а қ п а р а т т ы қ т е х н о л о г и я н е г і з і н д е о қ ы т у п р о ц е с і н д а м ы т у
Химеденова З.М., оқытушы,
М.Өтемісов атындагы Батыс Қазаңстан мемлекеттікуниверситеті, Орал қ.
Қазіргі заманғы білім стратегияларын қолдану мен оқытуды компьютерлендіру,
оқытудың жаңартылған әдістерін енгізу, ақпарат жинақтау орнын құру- бағдарламада негізгі
орын алатын тұстар байқалады. Білім берудегі басты мақсат тек білімді, кәсіби
мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай жэне адамгершілігі мол,
қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттык құндылықтарды бағалауға жэне дамытуга қабілетгі,
сонымен қатар бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз бейімделе алатын
орындаушының тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Оқыту технологиясы төмендегідей мақсатгарды көздейді:
- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- оқытуды жеделдету;
- білімді тиянақтау;
- ойын толық жеткізе білу;
- шапшаңдыққа үйрену;
Ақпараттық технология негізінде оқыту процесін мына талаптарға сүйеніп жұмыс істеген
жөн:
- сабақ-конференция;
- зертгеу эдістері;
- сүхбат жүргізу;
Осындай тәсілдердің түрлерін қолдана отырып сабакты үйымдастыруды тиімді
пайдаланғанда ғана білім берудің нэтижесі оң болады. Ақпараттық технологияны оқыту
процесінде қолдану студенттің өз мамандығына қызығушылығын артгырып, шығармашылық
шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек
нарығындағы бәсекеге қабілетті маман даярлауда үлесі мол.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты қазіргі талапқа сәйкес қоғамды дамытудың жоғары
тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне- оның іргелілігі, алдын-алу сипаты жэне
осыған қол жеткізу мүмкіндігі жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі
ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады.
Ақпараттық технология қүралдары педагогикалық мақсатқа лайық қолдануды қамтамасыз
121
ететін оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық мәліметтермен бірге шім еруді ақпараттандыру
күралдарын жасайды.
«Теория мен практиканың жақындауы ең жақсы нәтиже береді, мұнда тек практика ғана
ұтпайды, оның әсерімен ғылым дамиды, ол зертгеудің жаңа салаларын ашады...»
(А.Д.Мышкист) Теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердщ қажет екеңі
даусыз. Елбасымыз «Жаңа элемдегі-Жаңа Қазақстан» тақырыбымен өткен телесабақта
интерактивті тақта, яғни өркениетті елдердің жаңа технологиясын біздің де пайдаланар күніміз
туғанын қуанышпен атап өткен болатын. Қазіргі уақытга білім ордалары интерактивті тақтамең
камтамасыз етілуде. Интерактивті оқытудың басты мақсаты- студентгердің білімдерің
жетілдіру үшін қолайлы ортаны орнату. Оіудентгер өзара қарым-қатынас арқылы еркін, ашық
түрде ез ойларын ортаға салады, бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітуге мүмкіндік
алады. Интерактивті тақтаның жетістігі:
- компьютерлік үрдістердің сол тактаның бетінде шоғырлануында;
- студент, сабақты жүргізіп тұрган оқыту үиггігінің қарым-қатынасында;
- сабақтың түтастығында;
Ақпараттық технология қүралдарын пайдалану тиімділігі:
- пәнге деген қызығушылықты арттырады;
- уақыт тиімділігін пайдалануға мүмкіндік береді;
- ез бетімен жұмыстануға ынталандырады;
- алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға үйретеді.
Ақпаратгық технологияның қыр-сырын түсінген студент өз білімін практикада шыңцай
түспек! Алдағы уақытта ақпаратгық технологиялардың дамуы еліміздің кез-келген өңірінде
жалгасын тауып, одан кейін қолданысқа енетініне сенеміз!
Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:
1. «Информатика негіздері» журналы. 2008, 2009.
2. Жукова Е.Л. «Элементы анализа учебных занятий с применением информационных технологий.
3. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы,
перспективы использования. М.: Школа-Пресс, 1994.