|
1.3 тақырып. - Сыни ойлауды дамытудың технологиясы, оқытуда жеке тұлғалық бағдарланған әдіс.
- Сыни ойлауды дамыту технологиясы. Білімгерлер мен оқытушы іс-әрекетінің жүйесі.
- Жобалап оқыту технологиясы. Жоба бойынша жұмыстың әртүрлі сатыларында білімгерлер мен оқытушының іс-әрекет жүйесі.
- Оқытудың ықпалды технологиясы.
Сыни ойлауды дамытудың технологиясы, оқытуда жеке тұлғалық бағдарланған әдіс. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама арқылы оқушылар белгілі бір мазмұнға сын тұрғыда қарап мол ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін таңдап алуға, саналы шешім қабылдауға, сұрақ қоя білуге, әр кез сол сұраққа жауап іздеуге үйренеді, оқушы ойы дамиды. Ерекшелігі: оқушының қызығуын арттыра отырып, қиялын дамытуға арналған. Мұғалім оқушының білім алуға бағытталған әс-әрекетін бақылай алады, бағыт-бағдар береді. Оқушылар жаңа сабақты, ақпараттарды өз бетімен меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|