1.1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі.
1.2. Теориялық ыңғайларды шолу: Л. Уайт, З. Фрейд, К. Леви-Стросс, Э. Тайлор, О. Шпенглер, А. Тойнби, Л. Гумилев, П. Сорокин, С. Хантингтон және т.б.
1.3. Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен паттерндері(англ. cultural pattern).
Мәдениет морфологиясы Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, еріктілік пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға көмектеседі.
Құндылықтар деп, адамдар мен әлеуметтік топтардың, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттерін айтады. Құндылықтар үлкенді, кішілі, абсолютті және салыстырмалы, Материалдық және рухани т.б. түрлерге бөлінеді. Кез-келген құндылықтарды олардың типіне және деңгейіне қарап классификациялау әрқашан да белгілі бір шартқа байланысты, өйткені оларға әлеуметтік және мәдени мәндер енеді. Алайда оған қарамастан мазмұны жағынан құндылықтарды шартты түрде мына реттілікпен жіктеуге болады.
1. Виталдық құндылықтарға: өмір, денсаулық, тәнділік, қауіпсіздік, тұрмыс халі, адамның хал-жағдайы (топтық тыныштық, көңіл күй) күш-қуат, төзімділік, өмірдің сапасы, тәжірибелік, прагматикалық, тұтынудың деңгейі және т.б. жатады. Тәндік, денелілік. Кез-келген қоғамда адамның тәндігі құндылықтар өрісінің маңызын кұрайды. Тәндік сипаттама тек қана антропологиялық зерттеулердің және өлшеулердің (дененің келбеті, бойы, физикалық белгілері және т.б.) игілігі ғана емес. Әрине бұл қасиеттер арқылы адамның нәсілдік және этникалық детерминанттарын анықтауға болады. Алайда, қоғамдық мәдени факторлар көбінесе адамдардың тәнін және тәндік мәдениетін, одан әрі адамдардың сипаттамасына байланысты мінез-құлқын, қатынастарын қалыптастырады. «Мәдени тән» өмір сүруді қамтамасыз етудің механизміне түзету жасай отырып, антропологиялық және әлеуметтік тәндерден жоғары тұрады. Ағартушылық дәуірінде ол жоғары және барлығы мойындаған жетістікті мерекеледі. Буржуазиялық дәуірде дене артықшылығының, ақыл-ойдың және рухани әсемдіктің үйлесімдігі сияқты қасиеттер жедел белең ала бастады. Өнерде еркектер мен әйелдердің ең алдымен кемеліне келген кезі жоғары бағаланды. XX ғасырда Еуропа мәдениетінде адам тәнінің ақталуы, адамның соматикалық бастауын (сома, грек тілінде — организм денесі, тірі заттың, бейне бір жыныстық клеткаларында, орналасқан, өлмейтін, өзгермейтін тұқым қуалаушылық қасиеті) жетілдіретін әр түрлі мектептер дүниеге келді.