Жолдауға қолдау Өркениетке бастар өскелең жол С



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата11.01.2017
өлшемі438,23 Kb.
#1623
  1   2   3   4   5

Жолдауға - қолдау

Өркениетке бастар 

өскелең жол

С

онымен  бірге,  құжатта  тәуелсіз  Қазақстанның  келешегін  нақты 

саралайтын,  елдің  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайын  көтеретін, 

түптеп  келгенде,  бізді  Мәңгілік  Ел  болуға  үндеп,  сол  тірлікке  жеткізетін 

мақсат  пен  міндет  көрініс  тапқан.  Елбасы  осы  алға  қойылған  нәтижеге 

жету  үшін  не  істеу  керектігінің  мезгілін  айқындап  берді.  Мемлекет 

басшысының мүддесі қалайда халқын жақсы тұрмысқа жеткізіп, өркениет 

көкжиегіне тоқайластыру екенін көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың бәрі 

біледі. Жолдауда негізінен айтылған ой өзегі осында жатыр. Шындығында 

еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай атқарылған жұмыстар ұшан-теңіз. 

Қазақстанда  үлгілі  дамудың  өзіндік  моделі  қалыптасты.    Әр  нәрседен 

хабары  бар,  білімді  жанның  көкірегінде  тәуелсіз  елімізге  деген  шексіз 

мақтаныш сезімі орнықты.  Олар өз Отанының болашағына нық  сеніммен 

қарайды.  

Мемлекет басшысының  Жолдауында атап көрсетілгеніндей, бұрынғы 

заманғы  тарихқа  үңілсек,  ата-бабаларымыздың  кең-байтақ  жерімізді 

ең  соңғы  демі  біткенше  қорғап,  осынау  ғажайып  дархан  даламызды, 

сәулетті  қалаларды  артында  қалған  ұрпаққа  қалдырып  кеткеніне  куә 

болып отырмыз.  Қазіргі таңда тәуелсіздік алған жылдардан кейін еліміз 

гүлденіп,  Елбасының  сарабдал  саясатының  арқасында  өркениетті, 

дамыған мемлекеттер қатарына қарай көшімізді түзедік. Мұның бәрі де 

Мәңгілік Ел деген түсінікке сайып, болашақта мемлекетіміздің алға қарай 

қарыштап дамып, өркендей түсетінін көрсетеді. Демек, ата-бабаларымыз 

мирас  етіп  қалдырған  ұлы  мұраны  одан  әрі  сақтап,  қорғап,  жоғалтпай, 

келешек жастарға басы бүтін тапсыру біздің қолымыздан келетін іс.  Күллі 

қазақстандықтардың өмірінің мәні, тұрмысының сәні де осыған саятынын 

баса  көрсетіп  айтқан  жөн.  Сондықтан  Елбасының  бұл  жолғы  Жолдауы 

көптің көңілінен шығып, жұртшылықты болашаққа бағытталған орнықты 

ойларымен тәнті етті деп зор сеніммен айтамыз. 

 

З.Рахмушев,



 

Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Елбасының  Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол - болашаққа 

бастар  жол»  атты  жаңа  Жолдауы  тәуелсіз  еліміздің  жарқын 

жолын  ұштастырудың  келешектегі  беталысының    бір  көрінісі 

іспеттес.  Мемлекет  басшысы  баяндап  берген  бұл  құжатта  ел-

дің  таяу  уақыттағы  дамуы  мен  өркендеуіне  дәнекер  болатын 

жарқын істер легі түзілді. Сол себептен оны шын мәнінде алыс-

ты  жақындатып,  жақынды  нұрлы  ететін  бағдарламалық  құжат 

екендігін  жұртшылықтың  жаппай  мойындайтыны  айна  қатесіз 

ақиқат.   

Рухани тәрбие 

өзегі

Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы білім беретін мектепте оқушыларды 



Отанды сүюге, патриотизмге, өз елін, жерін қорғауға тәрбиелеуге зор мән 

беріледі. Алдағы жылы Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы 

Ассамблеясының, Конституциямыздың 20 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 

жылдығы  атап  өтіледі.  Бұл  шаралар  жастардың  рухани  тәрбиесіне  аса 

маңызды фактор болады деп есептеймін. 

Бүгінгі таңда еліміз әлем кеңістігінде өз орнын білетін, өз ісіне мықты, өз 

келешегін болжай алатын мемлекет болып қалыптасты. Еліміздің келешегі 

де,  болашағы  да  жастар.  Сондықтан  жастардың  жарқын  болашағы 

үшін ұжым мүшелері аянбай еңбек етіп, ізгілікті істер атқара береді. Біз 

Елбасының сындарлы саясатын әрқашан қолдаймыз!

 

Г.ахметова,

 

Ғ.абдуллин атындағы мектептің кітапханашысы.

Мемлекет  басшысының  жыл  сайынғы  Жолдаулары  еліміз-

дің  рухын  асқақтатып,  күш-қуатын  біріктіретін  құжат  болып 

табылады.  Әр  жылғы  Жолдаудың  өз  жаңалығы  бар.  Дүниені 

дағдарыс  жайлаған  уақытта  еліміздің  күн  санап  дамуы,  белгілі 

бір  асуды  бағындырып,  келесі  бір  белеске  бет  түзеуі  Елбасы- 

ның көреген саясатының арқасы деп білемін. 

№2 (7967)

Жұма

 9 қаңтар

2015 жыл

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек аудандық қоғамдық - саяси газеті

Газет 1935 жылдан 

шыға бастады

еҢБеК. ДоСтЫҚ. БІРЛІК

Ш Ұ Ғ Ы Л А

Салық кодексіндегі 

өзгерістер сөз болды



Ж

иынға  төрағалық  еткен 

Жәнібек  ауданы  бойын-

ша  МКБ  басшысы  Р.Бақтияров 

2015  жылғы  салық  кодексінде-

гі  өзгерістер  туралы  қысқаша 

баяндап  берді.  Бұдан  кейін  сөз 

алған  «Нұр  Отан»  партиясы 

аудандық филиалы төрағасының 

аудан әкімдігінің мәжіліс залында салық төлеушілерге арнал-

ған  семинар-кеңес  оздырылып,  оған  аудандағы  кәсіпкерлер, 

шаруа  қожалықтарының  жетекшілері,  мекемелер  мен  кәсіп-

орындардың бухгалтерлері қатысты. 

Кәсіпкерлер жылды 

             қорытындылады

о

лардың  хабарламасында 

айтылғанындай,  ұлттық 

кәсіпкерлер  палатасы  аудандық 

филиалының іс жүзінде құрылып, 

жұмыс атқара бастағанына 2 ай-

ға жуық уақыт болған. Штатында 

әзірге бір адам бар. Жаңа жылдан 

кейін  мұнда  қызметкерлер  саны 

көбейеді  деп  күтілуде.  Аталмыш 

аудандық филиалға арнайы жеке 

ғимарат берілген.

-  Аудандық  филиал  шағын 

кәсіпкерлікті  қолдау  үшін  құрыл- 

ды.  Әзірге  консультациялық  жұ- 

мыстар жүргізіп, ауылдағы кәсіп- 

керлер  мен  шаруа  қожалық-

тарына  бағдарламалар  бойын-

ша  несие  алудың  жолдарын 

түсіндірудеміз.  Екі  айға  жуық 

мерзімнің  ішінде  аудан  ор-

талығынан 

шалғайда 

орна-


ласқан  ауылдық  округтерге  ба- 

рып,  4  рет  семинар-кеңес  өт-

кіздік.  Осы  уақыт  аралығында 

кәсіпкерлердің  мүддесін  көз-

деп,  түйінді  мәселелерді  шешу- 

ге атсалыстық, - деді Ж.Басиров  

жиында сөйлеген сөзінде. 

Ал,  аудандық  кәсіпкерлік 

бөлімінің  бас  маманы  Р.Аман-

ғалиев  аудан  әкімі  жанындағы 

кәсіпкерлердің  қоғамдық  кеңесі 

Аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың 

төрағалық етуімен оздырылған 

аудан әкімі жанындағы кәсіпкер- 

лердің  қоғамдық  кеңесі  отыры-

сында  ұлттық  кәсіпкерлер  па-

латасы  аудандық  филиалының 

директоры  Жасұлан  Басиров 

аудандағы  кәсіпкерлер  палата-

сының, аудандық кәсіпкерлік бө- 

лімінің бас маманы Рустам Аман-

ғалиев  аудан  әкімі  жанындағы 

кәсіпкерлердің  қоғамдық  кеңесі-

нің атқарған жұмыстары жөнін-

де хабарлама жасады. 

отырыстарында  туындаған  мә- 

селелердің  орындалуы  жайында 

баяндап  берді.  Басқосуда,  сон-

дай-ақ    Жәнібек  ауданы  бойын- 

ша  МКБ  басшысы  Ринат  Бақ-

тияров  алдағы  жылға  арналған 

салық  кодексіндегі  өзгерістерді 

мәлім  етсе,  аудандық  кәсіпкер-

лік  бөлімінің  басшысы  Наталья 

Сажина    аудан  әкімі  жанындағы 

кәсіпкерлердің  қоғамдық  ке-

ңесінің  2015  жылға  арналған 

жұмыс жоспарымен таныстырды.    

Жиынды  аудан  әкімі  Мұрат 

Мұқаев  қорытындылап,  өтіп 

бара  жатқан  жылы  ауданда 

кәсіпкерлікті  дамыту  барысында 

бірқатар  жұмыстардың  атқа-

рылғанын, алдағы жылда да бұл 

тұрғыда    біраз  ауқымды  істер- 

дің  жүзеге  асуы  үшін  бірлесіп 

жұмыс  жүргізу  қажеттігін  сөзіне 

сүйеніш қылды.

-  Бағдарламалар  бойынша 

несие  алу  мақсатында  кәсіп-

керлердің  белсенділігін  арт-

тыру  қажет.  Тұрғындар  ара-

сында 

түсінік 


жұмыстарын 

жүргізудің  нәтижесінде  қазір 

барлық  ауылдарда  да  тойха-

на,  наубайханалар  бар.  Алдағы 

уақытта  кепіл  жайын  түсіндіру 

керек.  Аудан  кәсіпкерлері  өт- 

кен  жылы  жылы  барлық  бағдар-

ламаларға  қатысып,  180  млн. 

теңге  субсидия  алды.  Ал  2012 

жылы  тек  45  миллион,  2013 

жылы  95  млн.  теңге  субси-

дия  алған  болатынбыз.  Бұ- 

рын  «Бизнестің  жол  картасы 

-  2020»  бағдарламасы  туралы 

басым  көпшіліктің  түсінігі  аз 

еді,  қазір  нақты  жұмыстар-

дың  нәтижесінде  жұртшылық 

бағдарламадан  хабардар  бо- 

лып  қалды.  Алдағы  жылы 

атқаратын  игі  істеріміз  көп 

болсын,  -  деп  сөзін  аяқтаған 

аудан  басшысы  кәсіпкерлер-

дің  қоғамдық  кеңесінің  мүше-

лері  Боранбай  Айтқалиев  пен 

Жасұлан  Басировты  алғыс  хат-

пен  марапаттап,  шағын  сыйлық 

табыс етті. 

 

Н.ЖапаҚов.

бірінші  орынбасары  М.Қайда-

ров  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  іс-шаралар  жөнінде  ха-

барлама  жасады.  Ол,  сондай-ақ 

Н.Дуюнова,  А.Ғұмарова,  Ғ.Те-

мірғалиева,  О.Бектенова  сынды 

кәсіпкерлерге  партияның  жаңа 

билетін  салтанатты  түрде  табыс 

етті.

Семинар-кеңеске  қатысушы-



лар  алдында  Жәнібек  ауданы 

бойынша  МКБ  бөлім  басшысы 

Т.Ғұсманов  алькоголь  өнімі-

нің  өндірілуін  және  айналымын 

мемлекеттік реттеу, электрондық 

шот-фактура,  жеке  кәсіпкерлер-

дің  мүліктерінің  құнын  бағалау, 

тұрмыстық  қатты  қалдықтар 

бойынша  декларация  табыс  ету, 

салық  органында  мүлікті  жа-

риялау  жайындағы  бірсыпыра 

мағлұматтарды  жіпке  тізгендей 

қылып  түсіндіріп  берсе,  аталған 

басқарманың  бөлім  басшысы 

М.Марденова 

айыппұл 


мен 

өсімпұлдарды  шығынға  есептеу, 

қосымша  құн  салығы  есебінен 

шығару  жөнінде  хабарлама 

жасады.  Жиында,  сондай-ақ 

аудандық  кәсіпкерлік  бөлімінің 

басшысы  Н.Сажина,  ұлттық 

кәсіпкерлер  палатасының  ау-

дандық  филиалының  дирек-

торы  Ж.Басеров  сөз  сөйлеп, 

кәсіпкерлікті  қолдау,  кәсіпкер- 

лер  палатасы    аудандық  фи-

лиалының  2015  жылы  атқара- 

тын  жұмыстары  туралы  баян-

дады. 

Н.Өтей.


шұғыла

2

9 қаңтар 2015 жыл

Жаңа тағайындау



аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 

хабары

Қамысты ауылдық округі әкімі 

сайлауының қорытындысы

2015  жылғы  5  қаңтарда  аудандық  мәдениет  үйінде  өткізілген 

Қамысты ауылдық округ әкімінің сайлауына аудандық мәслихат-

тың  11  депутатының  10-ы  қатынасып,  дауыс  беру  нәтижелерін 

санау бойынша келесі анықталды:

Абдгалиев Асхат Кенжеболатович –  дауыс алмаған

Наурзалиев  Абылай  Саматович  –    1  депутаттың  дауысын 

алған


Сарсенгалиев  Аскар  Маратович  –    9  депутаттың  дауысын 

алған


Сайлау  бюллетеньдерін  санау  қорытындысы  бойынша  көпші- 

лік дауысты Сарсенгалиев Аскар Маратович иеленді.



Сайланған әкім туралы хабар

Сарсенгалиев Аскар Маратович, 1983 жылғы 25 қаңтарда туған, 

БҚО,  Жәнібек  ауданы,  Жәнібек  ауылы,  И.Жұмаев  көшесі,  №15 

үйдің  тұрғыны,  Жәнібек  ауданы  әкімі  аппаратының  персоналды 

басқару  қызметінің  бас  маманы  лауазымын  атқарған.  Қамысты 

ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Сарсенгалиев  Аскар  Мара-

тович аудандық аумақтық сайлау 

комиссиясының  2015  жылғы  5 

қаңтардағы  Қамысты  ауылдық 

округінің  сайланған  әкімін  тір-

кеу  туралы  шешімі  негізінде 

аудан  әкімінің  ағымдағы  жылғы 

5  қаңтардағы  №1-ө  өкімімен 

Қамысты  ауылдық  округінің  әкі- 

мі қызметіне тағайындалды.

Сарсенгалиев  Аскар  Марато-

вич 1983 жылы 25 қаңтарда Ба-

тыс  Қазақстан  облысы,  Қара-

төбе ауданы, Қаратөбе ауылдық 

округінде  дүниеге  келген.  Ұлты 

қазақ. Білімі жоғары.

2005  жылы Жәңгір хан атын-

дағы Батыс Қазақстан аграрлық-

техникалық  университетін  «Кө- 

көніс,  жеміс-жидек  және  жүзім 

шаруашылығы» 

мамандығы 

бойынша, 2010 жылы  Қазақстан 

инновациялық  және  телекомму-

никациялық  жүйелер  универ-

ситетін  «Құқықтану»  мамандығы 

бойынша тәмамдаған. 

2005-2008  жылдар  аралы-

ғында  Жәнібек  аудандық  аумақ-

тық  қоршаған  ортаны  қорғау 

мемлекеттік  уәкілетті  инспект-

оры болып қызмет атқарған.

2009-2012  жылдар  аралығын-

да Жәнібек ауылындағы «Қанат» 

жауапкершілігі  шектеулі  серік-

тестігінде  іс-жүргізуші,  жол  жағ-

дайының  шебері  қызметтерін 

атқарды.


2012-2013  жылдар  Жәнібек 

ауданы  әкімі  аппаратының  құ-

жаттамалық  қамту    және  қаржы 

шаруашылығы  жұмыс  бөлімінің 

іс қағаздармен жұмыс және бақы-

лау мәселелері  жөніндегі жетек-

ші маманы қызметін атқарды.

2013  жылы  Жәнібек  ауда- 

ны әкімі аппаратының  ұйымдас-

тыру,  кадрлармен  жұмыс  және 

мемлекеттік  қызметтер  мони-

торингі  бөлімінің  кадрлармен 

жұмыс  және  мемлекеттік  награ-

далар  жөніндегі  бас  маманы 

болып қызмет атқарған. 

2013 жылғы 19 тамыз бен 2015 

жылғы  5  қаңтар  аралығында 

Жәнібек  ауданы  әкімі  аппара-

тының персоналды басқару қыз-

метінің  бас  маманы  қызметін 

атқарып келді.

Отбасылы. Жанұяда 1 ұл, 1 қыз 

 тәрбиелеп отыр.

Жәнібек ауданының әкімі М.Р.Мұқаевтың 2014 жылы атқарған 

жұмыстары туралы баяндамасының  негізгі тезистері

Жәнібек  ауданының  жергілікті  атқару- 

шы  органдарының  іс-қимылы  Қазақстан- 

ның  2050  жылға  дейінгі  даму  Стратегия-

сында белгіленген негізгі басымдықтарды, 

сондай-ақ  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  

Қазақстан  халқына  Жолдауынан  туын-

дайтын  міндеттерді  жүзеге  асыруға 

бағытталған.

Бұл  тұрғыда  мемлекеттік  саясатты  іс- 

ке  асыру  мақсатында  қабылданған  мем- 

лекеттік  және  салалық  бағдарламаларды 

жүзеге  асыру  арқылы  аудан  экономика-

сын  нығайтуға,  соның  нәтижесінде  қор-

даланған бірқатар өзекті мәселелерді ше-

шуге мүмкіндік жасалды.



1. Бюджет

2014 жылға арналған бюджеттің шығыс 

бөлігі 99,8% немесе 2 млрд. 281 млн. 155 

мың теңгеге орындалды.

Бюджеттің кіріс бөлігі 2 млрд. 326 млн. 

788 мың теңгені құрады. Жыл ішінде 310 

млн.  571  мың  теңге  көлемінде  салық  пен 

өзге де түсімдер жиналды. Өз кірістеріміз 

бойынша белгіленген жоспар 113,1% неме-

се 280 млн. 760 мың теңгеге орындалды.



2. ауыл шаруашылығы

Мал  шаруашылығын  дамыту  мақ-

сатында  мемлекет  тарапынан  қолданыл-

ған  шаралар  нәтижесінде  2014  жылы 

тұқымдық  түрлендіру  бағыты  бойынша 

115  шаруа  қожалығы  237  асыл  тұқымды 

бұқа сатып алып, 6800 бас аналық малын, 

сондай  –  ақ  5  шаруа  қожалығы  103  бас 

асыл  тұқымды  қошқар  сатып  алып  қой 

малын  асылдандырды.  3  ауылдың  жеке 

табындағы аналық малдары 94 бас асыл 

тұқымды  аталық  бұқалармен  қамтылды. 

Сол  арқылы  аудан  бойынша  аналық 

малдарының  тұқымдық  түрлендіру  кө-

лемі  70%  құрады.  Аталған  жұмыстарды 

жүргізгені  үшін  шаруа  қожалықтарына  

180  млн.  теңге  мөлшерінде  субсидия 

төленген болатын.

«Сыбаға»  бағдарламасы  бойынша  7 

шаруа қожалығы барлығы 56 млн 800 мың 

теңге  несие  алып,  29  бас  асыл  тұқымды 

бұқа және 670 бас аналық мал сатып алу-

ға мүмкіндік алды.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  мал  етінің 

экспорттық  әлеуетін  арттыру  жөніндегі 

тапсырмасын  орындау  мақсатында  жыл 

ішінде  Ресей  Федерациясына  220  тонна 

ет (1500 бас) экспортталды.

«Агробизнес - 2020» бағдарламасының 

қой  шаруашылығын  дамыту  бойынша 

тұқымдық  түрлендіру  бағытында  2014 

жылы  15  шебер-жоспар  жасақталып, 

5  шаруа  қожалығы  103  бас  «Еділбай» 

тұқымды  қошқар  сатып  алды.  «Әлем» 

шаруа  қожалығы  10  млн.  теңгеге  қымыз 

құю цехын іске қосты. 

Ветеринарлық-профилактикалық  ша- 

ралар  жылдық  жоспарға  сай  ұйым-

дастырылды.  Сарып  ауруына  оң  нәтиже 

көрсеткен  669  бас  ірі  қара  санитарлық 

мал  бастары  ет  өңдеу  кәсіпорындарына 

өткізілді.  Осы  ауруға  оң  нәтиже  берген  

134 бас ұсақ мал түгел жойылды.

Бруцеллезге  оң  нәтиже  берген  ірі 

қара  мал  иелеріне  9  млн  650  мың  теңге 

көлемінде  өтемақы  төленді,  алайда  ау-

дан  бойынша  өтемақы  қажеттілігін  толық 

қамтамасыз ету үшін 12 млн. теңгеге жуық 

қаржы қажет. Бұл қаражат биылғы жылы 

бөлінеді деп күтілуде.

Ветеринариялық  қызметінің  жұмысын 

ұйымдастыру  бағытында  5  ауылдық  ок-

ругтердегі ветеринарлық қосындары тиіс- 

ті  ғимаратпен  қамтамасыз  етіліп,  Күйген-

көл  және  Ұзынкөл  ауылдарына  модуль-

дық  ветеринарлық  пункт  сатып  алынды. 

Сарып ауруына шалдыққан малдарды ет 

өңдеу  кәсіпорындарына  жеткізу  үшін  жүк 

тасымалдағыш автокөлік сатып алынды.

2014  жылы  «Агробизнес  -  2020»  бағ-

дарламасы  аясында  жалпы  құны  44 

млн.  теңге  құрайтын  ауылшаруашы-

лығы  техникаларын  сатып  алғандары 

үшін  10  шаруа  қожалығының  50% 

шығындары  өтеліп,  аталған  шаруашы- 

лық құрылымдарға 17 млн теңге көлемін-

де субсидия берілді.

Өткен  жылы  шаруа  қожалықтары  бар-

лығы  46  бірлік  жаңа  ауылшаруашылық 

техникаларын  сатып  алған  болса,  соның 

17-і  лизинг  негізінде  сатып  алынған 

техникалар.

2014  жылы  «Қайрат»  ЖШС  4021  га 

алқапқа 3021 га ақ бидай және 1000 га ар-

па егіп, барлығы 929 тонна өнім жиналды.

Жыл ішінде 266 га көкөніс және бақша 

дақылдары  егілді,  соның  ішінде  66  га 

картоп,  136  га  көкөніс  және  64  га  бақша 

дақылдары  салынды.  Одан  барлығы 

330  тонна  өнім  алынды.  Шілде  –  қараша 

айлары  аралығында  аудан  орталығында 

14  мәрте  ауыл  шаруашылығы  жәрмең-

кесі  ұйымдастырылып,  ауылшаруашы-

лық  өнімдер  тұрғындарға  арзандатылған 

бағамен сатылды.

2014  жылы    «Ұлан»  шаруа  қожалығы-

на жылыжайда 8 тонна қияр өсіргені үшін  

2 млн 112 мың теңге субсидия төленді.

Азық  –  түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

ету  мақсатында  тұрақтандыру  қорынан 

жыл  ішінде  ауданға  300  тонна  бірінші 

сұрыпты арзандатылған астық жеткізілді.



3. шағын және орта кәсіпкерлік

2014 жылғы 1 қаңтарға аудан бойынша 

39  заңды  және  694  жеке  тұлға  тіркелген. 

Бұл салада жұмыс жасайтындардың саны 

1366 адамды құрады.

Есепті мерзім ішінде шағын және орта 

кәсіпкерлік  субъектілері  2  млрд.  288  млн. 

266  мың  теңгеге  жұмыс  жасап,  түрлі 

қызметтер көрсетті. Қайта өңдеу цехтары 

46  млн.  217  мың  теңге  көлемінде  түрлі 

жұмыстар атқарды.

Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъ-

ектілерінен  34  млн.  826  мың  теңге 

көлемінде  салық  және  өзге  де  түсімдер 

жиналды. 2014 жылы осы салада 120 жаңа 

жұмыс  орын  ашылды.  Жыл  ішінде  несие  

алу мәселелері бойынша 111 адам уәкілет-

ті  органдарға  жолыққан  болса,  түрлі 

қорлар  арқылы  12  адам  55  млн.  теңге 

көлемінде шағын несие алды.

«Бизнестің  жол  картасы  -  2020»  бағ- 

дарламасы  бойынша  қажетті  инфра-

құрылым  жүйесін  жеткізу  мақсатында 

жалпы сомасы 55 млн. 600 мың теңгені 3 

шаруа  қожалығының  жобасы  аймақтық 

үйлестіру  кеңесінде  мақұлданып,  қаржы-

ландырылады деп күтілуде.

Бұдан  басқа  пайыздық  мөлшерлемені 

субсидиялау  бойынша  «Жаныбек  Транс 

Сервис» ЖШС құны 20 млн. теңгені құрай-

тын 2 жүк автокөліктерін сатып алу жөнін-

дегі  және  жеке  кәсіпкер  Н.Жұмашевтың 

жолаушыларды  тасымалдауға  арналған 

3 автокөлікті сатып алу жөніндегі жобала- 

ры  аймақтық  үйлестіру  кеңесінде  ма-

құлданып, қаржыландырылды.



4. Құрылыс, инфрақұрылым жүйесін 

дамыту

«Қолжетімді  тұрғын  үй  -  2020»  бағ-

дарламасы бойынша 2014 жылы Жәнібек 

ауылында  10  бір  пәтерлік  тұрғын  үйдің 

құрылысы  аяқталып,  пайдалануға  беріл-

ді.  Бұл  жұмыстарды  “Символ»  ЖШС 

республикалық  бюджеттен  бөлінген  82  

млн.  619  мың  439  теңге  көлеміндегі 

қаражатқа атқарды.

«Ақбұлақ»  бағдарламасы  бойынша 

Ұзынкөл  ауылында  жүргізілген  ауыз  су 

құбырларын  қайта  жөндеу  жұмыстары 

жүргізіліп,  соның  нәтижесінде  ауыл 

тұрғындары таза су пайдалануға мүмкіндік 

алды.

«Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашы-



лығын  жаңғыртудың  2011-2020  жылдар-

ға  арналған  бағдарламасының»  аясында 

2014  жылы  29  млн.  147  мың  теңгеге  3 

көппәтелі  тұрғын  үйдің  күрделі  жөндеу 

жұмыстары  аяқталып,  тағы  1  көппәтерлі 

тұрғын  үйдің  күрделі  жөндеу  жұмыстары 

2015  жылғы  қаңтар  айында  аяқталады 

деп күтілуде.

«Азаматтардың  жекелеген  санаттарын 

тұрғын үймен қамтамасыз ету» бюджеттік 

бағдарламасы  бойынша  25  млн.  теңгеге 

Жәнібек ауылынан 1 сегіз пәтерлі тұрғын 

үй  сатып  алынып,  тұрғын  үйге  мұқтаж 

азаматтарға жалға берілді.

2014  жылы  республикалық  бюджет 

қаражаты  есебінен  Жәнібек  –  Қазталов 

республикалық маңызы бар автожолының 

20  км  бөлігіне  күрделі  жөндеу  жұмыста-

ры  басталған  болса,  аудандық  маңызы 

бар  Жәнібек  –  Талов  жолын  ағымдағы 

жөндеуден  өткізуге  және  күтіп  –  ұстауға 

облыстық  бюджеттен  30  млн.  теңге 

қаражат бөлінді.

Бұдан  басқа  1  млн.  600  мың  теңгеге 

Жәнібек ауылы ішіндегі  жолдарға  қырып, 

қалыпты  жағдайда  ұстау  жұмыстары 

жүргізілді.

Алдағы  уақытта  Жәнібек  ауылы 

М.Мәметова  көшесінде  жаяу  жүргінші-

лердің  жолын  қайта  құру  және  аудан 

орталығындағы жолдардың 10 км бөлігіне 

орта жөндеу жүргізу мақсатында жобалық 

–  сметалық  құжаттама  жасақталып, 

мемлекеттік сараптамадан өткізілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет