  бо- 
лады,  ал  оның  заңды  себептері  сапалық және  өзін-өзі 
бағалау, яки ақиқат шындықтың фактілерін типтендіру 
жолымен  ашылады.  Ф.  Энгельсгің  созімен  айтқанда, 
«детальдардың ақиқаттылығынан басқаларды шынайы 
суреттеу».  Реалистік  шығармаларда  адам  өмірдегі 
обьективгі  жағдайлармен  озара  тығыз  байланыста 
әрекет ететін  қоғамдық тіршілік иесі ретінде корінеді. 
Оны  әлеуметтік  детерминизм  немесе  мінездер  йен 
жағдайлардың типтік байланысы дейміз.

146
Мәмбетов Жолдасбек
Реализм романтизмнен кейін пайда болған, роман- 
тизмді  теріске  шығарушы  ағым.  Ең  алғашқы  реалист- 
суреткерлер  А.  Пушкин,  Стендаль,  О.  де  Бальзак, 
Ч.  Диккенс  және  басқалар  болды.  Бірақ  олар  өздерін 
реалиспіз  деп  санаған  емес,  олар  ондай  бағыттың 
бар  екенін  де  білген  емес.  Ресейде  «реализм»  де- 
ген  терминді  алғаш  пайдаланған  әдебиет  сыншысы 
П.В.  Анненков  еді.  Ал  атақты  орыс  сыншылары  Бе- 
линский,  Добролюбов,  Писаревтер  реализм  деген 
терминді пайдаланбаған, ондай ұғымды тек өзге балама 
сөздермен түсіндіруге тырысқан.  Реализмді көркемдік 
әдіс  ретінде  пайымдау  кеңес  өкіметі  орнаған  соң  20- 
30  жылдары  ғана  айтыла  бастады.  Батыс  Еуропа  мен 
Американың әдебиеттанушы, өнертанушы ғалымдары 
реализмді шындықты сол қалпында бейнелеу деп пай- 
ымдайды, көпшілігі натурализм деп түсінеді.
Жалпы  кеңес дәуіріндегі  зерттеушілер  реализмнің 
тарихын  ерте  кезден  бастайды.  Оған  мысал  ретінде 
Н. Буалоның «ақиқаттан ауытқымау, табиғатқа еліктеу» 
деген  сөздерін  немесе  классицизмге  барынша  қарсы 
тұрған,  романтик  В.  Гюгоның  «табиғат  пен  шындық 
көрінетін  тек  қана  табиғатпен,  ақиқатпен  және  өз 
шабытыңызбен  кеңесіңіз»  деген  сөздерін  келтіреді. 
Кейбір  ғалымдардың  тіпті  алғашқы  қауымдық  құры- 
лыс  кезінен  қалған  тастағы  жазулардан,  антикалық 
дәуір мүсіндерінен де реалистік сипаттарды іздейтінін 
жоққа  шығара  алмаймыз  және  оны  теріске  шығаруға 
да  негіз  жоқ.  Өйткені  реализмді  әр  елде  әр  түрлі 
түсіндіреді,  әр  ғалым  өзінше  пайымдайды.  Көптеген 
өнертанушылар  реализмді  көркемдік  жүйе  ретінде 
Еуропа  әдебиетіндегі  қайта  өрлеу  дәуірімен  бай- 
ланыстырады.  Шіркеу  уағыздарындағы  құлдық  са- 
надан  тыс  адам  өмірін  жаңаша  пайымдау,  адамды 
табиғаттың ең жоғары жаратылысы ретінде тану, оның 
тұла  бойындағы  сұлулық пен ақыл  парасатты,  рухани

Әдебиеттін эстетикалык негіздері
гы  суреттеу 
Шекспир  ы
мойындаиды
таңдап
сипатта
суреткердің
өз  кезегінде  дәуірдің  тыныс-тіршіліпн  сезіне  ала- 
тын  дүниетанымына  байланысты  болып  келеді. 
Объективтілікке үмтылу суреткерге  кейде оның  саяси 
сеніміне  қарамастан  қоғамдағы  күштердің  шынайы
қалпын суреттеуге негіз болады.
Кеңес дәуірінде реализмді  «социалистік реализм», 
«сыншыл реализм» кейде тіпті «төңкерісшіл реализм» 
деп  те  бөліп  жататын.  Ал  оңтүстік  америкалықтар 
«магиялық  реализм»  деген  түрін  өмірге  әкеледі.  Ол
фологиялық
туған
Реализмнің  жетістігінің  өзі  қарапайым  адамды 
нақты  өмірден  алып,  сол  омірмен  тікелей  байланы- 
ста,  қоғамдық  ортамен  бірлікте  көрсетуінде  еді.  Сол 
арқылы  ол  қоғамдық  адамды,  яки  шынайы  адам  бол-
мысын ашып көрсете алды.
талантты
суреткер  де  өнерге  бүрын  беймәлім  болып  келген 
жаңалықтарды,  адам  туралы,  оның  мінезі  мен  бол- 
мысы  туралы  жаңа  идеялар  мен  тың  деректерді 
енгізіп  жатады.  Мәселен,  XX  ғасыр  басында  қазақ 
әдебиетінде Мүхтар Әуезов өз оқырмандарын несімен 
қызықтырып,  қандай  қасиетімен баурап  алды?  Себебі 
ол  алғаш  рет  қазаққа  өз  дәуірін,  өз  замандасының 
арман-мүддесін,  мақсат-мүратын халықтың өз тілімен 
шынайы  әңгімелеп  берді.  Бүрын  романтикалық 
сарындағы  халықтық  жырлар  мен  шығыстық  қисса- 
дастандарға 
үйренген 
адамдар 
үшін 
олардың 
өздері  күнделікті  өмірде  көріп,  естіп  жүрген  адам-

148
Мэмбетов Жолдасбек
дар  арасындағы  шындық  оқиғалардың  ауызекі  тілге 
жақын  проза  жанрында  баяндалуы  олар  үшін  қызық 
қүбылыс  еді.  Қара  сөзбен  өрнектелген  кестелі  шешен 
тіл,  сюжеттегі  шымыр  әрекет  қозғалыстың  барынша 
жүйелі өрбуі, композициядағы түтастық пен нақтылық 
аталған жанрдың «сөз патшасы» өлеңнен ешқандай да 
кем  түспейтінін  ғана  дәлелдеп  қойған  жоқ,  өздерінің 
таным-түсініктеріндегі  ақиқат  шындықтың  барын- 
ша  жарқырай  көрінуі  де  оқырманды  өзіне  баурап, 
тарта  білді.  Бүл  қазақ  сөз  онеріндегі  реализмнің 
артықшылығы еді.
Жалпы  реализм,  мейлі  оны  социалистік  реализм 
деп-ақ атайық қазақ әдебиетінің даму деңгейін шырқау 
биікке  котерген  «әдіс»  болды.  Оны  тырнақшаға  алып 
көрсетуіміздің сыры да сол -  оның біздің әдебиетімізде 
көркемдік 
әдіс 
ретінде 
қызмет 
етуінде. 
Бүған 
қарағанда  біздің  түсінігіміздегі  көркемдік  әдіс  пен 
батыс  еуропалықтар  мен  америкалықтардың  танып 
білуіндегі реализмнің жер мен көктей айырмашылығы 
бар  сияқты.  Бүрынғы  күллі  әлемді  капиталистік және 
социалистік деп  екіге  болген  лагерьлердің  өмір  сүріп 
түрған  шағында  әрине  реализмді  «социалистік»  деп 
меншіктеу  қарсы  тараптың  санасында  үрей  туғызып, 
одан  ауылдарын  аулақ  салуға  мәжбүрледі.  Әйтпесе 
жүмыр жердегі адамдар екі дай бөлініп алып екі түрлі
әрқаисысы өзінше паиымдауға дағдыланды дегенге кім 
сенеді.
Адамгершілік,  ізгілік,  ерлік,  сүйіспеншілік,  жақсы 
көру,  жек  көру  деген  қасиеттерді  жалпы  адамзаттың 
ұлы 
мұраттарынан 
бөліп 
алып 
қараудың 
өзі 
тоғышарлық болып саналар еді.

МОДЕРНИЗМ
М
одернизм (фр. 
Мойегпе
 -  жаңа, қазіргі 
заманғы)  -   XX  ғасырдың  20-жылда- 
ры  пайда  болған  адамдардың  ру- 
хани  дағдарысын  бейнелеуге  негізделген  көркемдік- 
эстетикалық  жүйе.  Модернизмнің  томенгі  шегі
реалистік  мәдениет  болса,  жоғарғы  шегі  1950  жыл- 
дары  пайда  болған  постмодернизм  болып  санала- 
ды.  Модернистік  онерді  авангардтық  өнермен  ша- 
тастыруға  болмайды,  бірақ  олардың  ара-жігін  ашып 
ажыратып  берудің  өзі  қиын.  Модернистік  онердің 
түрлеріне  символизм,  экспрессионизм,  акмеизм  жат- 
са,  авангардтық  өнер  түрлеріне  футуризм,  сюрреа- 
лизм, дадаизм  кіреді. Модернизм  мен  авангардизмнің 
өнерде  жаңа  бір  нәрсені  жасауды  басты  мақсат  етіп 
ұстағанымен,  модернизм  сол  жаңаны  коркемдік 
пішін  арқылы  жасауды  мұрат  тұтады.  Авангардтық 
көркем  мінез  сомдауға  қарсылықсыз,  айқай-шусыз, 
дүрдаразсыз  елестету  мүмкін  емес.  Ал  модернизмге 
ондай  желөкпеліктің  керегі  жоқ.  Прагматикалық  ор- 
тада  модерист  озін  қарапайым  ғана  суреткер  немесе 
ғалым  сияқты  корсетеді.  Ол  озінің  сурегін  салып,  му- 
зыкасын немесе  әдеби  шығармасын сабырлы  қалыпта 
ғана  жазып  жүре  береді.  Ол  авангардтықтар  сияқты 
өзін  жарнамалап,  дәлелдеуге,  көрсетуге  тырыспайды. 
Олар кобіне бәрінен сырт, тұйық өмір сүруді ұнатады. 
Олар  топтасып  жиналғанда  да  өздерін  өте  салмақты,
биязы ұстайды.
Модернизмнің онерге ғана  емес,  ғылым  мен фило-
софияға да қатысы бар. Коптеғен модернистер негізінен 
ғалымдар  болған.  Оған  көптеген  мысал  келтіруге  бо- 
лады.  XX  ғасыр  мәдениетінде  ерекше  құбылыс  са- 
налатын  психоанализ,  кибернетика,  ықтималдық 
теориясы,  құрылымдық  (структуралық)  лингвисти- 
ка,  аналитикалық  философия,  кванттық  механика-
___________
Әдебиеттің эстетикалыц негіздері
________ 149

150
Мэмбетов Жолдасбек
ны  соның  дәлелі  ретінде  қарастыруға  болады.  Олай 
болса,  Зигмунд  Фрейдті,  Карл  Густав  Юнгті,  Альберт 
Эйнштейнді,  Курт  Гедель  мен  Нильс  Борды,  Ферди- 
нанд де  Соссюрлерді  модернистер  болмаған  деп  айта 
алмаймыз. 
1
Мысалы,  модернизмді  XX  ғасыр  мәдениетіндегі 
кешенді  қозғалыс  ретінде  қарастыратын  болсақ,  ол 
XX  ғасырға  дейін  өмір  сүріп  келген  реалистік  (соның 
ішінде соцреалистік) және позитивтік дүниетанымнан 
бас  тартты,  ескі  көзқарастардан  іргесін  аулақ  салған 
ағым болды.
Кейбір  кеңестік  зерттеушілер  модернизм  мен  по- 
зитивизмді бір дүниетаным ретінде қарастырады және 
коммунистік идеологияға  сәйкес келе  бермегендіктен, 
модернизмнің  тек  үнамсыз  жақтарын  ғана  қазбалап 
көрсетуге  тырысқан.  Сондықтан да  олар  модернизмді 
буржуазиялық қоғамдағы рухани дағдарыстың көрінісі, 
буржуазиялық  жекелік  және  бүқаралық  сананың 
қайшылықтарының  жемісі  деп  бағалады.  Бірақ  сол 
модернистік пайымдаулардың социалистік қоғамда да 
өркен жайып, көрініс бере бастағанын өздері де бірден 
тап басып тани алмады.
Позитивизм  өмір  сүріп  жатқан  ақиқат  өмірді 
бейнелеуді мүрат түтса, модернизм сол ақиқат өмірдің 
үлгісін  өзі  жасауға  тырысты.  Реализм  үшін  ақиқат 
шындық  алғаш  пайда  болған  деген  материалистік 
көзқарас негізге алынса, модернизм бірінші сана пайда 
болған деген түжырымды үстанады.  Егер  шынтуайты- 
на келсек, модернизм үшін ненің бірінші, ненің екінші 
болганы да маңызды емес еді.
Позитивистер  үшін  реализм  түсінігі  негізгі  мәселе 
болса,  модернистер  үшін  реализмнің  өзі  сағымды 
бүлдыр  қиялмен,  реминисценциямен,  бірін-бірі  ай- 
надан  көргендей  қайталай  бейнелейтін,  ең  басты- 
сы  мәтін  туралы  түсінік  болып  шығады  және  ол  жай

ғана  мэтін емес, алынған дәйектеме үзінділер арқылы, 
қайталіулар арқылы интертекске айналған мәтін.
Реалистік  әдебиетке  ерекше  қаһарман  мен  тобыр 
арасындағы  романтикалық  тартыс  сипаты  тән  болса 
(Бальзак, Чернышевский, Тургенев шығармаларындағы 
қаһармандар), модернизмде ондай тартысты кездестіре 
қою  қиын,  ондай тартыс орын  алған  күннің  өзінде  ол 
жай мәнсіз әрекеттің бірі ретінде сипатталады. Жалпы 
жеке  түлғаны  сомдау  идеясы,  адам  жан  дүниесіндегі 
сілкіністерді  суреттеу  модернизмде  (қосалқы)  екінші 
планға  көшіп  кетеді.  Кейде  Томас  Манның  «Доктор 
Фаустусы»  сияқты  қаһарман  мен  тобыр  арасындағы 
қақтығыс суреттелетін де шығармалар кездесіп қалады, 
бірақ ондағы тартыс шынайы тартыс емес, пародиялық
сипатқа ие тартыс.
XIX 
ғасыр әдебиетінде отбасылық жағдайды сөз ету 
басты мәселенің бірі болса, модернистік әдебиетте отба- 
сы (семья) мәселесі м үлде ауызға алынбайды, егер алына 
қалған күннің өзінде Фолькнер шығармаларындағыдай 
отбасының  ыдырауы,  қүлдырауы  баса  суреттеледі. 
Модернизм  болашағы  жоқ  әлемді  суреттеді,  өнерде 
ақыреттік  дүниені,  заман  ақырды  суреткерлік  таным 
түрғысынан көрсетуді мүрат түтты.
ПОСТМОДЕРНИЗМ
ж 
азіргі эстетикалық ой жүйесінде постмо-
дернизм әдісі кеңінен талданып, сөз бо- 
Л » ^ |л ы п  жүр. Әрине оны әдіске жатқызамыз 
ба, жоқ па ол да әлі күнге шейін шешімін таппай келе 
жатқан мәселенің бірі. Соңғы жылдары жарық көрген 
ғылыми  әдебиеттерде  постмодернизм  бірде  идеоло- 
гия, кейде өнердегі ағым, енді бірде өнердегі әдіс, кейде 
гіпті дәуір, кезең ретінде де қарастырылып жүр.
'______
Әдебиеттің эстетикалык; негіздері
________ 151

152
Мэмбетов Жолдасбек
Философиялық  сөздікте  «постмодернизм  жаңа  та- 
рихи  жағдайларға  байланысты  өзінің  алдындағы  мо- 
дернизм  идеологиясын  реттеуге,  түзеуге  бағытталған 
XX  ғасырдың  екінші  жартысында  пайда  болған  көр- 
кемдік  және  мәдени  идеология»  деген  анықтама 
берілген.  Мұның  мәнісі,  екінші  дүние  жүзілік  соғыс- 
тан  кейін  модернистік  бағытты  әлеуметтік,  саяси 
және  эстетикалық  жағынан  тоталитаризм  мен  бас- 
қыншылық, зорлықшыл идеяларға қатысы бар, сол то- 
талитаризм  мен билікшіл топтың сойылын соғады деп
айыптады. 
. _ 
Ш
Постмодернизм  деген  сөздің  шығу  тегі  латынша 
розі -   соңғы,  кейінгі  және  французша  тосіегп -   жаңа, 
қазіргі, үлгілі деген сөздердің бірігуінен пайда болған.
Ең  алғаш  рет  «постмодернизм»  деген  термин 
1914  жылы  Р.  Панвицтің  «Еуропа  мәдениетіндегі 
дағдарыс»  деген  еңбегінде  қолданылған.  Одан  жиыр- 
ма  жыл  өткен  соң  1934  жылы  Ф.  Де  Онис  өзінің  «Ис- 
пан  және  латьшамерикалық  поэзия  антологиясы»  де- 
ген  кітабында  модернизмді  теріске  шығарушы  ұғым 
ретінде пайдаланған.
1947  жылы  әлемге  аты  танымал  тарихшы  және 
философ  Арнольд  Т ойнби 
«постмодернизм  дін 
мен  мәдениетке  батыстың  үстемдігінің  аяқталғанын 
тұспалдайды»  деп  мәдениеттану  тарапынан  өзіндік 
баға берген болатын.
Ал  1971  жылы  әдебиеттануға  «постмодернизм 
терминін  алғаш  енгізген  америка  ғалымы»  Ихаб  Хас- 
сан  болды.  Негізгі  постмодернизмнің  Пайда  болған 
жері  де  Америка  болып  саналады.  Ол  алғаш  рет 
постм одернизмнің  онердегі  жалпы  сипатына  шолу 
жасап, талдап, жіктеп корсетті.
1979  жылы  жарық  корген  француз  ғалымы  Ж.Ф. 
Лиотардың  «Постмодернистік  ахуал»  деген  еңбегінде 
постмодернизмнің пайда болуы мен негізгі белгілерінің 
алғышарттары жан-жақты қарастырылды.

Постмодернизмнің  пайда  болуы  туралы  екі  түрлі 
көзқарас  бар.  Біріншілері  XX  ғасырдың  екінші  жар- 
тысында  мәдениет пен өркениеттің қүлдырауына бай- 
ланысты  дүниеге  келген  тарихи  құбылыс  деп  есеп- 
тесе,  екіншілері  -   транстарихи  құбылыс,  яки  әрбір 
мәдени  дағдарыс  кезеңдерінде  қайталанып  отыратын 
жағдай  деп  түсіндіреді.  Белгілі  жазушы  Умберто  Эко 
өзінің  бір  еңбегінде  әр  дәуірдің  өз  постмодернизмі 
бар деп  жазған болатьга.  Кез  келген дәуір  кезі  келген- 
де  бәрібір  дағдарысқа  ұшырайды.  Өткен  етектен  тар- 
тып,  күш  корсетіп,  қанша  жерден  бопсаласа  да  тари- 
хи  авангард  одан  құтылғысы  келеді,  образсыздыққа 
шейін  жеткізеді.  Бірақ  бәрінің  де  шегі  бар.  Шегіне 
жеткенде  авангардтың  да  одан  әрі  барар  жері,  асар 
асуы  қалмайды.  Сонда  оны  постмодернизм  ауысты- 
рады.  Егер  өткеннің  бәрін  қиратып  жою  мүмкін  бол- 
маса,  онда  қайта таразылап,  қарастыру керек болады. 
Ешқайда жалтақтамай, ирониямен елеп, екшеу керек.
Әрине  қазіргі  мәдениет  пен  өнердегі  Умбертоның 
орны да-беделі де ерекше,  бірақ ТМД  елдері  әдебиет- 
тануында  постмодернизмді  тарихи  құбылыс  ретінде 
қабылдау басымдыққа ие болып отыр.
Сонымен,  постмодернизм  модернизмге  балама 
идеология  іздеуден туды деуге болады.  Бұл,  негізінен, 
өнерде  жаңа  образдар,  жаңа  материалдар  мен
құралдар іздеуден корінеді.
XX 
ғасырдың  60-70-ші  жылдары  айқын  байқалған 
құбылыстарға минимализм мен концептуалды өнердің 
дамуын жатқызамыз. Ал 70-ші жылдары онердегі әлеу- 
меттік  бағыттың  ерекше  белең  алып  дами  бастағанын 
байқаган  болсақ,  70-ші  жылдардың  ортасына  қарай 
өнердегі  феминизм  мен  этникалық  шағын  хгілықтар 
және әлеуметтік топтардың белсенділігінің күшейгенін 
аңғарамыз. 80-ші жылдардан бастап арт-процеске жаңа
технологияның  дамуы  айтарлықтай  ықпал  ете  баета- 
ды. Аудио, видео және интернет жүйесі суреткерлердің
_____
Әдебиеттің эстетикалык; негіздері
________ 153

өрісін кеней гті,  ж аш   течника.іық кура.ідарды  иаіідала- 
ну ола рльщ м үм кіндіктерін аргтырды.
Посі модерни 
ім
  өнерге  эк.іектиканы,  гарихи  до* 
йектемелер  (цитаі)  мен  оүкаралык  мадениет  эде~ 
менттерін  кос\  аркылы  модернизмді  жумсарілды 
озінің  мінлеті  санаиды.  Ой  модернистік  іалаптардьщ 
түпнусқага  жакындыгын  (оршина.іьносгь)  сынай- 
лы  постмодершістер  онерде  габш аітан  іыс  жана  бір 
нәрсені  жаса\  мүмкін  емес  дегенді  үлінділер  ке.ітіру, 
ишертекстуа ідық  (дәйектер  мен  ншаралар)  жоне 
аппроприация  (өзге  тілді  жоне  взпе  обраадарды 
менщікгеп паилалан\ ) арқылы жеткізуді ұсынады.
ГІостмоде рн ист ердін  бүрыннан  калыптасқан  мә- 
дени үғымдарға қарсы коятын оз баламалары бар:
•  адам  -   мына  дүниедегі  тіршілік  пелері  сияқты 
карапаиым 
тіршіл ік 
иелерінін 
бірі 
гана, 
оны 
басқа іардан артык жарагыліан деп дарнпеу бос соз;
•  адам дүниені (әлемді) озгертүші емес;
•  а.іем парлық тіршілік иесі үшін оргақ жане шарт- 
гы; 
| р |
•  ақикат  плюралисіеніен (нлю ралииична)
Г Іостмодернисгер  алемлі  синергетика  »аны  бой- 
ынша  дамиды  деп  есептеиді.  Дүние  еш кім ге  де 
багынбайлы,  алда  не  күтіп  і үрганын да ешкім  бол жан 
алмак  емес.  Біадін  дүниені  қабылдачым ы.і  үіік-үзік 
жане қия лға негі іделген.
Олар  мемлекетгік  күрылым  нринципгерінін 
лемократиялык  сипагта  болуын  жане  алеміпн  те »рек
жаһандануын калайды
Посгмодерни ім  іек қана Ьатыс Еуропа немесе 
Аме*
рика е.ыеріне ғана  іан аіым дей алмаймы *.  Бүпнгідей 
жаһанданү дауірііаде  когамдык санадагы  қүбыдысіьщ 
бір елмен  шектеліп кала алмаитыны да  іүсінікті  жайт. 
Сондықган  да  аталган  ағымның  онердегі  окілдерін 
онм нлін  каіақ  арасмнан  да  коптеп  кеідестіруге  бо- 
лады.  Прозада  жаксы  танылып  калған  Дидар  Аман-
154 
Мамоешоб Жіи^асоек

Әдебиеттің эстетикалык; негіздері
________ 155
тай, жас жазушылар Лира Қоныс шығармаларындағы 
ұлттық құндылықтармен үндеспей жататын кейбір са- 
рындар мен формалық ерекшеліктер соның көрінісі.
Оны  заман  ыңғайына  қарай  туындаған,  жаңа  бас- 
тамалар мен жаңа  идеяларды  танытуды  мақсат ететін 
бұрыннан  қалыптасқан  өмір  туралы  философиялық 
ойларды  қайта  саралап,  кейбір  тұжырым  пікірлерді 
теріске шығарушы жалпы өнер атаулыға тән сипат деп 
те қарастыруға болады. Әрине қашан да болса жаңалық 
атаулы  халық  санасына  бірден  сіңіп,  кірігіп  кете 
қоймайды. Постмодернизмнің де ежелден келе жатқан 
ұлттық  дәстүр  мен  ұлттық  санаға  қайшы  тұстары 
жеткілікті.  Сондықтан  да  көбінесе  аталған  ағымды 
қабылдау  кей  кездері  дәстүрлі  мәдениеттанушылар 
мен  ғалымдар  тарапынан  мансұқталып,  кедергіге 
ұшырап жатады.

ҚОРЫТЫНДЫ
дамзат  баласының  өмірінде 
мәде- 
ниеттің алатын орны ерекше. Мәдениет 
бір  күнде  жасала  салған  нәрсе  емес,
ол  адамдардың  жасампаз  еңбегінің  нәтижесінде 
ғасырлар бойы  жасалып, үрпақтан ұрпаққа  жетіп, да- 
мып  отыратын  құбылыс.  Біз  өмірде  еңбек  мәдениеті, 
адамдар 
арасындағы 
қарым-қатынас 
мәдениеті, 
мінез  мәдениеті,  сөйлеу  мәдениеті  деген  ұғымдармен 
күнделікті  ұшырасып  жатамыз.  Мәдениеттің  ерек- 
ше  бір  түрі  ол  -   көркем  мәдениет,  яғни  эстетикалық 
мәдениет.  Эстетикалық  мәдениет  дегенде  біз  тағы  бір 
нәрсені есте ұстағанымыз жөн. Мәдени дәстүр, мәдени 
дағды тек қана әсемдікті жасаған адамдарға ғана қажет 
десек  қателескен  болар  едік,  ол  сонымен  қатар  сол 
әсемдікті  қабылдаушылар  үшін  де  керек.  Мөселен,
өмірде тек қаламгер мәдениеті ғана емес, сонымен оірге 
оқырман  мәдениеті  немесе  орындаушы  мәдениеті, 
шығармашылық-музыкалық  мәдениетпен  қатар  тың- 
даушы мәдениеті деген түсініктер қалыптасқан.
Адам мәдениетсіз өмір сүре алмайды. Ал кез келген 
мәдениетті  ол  мейлі  көркем  мәдениет болсын,  не бол- 
маса  эстетикалық  мәдениет  болсын,  ең  алдымен  оны 
адам  санасына егіп, тәрбиелей білу керек.  Карл  Маркс 
«егер  сен  өнерден  ләззәт  алғың  келсе,  сен  көркемдік 
тұрғыдан білімді  адам  болуың керек» -  деген  болатын
[42. С.156].

Әдебиеттін эстетикалык негіздері

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет