Интерактивтік әдіс («Inter» - бұл өзара, «act» - әрекет, қарым-қатынас) – бұл әңгіме, сұхбат және диалог режиміндегі өзара әрекет дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, тыңдаушының оқытушымен қарым-қатынасы ғана емес, сонымен қатар, бір-бірімен болған қарым-қатынасын білдіреді. Интерактивтік сабақтағы мұғалімнің ролі тыңдаушының білімді алудағы мақсатына түбегейлі жеткізу болып табылады. Интерактивтік әдіс-тәсілдер бүгінгі таңда барлық оқу орындарында кеңінен қолданылып отыр. Мысалы, шығармашылық, жұппен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, аквариум, рөлдік ойын, пікірталас, пікірсайыс және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |