І. Хорезмаймағы. Қият, Үргенші, Кіші Үргенші (Хиуа), Замахшар, Хазарасп, Дарған, Фараб (Отырар), Мыңқышлақ. Солтүстік шекарасы Ақтау, шығыс солтүстігі Қаратаумен шектелген. Негізгі халқы түркілер.
ІІ. Дешт-Қыпшақ. Бұл аймақтың жер көлемі Хорезм аймағының территориясының 3/1 тең. Негізгі халқы қыпшақтар. Хан ордасы орналасқан Сарай қаласы. Мұнда Атамалик Жувейнидің хабарлауынша қыпшақ, моңғол, русь, алан, черкес, грек, бұлғар өмір сүріп, Мысыр, Иран, Сирия, Римнің саудагерлері мен саяхатшылары қаптаған қала болған.
ІІІ. Хазар. Мұнда Дағыстан жеріндегі хазарлардың ежелгі астанасы Баланжар болған дегеннен басқа мәлімет жоқ. Негізгі халқы қыпшақтар.
ІV. Қырым. Бұл аймаққа Қырым, Солхат (байырғы Қырым), Судақ, Қафа (Феодосия), Үкек қалаларымен қатар Азов бойының батыс жағының біраз жері қамтылған. Негізгі халқы қыпшақтар, аздаған орыстар. Жошы-Қыпшақ мемлекетінің сыртқы қатынас, сауда-саттықтың күре жолы болғандықтан хан ордасын жағалайтын аристрократтар, қыпшақтар және әр түрлі ұлттың өкілдері осында өмір сүрген.
V. Азов аймағы. Жер көлемі Қырым аймағының жер көлемінің 4/1 тең. Бұл аймақтың қарамағына Азов, Керчь қалалары болған.
VІ. Черкес аймағы. Жер көлемі Дешт-Қыпшақ пен Азов аймағының территориясын қосқанмен тең. Халқы қыпшақтар.
VІІ. Бұлғар аймағы. Жер көлемі Дешт-Қыпшақ пен Қырым аймағының территориясын қосқанмен тең. Хан Ордасы бұл қаланы Ақча-Керман (бүгінгі Днестровскийдегі Белгород қаласы). Екінші үлкен қаласы Сары Керман, Қырым түбегінің батыс оңтүстігіндегі ежелгі гректердің қала-ұлыс жұртына орналасқан.
VІІІ. Улак немесе Валакия. Румынияның Волахин княздігі. 1324 жылдары тәуелсіз өмір сүрген.
ІХ. Ас немесе Алан аймағы. Қырым түбегіндегі Жошының батыс Ордасының қарашалары (крепостной) көптеп орналасқан. Негізгі халқы парсы тілді, христиан дінді. Олардың басшысы түмен нояндарының дәрежесінде хан аталады. Олар бүгінгі осетиндердің бабалары. Узбек хан билігі аяқталғанға дейін аландар тау шатқалдарында шеткері өмір сүрген.